Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Үйде жатпа!

uidezhatpa
Оқы, ойла, дамы! Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған. • Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар • Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес • Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Subscribers
9 530
24 hours
30 days
-50
Unusual 24 hours growth
Post views
3 080
ER
32,32%
Posts (30d)
Characters in post
1 840
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
News
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Media & Communication
Summary
September 10, 11:38
Media unavailable
1
Show in Telegram

💡
💡
💡
💡
💡
💡
💡
Өз ісіңізде үздік болудың 5 жолы
Уақытыңызды тиімді жоспарлап, мақсаттарыңызға жылдам жетіңіз!
1️⃣
- қадам. Уақытты дұрыс жоспарлаңыз
Кайдзен әдісіне сәйкес:
- Күн сайын 1 минутыңызды қиын көрінетін істерге арнаңыз (кітап оқу, шет тілін үйрену).
- Нәтижесінде, бір апта ішінде 7 минут жұмсау арқылы 7 күнде тұрақты дамуды көресіз.
- 30 күнде бұл 30 минутқа дейін артады, ал алты ай ішінде күн сайын шамамен 3 сағат нәтижелі әрекет жасайсыз!
2️⃣
- қадам. Мақсаттарыңыздың тізімін жазыңыз
Зерттеулерге сәйкес, қағазға жазылған мақсаттардың орындалу мүмкіндігі 42%-ға жоғары.
Мақсаттарыңызды қалай жіктеу керек:
- Үлкен мақсатты 5-10 кіші мақсатқа бөліңіз.
- Әр кіші мақсатты орындауға 3-5 қадам жасаңыз.
- Мақсатыңызға қарай күнделікті 1-2 сағат жұмсап, оларды кезең-кезеңімен орындаңыз.
3️⃣
- қадам. Ерте ұйықтап, ерте тұрыңыз
- Таңертең ерте ояну арқылы күніне орта есеппен 2-3 сағатыңыз артық болады.
- Бұл жылына шамамен 700 сағатқа дейінгі қосымша өнімділікке тең
Зерттеулерге көз жүгіртсек, ерте тұратын адамдардың 58%-ы күні бойы сергек әрі көңілді жүреді. Сонымен қатар басқаларға қарағанда жоғары табысқа жете алады.
4️⃣
- қадам. Спортпен айналысыңыз
- 30 минутқа созылған күнделікті жаттығу көңіл күйді 50%-ға жақсартады.
- Жаттығу арқылы миға баратын оттегі 30%-ға артып, ойлау қабілеті жоғарылайды.
- Аптасына 3 рет спортпен айналысу физикалық шыдамдылығыңызды 15%-ға еселейді.
5️⃣
- қадам. Миыңызды жаттықтырыңыз
- Күніне 20-30 минут кітап оқу ми белсенділігін 68%-ға арттырады.
- Логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу ми жұмысын 20%-ға жақсартады.
- Шет тілін үйрену нейрон байланыстарын 60%-ға дейін күшейтеді.
Ми жұмысын дамыту арқылы жұмысқа деген тиімділігіңізді 2 есе арттыруға болады.
Есіңізде болсын, мақсатыңыз айқын болса, жетістікке бір табан жақындай аласыз!
Осы орайда Абайдың:
Талап, еңбек, терең ой;
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс, көнсеңіз, - деген өлең жолдары көкірегіңізге сәулелі нұр құйып, алға жылжуыңызға түрткі болары сөзсіз.

September 10, 05:04

💡
📆
📆
📆
📆
📆
10 қыркүйек
🌷
10 қыркүйекте түрлі-түсті гүл шоқтары күні аталып өтеді.
Бүгін кез келген адамға күзгі гүл шоқтарын сыйлай аласыз. Мәселен, қашқаргүл (астра), нарғызгүл (георгин), баршынгүл (гладиолус), бақытгүл (хризантема) сынды гүлдердің ашық түсі мен тамаша реңкі көз қуантып жатады. Түрлі-түсті гүл шоқтары күні - “барқыт маусымы”әрі “қоңыр күз” мерекесімен тұспа тұс келеді. Әдетте, қыркүйек байламдары жидектерден немесе дала гүлдерінен жасалады. Сондай-ақ осы күннің құрметіне орай бүкіл әлемде гүл өсірушілердің көрмелері мен байқаулары өтеді.
Бүгін сүйіктіңізге бір байлам гүл немесе түрлі-түсті жапырақ беруді ұмытпаңыз!
👋
10 қыркүйек - Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні.
Өз-өзіне қол жұмсау соғыстар мен кісі өліміне қарағанда көп адамның арасында белең алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, суицидтен көз жұматындардың жалпы саны қазір жылына бір миллионға таяп қалды. Яғни, әр 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсап өледі. БҰҰ-ның айтуынша, АИТВ, безгек және сүт безі қатерлі ісігінен гөрі суицидтен көп адам қайтыс болады. Жаңалықтарға құлақ түрсең, Қазақстанда да жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл күннің мақсаты - адамдардың назарын қайғылы статистикаға аударта отырып,  суицидтің алдын алуға шақыру.
👥
10 қыркүйек - қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні.
132 жыл бұрын саясаткер, ғалым, публицист, біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күреске қатысушы Сұлтанбек Қожанов (1894-1938) дүниеге келді.
Қоғам қайраткері Ленинмен әңгімелескеннен кейін халқымыздың патша тұсында бұрмаланған “қырғыз-қайсақ” атауы Бүкілодақтық съезде тарихи “қазақ” болып түзетілді. Сондай-ақ оның табандылығының арқасында Қарақалпақстан, Сырдария облысы, Мырзакөл, Бостандық, Шыршық уездері Қазақ АКСР-ге енді.
Кеңес өкіметі оны өлім жазасына кесіп, ату жазасына кесті. 1957 жылы ол ақталды.
Сондай - ақ 76 жыл бұрын "Дос-Мұқасан" вокалдық-аспаптық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі әрі солисі Шәріп Омаров (1948-2007) дүниеге келді.
Шығармашылық мансабынан кейін ол өзін мемлекеттік және дипломатиялық қызметке арнады. АҚШ-тың Небраска штаты мен Линкольн қаласының Құрметті азаматы.
Сізге "Дос-Мұқасан" тобының қай әні ұнайды?
👥
10 қыркүйекте атақты екі шығармашылық тұлға өмірге келді.
93 жыл бұрын “Сән патшасы” атанған әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд (1933-2019) дүниеге келді.
Өзінің талғампаз стилімен көпшіліктің жүрегінен орын алған неміс кутюрьесі туған жылына байланысты әртүрлі дерек айту арқылы  шынайы жасын жасырғанды ​​ұнататын. Ол қайтыс болғанға дейін итальяндық Fendi сән үйінің және француздық Шанельдің тұрақты бас дизайнері болып қызмет етті. Сәнгер олармен өмір бойына келісімшарт жасасқан болатын.
Сонымен қатар ол Карл Лагерфельд сән үйінің негізін қалады.
Бүгін криминалдық комедия жанрының үздік шебері саналатын британдық режиссер Гай Ричи 56 жасқа толды.
Оның “Карта, ақша, екі діңгек”, “Жұлдыз”, “Шерлок Холмс”, “Джентльмендер”, “Адамның қаһары” және т.б фильмдері бәрімізге белгілі. Өнер иесі әнші Мадоннамен 7 жыл шаңырақ көтерді. Гай Ричи - каратэ, дзюдо және джиу-джитсудан қара белбеу иегері.
Сізге Гай Ричидің қай фильмі ұнайды?
#күнтізбе
#10қыркүйек
#гүл
#суицид

July 01, 10:56

Үйде жатпа!
pinned «
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады! Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған…
»

July 01, 09:39

July 01, 09:39

Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!
Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.
Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.
Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Бүгін біз маусым айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!
Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз желтоқсан айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.
Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді
👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл
Сонымен, қараша айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣
ҚАНАТГАУҺАР
2️⃣
Omirzakkyzy
3️⃣
Perizat
4️⃣
@karrwme
5️⃣
Гүлназ
(Кестеде толық мәліметтер берілген.)
Ең үздік комментарий үшін
@Azamattrg
оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.
Ескерту:
❗️
1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.
❗️
Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.
Біз сізге айтқымыз келеді: біздің редакция үш жыл бойы демалыссыз сіздер үшін еңбек етті. Енді шілде айында біз бір айлық демалысқа шығамыз. Баршаңызға шуақты жаз бен жақсы демалыс тілейміз!
Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы
☑️

June 30, 15:39
Media unavailable
4
2
Show in Telegram

💡
📰
📰
📰
📰
📰
📰
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз
📍
💪
1 шілдеден бастап қазақстандық банктер мен “Қазпошта” шоттар мен салымдар туралы Ұлттық банкке жаңа форматта есеп тапсырады
Жаңа заң күшіне еніпті
🟢
🙌
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынды
Тоқаев бетті тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды
📌
🫂
Қыркүйекте стипендия тағы көтеріледі
Тамаша!
😍
💡
Енді қыз алып қашқандар сотталады
Абай болыңыздар!
📍
👇
Толығырақ сайттан оқыңыз
👇
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-107/
#Қазақстан
#Жаңалықтар
#Ұлттықбанк
#бетәлпет
#стипендия
#қызалыпқашу

June 30, 07:45
Media unavailable
1
Show in Telegram

💡
💡
💡
💡
💡
💡
💡
FILA әдісі: Уақыт пен міндеттерді басқарудың тиімді тәсілі
FILA әдісі — уақытты және міндеттерді басқарудың құрылымдалған әрі икемді жүйесі. Бұл тәсіл әсіресе студенттер, зерттеушілер, кәсіпкерлер мен өзін-өзі дамытуға ұмтылатын жандар үшін пайдалы. Әдістің атауы төрт негізгі элементтен тұрады:
• F – Facts (Фактілер)
• I – Ideas (Идеялар)
• L – Learning (Оқу)
• A – Action (Әрекет)
FILA әдісінің 4 қадамы
1️⃣
Фактілер (Facts)
Жұмысқа кіріспес бұрын қажет ақпаратты жинаңыз және саралаңыз. Бұл кезеңде зерттелетін тақырып, жоба немесе тапсырмаға қатысты нақты мәліметтер анықталады. Мысалы, бастапқы деректер мен ережелерді жүйелеу.
2️⃣
Идеялар (Ideas)
Жинақталған ақпарат негізінде жаңа идеялар мен жұмыс бағыты ұсынылады. Мақсатқа жетудің балама жолдары қарастырылады, жоспар түзіледі.
3️⃣
Оқу (Learning)
Жетістікке жету үшін қандай білім мен дағдылар қажет? Бұл кезеңде жаңа ақпараттар меңгеріліп, курстар, тренингтер немесе практикалық жаттығулар арқылы білім тереңдетіледі.
4️⃣
Әрекет (Action)
Соңғы қадам – нақты іске көшу. Жоспар орындалып, жұмыс барысы бақыланады, нәтижелер сарапталады.
FILA әдісін уақытты басқаруға бейімдеу
📍
Мақсатты айқындау
• Күндік, апталық, айлық мақсаттарды нақты қойыңыз.
• Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттерді бөліп көрсетіңіз.
📍
FILA-кесте жүргізу
• Әр күнге арналған жеке жоспарды FILA құрылымымен құрыңыз.
• Жұмысыңызды күнделік немесе электронды жүйеде жазып отырыңыз.
📍
Фокус пен басымдық
• Маңызды әрі шұғыл істерді бірінші кезекке қойыңыз.
• Уақытыңызды қажетсіз немесе төмен басымдықтағы тапсырмаларға шығындамаңыз.
📍
Үзілістер мен тынығу
• 45-60 минут жұмыс істеп, 5-10 минут демалыс жасаңыз.
• Әлеуметтік желілер мен алаңдатушы факторларды шектеңіз.
📍
Нәтижелерді талдау
• Күн соңында немесе апта соңында жоспарланған және орындалған жұмыстарды салыстырыңыз.
• Тиімділікті арттыру үшін қандай өзгеріс енгізу қажет екенін анықтаңыз.
FILA әдісінің артықшылықтары

Жүйелілік – Әр қадам нақты құрылымға негізделеді.

Тиімділік – Уақыт жоғалтпай, басымдыққа ие істерге көңіл бөлінеді.

Икемділік – Әдіс кез келген сала мен адамға бейімделе алады.

Үздіксіз даму – Жаңаны үйренуге, дағдыны жетілдіруге жол ашады.
FILA — уақытыңызды басқарудың ақылды тәсілі.
Күнделікті өмірде, жұмыста, оқуда – қай салада қолдансаңыз да, сіздің өсуіңізге, тәртіп пен мақсатқа ұмтылысыңызға септігін тигізеді.
#қазынакеңес

June 30, 03:30
Media unavailable
1
Show in Telegram

💡
📆
📆
📆
📆
📆
30 маусым
🙌
30 маусым — Дүниежүзілік әлеуметтік желі күні.
Бұл мерекенің пайда болуы кездейсоқ емес. Өйткені әлеуметтік желілер сандық кеңістікте көп уақыт өткізетін заманауи адамдардың өмірінде маңызды рөл атқара бастады. Әлемдегі әрбір адам әлеуметтік желіге күніне орта есеппен 144 минут жұмсайды екен.
Сіз әлеуметтік желісіз бір күн өмір сүре аласыз ба?
💪
Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық астероидтар күні аталып өтеді.
1908 жылы 30 маусымда Сібірге Тунгус метеориті құлады. Жарылыстың күші атом бомбасындай болды. Себебі дауысы мыңдаған шақырым жерге дейін естілді. Бұл күн қоғамның астероидтар қаупі туралы хабардарлығын арттыруға және нақты қауіп төнген жағдайда қандай әрекет жасау керегін үйретуге бағытталған. Қазақтың ең атақты метеориті Аягөз маңында 1840 жылы құлаған. Оның салмағы 2,8 келі. Ол “Қаракөл” деп аталды.
🫂
30 маусымда әлемде қызық екі оқиға орын алды.
1894 жылы Лондонда әйгілі Tower Bridge көпірі ашылды.
Оның құрылысын жүргізу барысында 8 жыл бойы 400-ден астам жұмысшы еңбек етті. Осы жылдар ішінде Тауэр көпірі Биг-Бенмен қатар Лондонның басты көрікті жерлерінің біріне айналды.
Сонымен қатар 1905 жылы 30 маусымда Альберт Эйнштейн “Қозғалыстағы денелердің электродинамикасы туралы” мақаласында арнайы салыстырмалылық теориясының негізін қалады.
Ол өткен ғасырдың басында әлем туралы жалпы қабылданған идеяларды өзгертті. Бұл әлі күнге дейін ғалымдардың санасы мен жүрегін толғандырады.
👥
30 маусымда өмірге келген атақты спортшылар.
Бүгін әлемдегі ең атақты спортшы Майкл Фелпс 40 жасқа толды.
Ол 23 дүркін Олимпиада және 26 дүркін әлем чемпионы. Сондай-ақ бірнеше дүркін әлем рекордшысы атанды. Осы жетістіктері үшін оған “Балтимор оғы” және “Ұшатын балық” атағы берілді.
Сонымен бірге бүгін бокс тарихындағы ең атақты жауынгерлердің бірі Майк Тайсон 59 жасқа толды.
Ол күні бүгінге әлі дейін алып күшке ие әлемдік рекордтардың иесі. Ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы (20 жас 144 күн); ең жас абсолютті әлем чемпионы (21 жаста) және т.б. Спортшы ислам дінін ұстанып, өзіне арабтың Малик Абдул Азиз деген есімін алды.
Спортпен шұғылданыңыз және жаңа рекорд орнатыңыз!
#Күнтізбе
#Мереке
#Ерекшекүн
#әлеуметтікжелілер
#қазақметеориті
#Тауэркөпірі
#Салыстырмалықтеориясы
#Туғанкүндер
#Танымалтұлғалар
#МайклФелпс
#МайкТайсон

June 29, 14:22
Media unavailable
1
Show in Telegram

💡
💫
💫
💫
💫
💫
💫
💫
30 маусым – 6 шілдеге арналған қаржылай жұлдыз жорамал
♈️
Апта күтпеген қаржылай мүмкіндікпен басталуы мүмкін. Тоқтылар бір жерде сенімді дауыспен сөйлеп, байқаусызда жобаның жетекшісіне ұқсап қалуы ғажап емес. Сол сәтте ақша да соған ілесіп келеді. Ең бастысы — тартынбаңыз, өзіңізге сеніңіз және артқа қарамаңыз. Өйткені қаржы сенімділікті жақсы көреді…
♉️
Бұл аптада Торпақтар үнемшілдіктің шеберіне айналады. Тіпті Wi-Fi-дың өзі «маған енді қажет жоқ шығар» деп өшіп қалуы ғажап емес. Алайда жұлдыздар ескертеді: өзіңізді қуантуға да ұмытпаңыз. Кем дегенде, дәмді бір бәліш алыңыз — бұл көңіл күйге салынған шағын, бірақ маңызды инвестиция.
♊️
Апта бойы Егіздер әрі үнемдегісі келіп, әрі көзге түскеннің бәрін сатып алғысы келеді. Соңында олар жеті түрлі қажетсіз затты жеңілдікпен алып, мұны «керемет қаржылай шешім» деп өздерін жұбатады. Дегенмен, расын айтқанда, бақыт кейде ақшаның өзінде емес, тосыннан кездескен жеңілдіктерде жатады.
♋️
Шаяндар аптаның басында әр тиынды есептеп, бәрін бақылауда ұстайды. Алайда аяқасты жүректің қалауы оянып, жан рахаты үшін бір ерекше затқа қаржы жұмсап қоюы мүмкін — мысалы, ақша иісі аңқыған хош иісті шамға. Қаржылай жағдайы тұрақты, тек кейде сезім мен логика арасындағы тепе-теңдікті сақтау қиынға соғуы мүмкін.
♌️
Арыстандар, сіздер мәртебелі тұлғасыздар, бірақ жұлдыздар алтын тағыңыз әзірге бюджеттен тыс екенін ескертеді. Дегенмен, сіздің ең басты қаруыңыз — табиғи харизма! Оны пайдаланып көріңіз: жеңілдік алыңыз, бонустар сұраңыз немесе болмағанда — кассирден бір жылы сөз естіп қайтыңыз.
♍️
Апта сіз үшін есеп пен тәртіп аптасы болады: түбіртектерді түгендеп, әр жұмсалған теңгенің ізіне түсесіз. Иә, сіз — қаржы сараптамасының нағыз гуруысыз. Бірақ кейде бір кесе кофенің бағасын білмей-ақ қою — өзіңізге деген мейірімділік екенін ұмытпаңыз. Бұл да — махаббаттың бір түрі.
♎️
Таразылар бұл аптада «жинау керек» пен «өмір бір-ақ рет» деген екі ойдың арасында тербеледі. Ақыры, «өмір» жеңеді. Бірақ өкінбеңіз. Бір әдемі ұсақ-түйек сатып алып, оны интерьерге құйылған инвестиция деп қабылдаңыз — бұл да жан рахаты үшін керек.
♏️
Апта барысында Сарышаяндар байып кетуге деген ерекше шабыт сезінеді. Мүмкін, «Ештеңе істемей-ақ миллион табу» атты онлайн-курс ашып көрерсіз? Жоқ, ашпасаңыз да — жұлдыздар сіздің табиғи тартымдылығыңыз ақша мен тегін дүниелерді өзіне тартатынын еске салады.
♐️
Бұл апта “Шопинг — жанға дауа” деген ұранмен өтеді. Бірақ абай болыңыз: интернет-дүкеннің себеті — қара құрдым секілді, бәрін өзіне тартады. Қаржылай тепе-теңдікті сақтау үшін “Тапсырысты рәсімдеу” түймесін тек ішкі тыныштықпен басыңыз.
♑️
Тауешкілер бұл аптада қаржы империясын құруға бел буады. Бюджет жоспарлаудан бастайды, бірақ Excel кестесіндегі түс таңдауда тұрып қалуы мүмкін. Жұлдыздар кеңес береді: жоспар құру жақсы, бірақ іс жүзіндегі әрекет те маңызды.
♒️
Суқұйғыштардың ойына осы аптада ерекше идеялар келеді: бұлттан табыс табу, мемдер арқылы ақша жасау, лифтідегі би арқылы стартап бастау — бәрі де мүмкін көрінеді. Ұялмаңыз! Бәлкім, әлем дәл сіздің идеяңызды күтіп жүрген шығар. Бірақ алғашқы күні бәрін жұмсап тастамауды да ұмытпаңыз.
♓️
Балықтар ағынмен жүзіп келеді… тура маңайдағы жеңілдікке қарай. Апта жеңіл, романтикаға толы өтеді. Қаржы да қолдап тұрады, тек жүрекпен емес, картамен (мейлі кешбэкімен болса да) төлеуді ұмытпаңыз.
Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін!
Айта кетейік, ақша әзіл мен көтеріңкі көңіл күйді ұнатады!
Бұл жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалған. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.
#Жұлдызжорамал
#Апталықжұлдызжорамал
#Қаржы
#Болжау

June 29, 09:01
Media unavailable
1
Show in Telegram

💡
📰
📰
📰
📰
📰
📰
🦉
Сіз түнде осы жұмбақ дыбы ты естідіңіз бе?
Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз
👍
https://youtube.com/shorts/wZOe45CEGko
#сова
#жаңалықтар
#новости
#птица
#үйдежатпа
#рек
#казахстан
#алматы
#сплюшка