Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Qazaqstan.tv

qazaqstantv
⚡️ Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢 Айтар жаңалығыңыз, ⚠️ Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️ Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Subscribers
48 871
24 hours
3
30 days
-329
Unusual 24 hours growth
Post views
563
ER
1,15%
Posts (30d)
154
Characters in post
459
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
News
Audience gender
Male
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Government & Public Sector
Summary
February 16, 13:29
Media unavailable
4
Show in Telegram

🌷
Алматыдағы ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді
Алматыдағы ботаникалық бақта бәйшешектер гүл аша бастады. Мамандардың айтуынша, биыл алғашқы гүлдер қаңтар айында байқалып, ал жаппай гүлдеу ақпанның ортасында басталған.
🔵
Бақ әкімшілігі гүлдерді жұлмауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

February 16, 13:00
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

✉️
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
🇰🇿
🇱🇹
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады.
Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі.

February 16, 12:46
Media unavailable
1
Show in Telegram

«Ақордаға жылда келеміз. Қуаныштымыз!»
Ақыл Ақпарұлы – 26 жыл әскери салада табанды қызмет етіп келе жатқан нағыз патриот. Ол UAE SWAT Challenge додасында қазақстандық жауынгерлерге нұсқаушы болды. Еліміздің үш бірдей құрамасы 48 елден келген
109 команда ішіндегі үздік 20 қатарына кіріп,
ел абыройын үстем етті.
Қуанышын жасыра алмаған әскери қызметкер «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарламаның жаңа шығарылымы 22 ақпан 17:40-та көрсетіледі.
Видео: ulttyq_ulan_resmi

February 16, 12:29
Media unavailable
1
Show in Telegram

📚
Түркістандық 4 жасар вундеркинд бала дайындық сыныбында оқиды
Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылында 4 жастағы Әли Адамбек ерекше ойлау қабілетімен көпті таңғалдырды. Ол екі және үш таңбалы сандарды ойша есептеп, көбейту амалдарын ағылшын тілінде орындайды.
Мұғалімдердің айтуынша, Әли дайындық сыныбында оқығанымен, тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын күрделі есептерді жылдам шығарады. Сондай-ақ әліппені толық меңгеріп алған.
«Басқа балалар мультфильм көрсе, Әли ағылшын тіліндегі математикалық контенттерді қызығып тамашалайды. Ұйықтар алдында ертегі тыңдаудың орнына жарты сағат бойы есеп шығарып, көбейту кестесін айтуды өтінеді», - дейді анасы Нұргүл Мырзағали.

February 16, 12:21
Media unavailable
1
Show in Telegram

«+30°C пен -30°C арасы»: Астананың аязын сағынып келген батыр
12 ақпан Дубайдан UAE SWAT Challenge халықаралық додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Ал бүгін Мемлекет басшысы ел намысын қорғаған әскери қызметкерлерді Ақордада қабылдады.
«KAZ SWAT» D тобының мүшесі Ербол Мақажанов «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарламаның жаңа шығарылымы 22 ақпан 17:40-та көрсетіледі.

February 16, 12:20
Media unavailable
2
Show in Telegram

📌
Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті.
🔵
«Намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар! Соның арқасында көк Туымыз желбіреді. Еліміздің мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған Дубайдағы дүбірлі дода – халықаралық маңызы бар оқиға. Бұл аса тартысты жарыс деп айтсақ, қате болмайды. Себебі барлық командалар бес күн бойы өте күрделі мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген тосқауылдарды еңсеруі қажет болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының Жарлығымен
UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкер
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.

February 16, 11:37
Media unavailable
1
Show in Telegram

Денис Никиша ширек финалға шықты
Отандасымыз үшінші орын алғандар арасынан үздік төрттікке еніп, келесі кезеңге жолдама алды.

February 16, 11:37
Media unavailable
1
Show in Telegram

Абзал Әжғалиев: Көрерменнің қолдауы біз үшін маңызды
Отандасымыз шорт-тректен Олипмиада ойындарында (500 метр) мәре сызығын бірінші болып кеті.

February 16, 11:12
Media unavailable
1
Show in Telegram

📞
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
🇰🇿
🇷🇺
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.
✔️
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.

February 16, 10:42
Media unavailable
1
Show in Telegram


Астанада жаңа балалар травматологиясы ашылды
Астана қаласының
Нұра ауданында
жаңа балалар травматологиялық пункті ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың соңында елордадағы балалар саны
561 мыңға жеткен.
Осыған дейін Есіл және Нұра аудандарында қосымша балалар травмпункті болмаған.
Жаңа бөлімше шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.