
Перизат Мырзахмет
Жұмыс бабымен әр түрлі шараларға қазақша мәтін жазамын. Жылына бір емес, бірнеше рет тапсырыс берушілермен қырыламын. «Қазақ тілі дөрекі естіледі», «Қазақша түсініксіз», «Қазақша 30, орысша 70 пайыз болсын», «Қазақша шрифт әдемі көрінбейді» және т.б. дейтін қырттармен (көбіне әкімдіктердегі қазақтар) қылыштасамын. Менің жұмысымның 70 пайызы осы төбелестен тұрады.
Өмір жолы қызық. 40 жастан асқанда туғандармен қайта табысып. Миым мен жүрегім астан-кестен боп жатыр. Қуаныш, өкініш, сағыныш - аласапыран.
20 жаста бір барғам. Ол кездегі сезім басқа. Қазір мүлдееее басқа. Жылырақ, жақынырақ, тереңірек.
Бір досым “Вы с Бекой всегда были вместе против всего мира” деген жақында. Бірақ мен ешқашан жалғыздық сезінбегем. Тылсым бір қуат-күш тіреп тұрғандай болатын. Сол күшпен таныстым.
Тамыр. Терең де мықты тамыр.
Ең қызығы ажырасқан отбасының балалары екі отбасының, екі әулеттің ортасында күйеді ғой. Ал бізді Анам туыстан айырмады. Екі Әкем шетке итермеді. Тек тамырға тарта берді. Анам туралы тек ыстық ықылас пен жақсы әңгіме естіп, пішінәй жеген балаша мәз болдым.
Қысқасы… сезім көп. Сөзім жетпей жатыр.
https://youtu.be/2GJfWMYCWY0
Көнституция насихатына жұмсалып жатқан ақшаға ішім ашып…
Күйеуім тағы да несие алып, той жасап жатқан сияқты күйдемін. Ажыраса да алмайсың)
20-25тің түсірілімінде бір қыз, бір жігіт өз оқиғаларын айтып берді. Екеуі де ойлы, саналы және жаралы. Жараны салған ең жақын адамдары - әке мен шеше. Олардың әңгімесін естіп бейжай қала алмайсың. Олар жай ғана өмір сүргісі келеді. Бірақ ана жара сыздай береді. Ұмыттырмайды. Кей әке-шешеге бала бергенше сана берсе екен дейсің.
Ұшақта қалғып кеткем. Түсімде Мархаба Сәби мен Розе (BP) дуэт айтып жатыр. Оянғанда мына идея ұнап қалды маған
🫠
Болса екен
🫶
Қайрат Нұртастың әндерін тыңдаймын. Ұнайды. Әттең командасы өте әлсіз. Арзан пиар, арзан шоуға ұмтылғыш. Шекарасын тарылтумен айналысады.
О, алдамшы өмір-ай, адамдар-ай.
“Балық басынан ажырасады”
Өзіме қатты өтті. Ажырасқан президентке бық дей алмайтындар бізге тиісе бергенде
😂
Бала болып еркелікке қанбаған соң жұрттың бәрін еркелетіп жүресің. Өз уақытында болмаған соң бәрібір қанбайсың еркелікке.