
қыр баласы
Сендер өткенді сағынасыңдар ма?
Артта қалған уақытты, сәттерді, естеліктерді ұмыта алмайды екем. Керісінше, ойламаймын деген сайын байлана берем, бірақ баяғыдай ауырлық жоқ, күліп, қуанып, жеңіл еске алам.
Шерхан Мұртаза өзінің “Ай мен Айшасында” Париж барғанын, Мысырда болғанын, Нью-Йоркті көргенін, алайда осының біреуі де түсіне кірмей, ұйықтаса тек балалық шағы, анасы Айша көз алдына келетінін жазады емес пе.
Мен әлі әлем аралағам жоқ, жасым 24-те ғана, бірақ көп жұмыс ауыстырдым, араласпаған адамым қалмады, қаншама қызыққа куә боп үлгердім, қазір Астанада әбден орнығып қалдым.
Енді осының ешқайсы да Қарағандыда жүрген кезімдегідей жайлылық, еркіндік, жылулық пен бақытты сездіре алмады. Тіпті “алаңсыз” деп сипаттайтын балалық шағымның өзі студенттік өмірімдегідей бейқам болмады-ау…
Ондағы достарым, ортам, бірге оқығандар, бірге жүргендер, ақылын алғандар, қамқорлығын көргендер, арысы жай ғана таныс болғандардың өзі ерекше ыстық.
Елордада ондай адамдарды аз кезіктірдім, ешкім ешкімнің орнын баса алмады. Қайта қастығы, өтірігі, теріс пиғылы көп. Өзімнің де өзгеге шуақ шашып, елегізіп жүргенім шамалы...
Бұлай жазуға осы арна мен ондағы оқырмандар түрткі болды. Баяғы көне көз жақындарды, өзімдей көретін жанға айналғандарды, алыстан қолдауын, жанашырлығын, ақ пейілін сезетін адамдарды байқап қалдым. Тең жартысы - сол Қарағандыда жолыққандар.
Сол үшін бұл қала маған мәңгі жақын, мәңгі ыстық. Үнемі асығып, ынтығып тұрам. Ұмыта алмаймын. Ойлап жүрем. Ойлаған сайын бақытқа кенелем.
Әлі күнге арнаның оқырманы боп қалған әрқайсыңа рақмет! Мені "қыр баласы" деп танитындарыңа алғыс! Аман болыңдаршы!
Сол арманның асқарына жете алам ба?
Сол арманның айдынынан өте алам ба?
Айырылмас қос аққудай қатар жүзіп,
Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба?
Мүмкіндік тағы берілсе
Өзіңнен қайта туар ем
МАМА
🤍
- "О" әрпінен басталатын күшті сөз айтшы
- Орда...
Мына әнді де сақтап алыңдар. ЖИ орындаған нұсқасын тыңдап жауыр болған шығарсыңдар. Нұржан Керменбаев одан артық айтып тастапты
🙂↕️
Тағдырың таспа
Жазылған тасқа.
Қиын сәттерді
Сүруден қашпа!
Үш жыл бұрын шықса да енді тыңдап, енді ұнатып жүрмін
✨
Қалдарың қалай? Жақсы болса ерінбей “жақсы” деп жаза салыңдаршы, біле жүрейін
🫂