Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Medet Qudaibergen

qudaibergenm
Руxани азықты қазақи таным-түсінікпен, саxабалар өмірінен сыр шертіп, ілім мен амалды қатар алып жүрудің жолы мен жөнін осы жерде бөлісіп отыратын боламын.
Subscribers
1 350
24 hours
30 days
Post views
2 259
ER
168,07%
Posts (30d)
Characters in post
312
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
December 25, 15:19

https://telegra.ph/Қasiettі-үsh-ajlar-12-25-2

October 04, 09:53

Ибраһим Пайғамбардан әкесі разы емес-ті,
Нұх Пайғамбардан әйелі және баласы,
Әз Расулдан көкесі… сіз не істесеңіз де, қанша жерден жақсы болуға тырыссаңыз да сізден разы болмайтын ата- анаңыз, әйеліңіз, балаңыз, ағайын- туыстарыңыз табылады.
Жалғыз Жаратушының разылығын күзетіңіз…

July 28, 07:22

Кімде-кім ғұсыл
алып болған соң
«
Йа, Муһаймин
»деп 100 рет қайталаса;

ол адамның сыртқы
келбеті нұрлы,
жарқырап тұратын
болады.

May 14, 13:51

Ата- анасының қаймағы бұзылмаған ортақ армандарына куә болған бала- ең бақытты бала…

May 09, 09:28

Ырзық- несібенің келуіне кедергі төрт амал:
🔸
күнмен жарысып ұйықтау
🔸
аз намаз оқу
🔸
жалқаулық
🔸
сатқындық
( ибн Қаииым, Зәду-л Мәад, 4/378 )

April 29, 18:53

Имам Матуриди:
“Алла Тағала жын-шайтанға бізге қарсы (яғни тәнімізге) ықпал етуші күш/билік бермеген, сондай-ақ оған біздің ас-суымызды және киім-кешектерімізді бүлдіретін күш бермеген. Егер жын-шайтандарға сондай билік бергенде, олар бізді құртып, азық-түліктерімізді бүлдірер еді. Оған тек қана біздің көкірегімізге (жүрегімізге) уәсуәсә салатын күш берген…”
Имам Матуриди:
“Жын-шайтан бізді мәжбүрлеуші, бізге үстемдік етуші күшке ие емес, сондай-ақ ол адамдардың тәні мен мал-мүлкіне зиян келтіретін күшке ие емес, өйткені ол әлсіз!”
“Шынында, Менің пенделеріме сенің ықпалың/билігің/күш-құдіретің жүрмейді…” деген аяттың тәпсірінде Имам Матуриди былай деген:
“Адамдарға шайтанның күш-құдіреті мен еріксіз мәжбүрлеуі жүрмейді, өйткені Алла оған адамдарға қарсы (мейлі олар қаласын, қаламасын) мәжбүрлеу күшін бермеген… ендеше “сенің оларға ықпалың/билігің жүрмейді” деген - мәжбүрлеп бағындыра алмайсың, үстемдік ете алмайсың мағынасында. Шайтанның адамдарға ықпалы тек қана оларды жамандыққа шақыру және олардың жаман істерін безендіріп, өздеріне кереметтей етіп көрсету, одан басқа түк те емес”
(Тәуиләт әһл әс-суннә)

April 16, 12:22

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..
(Асан қайғы)

February 28, 17:24

Ардақты Пайғамбарымыз аләйһи әкмәлә- т тәхия былай деп бұйырды:
“ Біздің тұтқан оразамыз бен әһли кітаптың тұтқан оразасын айыратын - сәресінде жейтін тамақ” .
( Мүслім, Сыйам, 46 )
Тұтқан оразаларыңызды Алла Тағала қабыл еткей. Таңда жейтін сәресіне немқұрайлық танытпаңыз

February 28, 17:13

“ Кімде- кім Рамазан айының алғашқы түні “
Фәтіх
“ сүресін үш рет оқыса, Алла Тағала ол кісіні бір жыл бойы;
🔸
барлық бәлекеттерден қорғайды
🔸
ырзық- несібесін мол қылады
🔸
басқа адамдарға кіріптар етпейді
🔸
барлық тілектерін қабыл қылмақ”.
( Мұхаммед Хаққы ән- Назыллы, Хазинәту- л Әсрар 37- бет,
Ысмайыл Хаққы Бусрауи, Руху- л Баян тәпсірі )

February 28, 10:03

10 күндік рухани сапарда үш мәселе төңірегінде әңгіме өрбіледі
🔸
Пейішке апарар тура жол
🔸
Берекет бағыты
🔸
Адамзат өмірінде, рухтың 99% маңызды екенін білесіз бе?