
Тимурдан Инфо | it&tech
Analytics Vidhya деген акаунтты оқыңыздар.
(Бұл өмірде Гугл деген зат барын ұмытпаңыздар, жарай ма? Қайдан деп сұрамаңыздар).
ЖИ-ге қатысты, промпт инжинириң, ЖИ агент құру, үлкен тілдік модельдерге қатысты өте көп информация жариялайды.
Әсіресе, студенттер мен жас мамандарға ұсынамын.
Қазақ тілінің жанашырларына!
Мына жақта жігіттер қыруар шаруа жасапты.
“Қазақ тілінің тасымал сөздігі, бастапқы нұсқа, қате жетеді, сын керек” дейді.
Айтпақшы, осы ред тимде жұмыс істейтіндер, этикал хакерлер бар ма арамызда?
Программистер, қайдасыңдар?
Түсіндіруді сұраймын.
Әсіресе, дәл қазір бір компанияда программа жазып жүргендер айтыңыздаршы?
Бүгін тредсте Каспий Тревелге Джун іздегег эйчардың вакансия скриншоты қатты тарап жатыр.
Барлығы “Енді джундарға DSA білу керек екен. Бұл туралы Каспийдің эйчары жазды” дейді.
Ал мен мына жақта түк ұқпай отырмын. Вроде мәліметтер құрылымы мен алгоритмдер деген базаның базасы емес пе? Ол неге жаңалық болу керек?
Қазақстан билігі елдің алтын және валюта резервінен $350.000.000 қаражат бөліп, криптовалюта нарығына шықпақшы.
- Қазақстанның қаржы реттеушілері елдің алтын және валюта резервтерінің бір бөлігін криптовалютаға инвестициялауға бөлу туралы шешім қабылдады.
- Ұлттық Банктің еншілес ұйымы – National Investment Corporation (NIC) – криптонарыққа шығу үшін резервтерден 350 млн доллар алды.
- Алғашқы кезеңде NIC криптовалютаны тікелей сатып алмайды, қаражат хедж-қорлар және венчурлық қорлар арқылы жанама түрде инвестицияланады.
- Бұған дейін Қазақстан билігі көлемі 1 млрд долларға дейін жететін ұлттық цифрлық активтер резервін құру жоспарын жариялаған, оның бір бөлігі тәркіленген және шетелден қайтарылған активтерден құралады.
- Қор криптобиржа ETF-тарына және криптоиндустрияда жұмыс істейтін компаниялардың акцияларына да инвестиция салуды көздейді.
- Бұл ақпараттың негізгі ресми дереккөзі, 350 млн доллар туралы жаңалықты алғаш жариялаған тұлға – Қазақстан Ұлттық Банкінің төраға орынбасары Алиa Молдабекова. Ол бұл туралы Annual Business Review форумы кезінде айтқан.
@timurdaninfo
ЖИ туралы кітап жазып жатырмын деп едім ғой?
Бір оқып шығып едім, солайымен өртеп жібергім кеп тұр…
😆
Бүгінгі күннің топ жаңалығы болды мен үшін. Жастар молодец
🔥
Видеопост қалай сіздерге? Формат ретінде қолайлы ма? Әлде текстпен жаза берейін бе?
2000 жыл. Универ. Инженер-программист мамандығы.
Оқытушымыз Norton Commander үйретіп жатыр. “Заман - Windows заман. Уақыт құртып не үшін оқып жатырмыз бұл Нортон Коммандерді?” деген сұрағыма “Көп адамдар осымен жұмыс жасағанды ұнатады” деп жауап берді. Мен түсінген адам сияқты “Ааа…” деп қоя салдым. Сол кез есіме түссе әлі жыным келеді.
Арада неше жыл өткеннен кейін барып ол оқытушы басқаша жауап беру керек еді деген ой келіп, Norton Commander не үшін керегін түсіндім. Бірақ тым кеш түсіндім. Қажеті жоқ боп қалғанда.
Ол, негізі: “Сіздер инженер-программиссіздер. Мамандықтарыңызға байланысты үнемі GUI ортада, яғни Windows-пен жұмыс істемейсіздер. Көбінесе командалық жолда, ms-dos-та жұмыс істеуге тура келеді. Сол кезде файлдар, папкалармен көп жұмыс істегенде, NC көмекке келеді. Барлығы көз алдыңда, қол астыңда тұрады” деп жауап беру керек еді.
Мұны не үшін айтып отырмын? Қазір де өте көп адамдар ІТ мамандықта оқып жатыр. Оларға да біздің кезіміздегі сияқты көп нәрсені дұрыс түсіндірмей жатқанына сенімдімін. Ал студент оқытушыдан ең басты “Осының барлығы не үшін?” деген сұраққа жауап алып шығуы керек. Көкейінде “Не үшін?” деген сұрақ қалмаған студенттен жақсы маман шығады. Не үшін оқып жатқанын білмейтін студент те, не үшін оқытып жатқанын білмейтін оқытушы да зиян ғой…