
ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адам тапқың келсе жақсы сөйлеп жақсылық жаса, - деген керемет ғибратты сөз бар. Жақсыны іздемес бұрын, алдымен өзіміз жақсы болып, жақсы сөйлеуді үйрену керек секілді.
وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ
«Кім Аллаға және де қиямет күніне иман еткен болса, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»
(Бухари)
🌸
Пайғамбарымыз ﷺ айтты :
«Адамдардың (сен тарапыңнан) көруін қаламайтын нәрселерді оңаша қалғанда да істеме»
— бетіңе күлгенді емес,
қадіріңді білгенді қадірле.
https://youtu.be/jOXxAwooGYc?si=rfeLJ_0qwjj_aFli
"Менмендік (өзімшілдік) - көзге тағылған айна сияқты. Қайда қараса да өзінен басқасын көрмейді".
Мəулана Руми
Құран тыңдау — бұл жай әуен емес, бұл — құлшылық.
Жүректі ең терең жерінен жұмсартатын бір тыныс.
Сондықтан Құранды тыңдауды өміріңізге әдет қылып алыңыз.
Бәлкім бір сәт — бір ғана аят…
сіздің жүрегіңізге дәл қажетті сәтте тиіп,
көзіңізді ашып,
көңіліңізге жарық шашып,
көптен бері ішіңізде тығылып қалған тұманды сейілтер.
Бәлкім сол бір аят,
сіз тіпті өзіңіз байқамай,
иығыңыздан сипап,
жан жараңызды емдеп, сізді жұбатып қояр…
Жомарт Ұстаз
«Кімде-кім харамнан тыйылып, арын таза ұстауға тырысса, Алла оны арлы қылады. Ал кімде-кім қолда барға қанағат қылып, ешкімнен тіленбесе, Алла оны көңілі тоқ қанағатшыл етеді. Сондай-ақ, кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Алла оған терең сабыр береді. Ешбір жанға сабырлылықтан үлкен әрі қайырлы сый бұйырмаған»
📚
Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.)
Мезгілсіз өлімнен емес,
Намазсыз өлімнен қорық.