Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

ULYSMEDIA.KZ

ulysmedia
ULYSMEDIA- ашық ақпарат алаңы https://qaz.ulysmedia.kz/
Subscribers
5 169
24 hours
1
30 days
19
Post views
386
ER
7,47%
Posts (30d)
137
Characters in post
1 154
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Politics
Audience gender
Male
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Media & Communication
Summary
February 16, 12:45
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Германия талабы: Орталық Азия елдері Ресейге көмектеспеуі керек
Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Берлинде Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен өткен саммитте Германияның өңірмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Вадефуль Орталық Азия елдерін Ресейге қарсы Еуропалық одақ санкцияларын айналып өтуге қарсы күресті күшейтуге шақырды. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер ЕО-ның қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Министр Еуроодақтың геосаяси сын-қатерлер аясында өңірде өз қатысуын кеңейтуге, сенімділік пен тұрақтылық ұсынуға ұмтылатынын атап өтті.
Ұзақмерзімді мақсат — Қытай мен Ресей мүдделері тоғысқан аймақта орналасқан Орталық Азиямен Еуропаның байланысын нығайту. Сондай-ақ Германия экономикалық байланыстарды әртараптандыруға, әсіресе шикізат жеткізу бағытында мүдделі екенін жеткізді.
— Орталық Азия геосаяси мүдделер тоғысқан аймақта орналасқан және Қытайдың бар әрі күшейіп келе жатқан ықпалына, сондай-ақ Ресей тарапынан төнетін қауіпке қарсы тұруы тиіс. Ресейдің басқыншылық соғысына жауап ретінде біз оның әскери машинасын тежеу мақсатында ауқымды санкциялар енгіздік. Бүгін мен мына нәрсені анық айтқым келеді: Ресейдің агрессиялық соғысын айналып өту мен қолдау Еуропалық одақтың қауіпсіздік мүдделеріне тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінен санкцияларды айналып өтуге қарсы күресті күшейтіп, Еуропалық одақпен тығыз үйлесімде әрекет етуді сұрадым, — деді Йоханн Вадефуль.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 11:10
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Астанада партиялар, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер жалпыұлттық коалиция құрды: қандай жұмыс атқармақ
Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы қалалық штабының ашылуы өтті.
5 партия, 300-ден астам ұйым жалпыұлттық коалицияға бірікті
Шараға еліміздің жетекші қоғамдық-саяси қауымдастық өкілдері қатысты. Қалалық коалицияға әртүрлі жастағы түрлі саланың 200-ге жуық өкілі қосылған. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, заңгерлер, депутаттар, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, белсенді жастар, педагогтар, сонымен қатар Қазақстан халық партиясы, «Respublica», «Ауыл», «Ақ жол» партияларының жетекшілері мен өкілдері бар.
Қалалық штаб төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, рефрендум жарияланбай тұрып, тікелей эфирде өткен Конституциялық кеңес отырыстарында талқыланған кейбір мәселелерді халыққа дұрыс жеткізбей, бұрмалап жіберген сәттер бар. Сондықтан, алдағы уақытта штаб мүшелері сондай олқылықтарды түзеп, халыққа Конституцияны дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 10:20
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ресейдің БАҚ-тары РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеме жасап
хабарлады
.
Әзірге әңгіме барысында қандай мәселелер қозғалғаны белгісіз.
Песковтың айтуынша, келіссөздің мән-жайы кейінірек жарияланатын болады. Сөйлесуге Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысқан.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген
сұқбатында
2026 жылы Путин Қазақстанға келетінін хабарлаған болатын.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 08:59
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Қазақстанның үш қаласында ресейлік мектептер ашылады
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында ресей-қазақстандық бірлескен мектептер ашу жоспары бар екенін мәлімдеді. Дипломаттың айтуынша, бұл оқу орындары «Сириус» тәжірибесіне негізделіп, орыс тілі, математика және жаратылыстану ғылымдарын тереңдетіп оқытуға бағытталады. Сонымен қатар, мектеп түлектері Қазақстандағы ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарына түсу мүмкіндігіне ие болады.
— «Сириустың» табысты тәжірибесі басқа да білім беру бастамаларын жүзеге асыруда жол көрсететін жұлдыз болады деп үміттенемін. Ең алдымен, бұл — біздің президенттеріміздің Қазақстан мен Ресей қалаларында бірлескен мектептер салу туралы уағдаластығы. Қазақстанға келсек, әңгіме Қызылорда, Тараз және Түркістан қалалары туралы болып отыр, — деді елші ТАСС агенттігіне берген сұқбатында.
Бұл мектептерді ашу екі ел президенттері арасындағы келісімдердің нәтижесі саналады. Тиісті меморандум өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған сапары барысында қол қойылған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 08:38
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Шымкенттік "Ордабасы" кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне ресми өтті
Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Құжат жеке инвестициялар жұмылдыруды, тұрақты нарықтық басқару моделіне көшуді және заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізуді көздейді. Негізгі бағыттардың қатарында материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару үдерістерін цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру бар.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және қаланың елдегі футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Өз кезегінде Шахмұрат Муталип компанияның клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты. «Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 07:52
Media unavailable
2
Show in Telegram

Отардағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаз соққыға жығылды
Қазіргі таңда сарбаз Алматы қаласындағы әскери госпитальда ем қабылдап жатыр. Ал әскери полиция қылмыстық тергеу бастады.
Желіде Отар әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздың жақ сүйегі мен мұрны сындырылғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада операция жасалғаннан кейін оған толыққанды ем мен бақылау көрсетілмегені айтылады. Кейін туыстары сарбаздың бір пәтерде ұсталғанын анықтаған. Ал тексеру барысында жасалған операцияның дұрыс жүргізілмегені белгілі болған.
ПОЛИЦИЯ ТҮСІНІКТЕМЕСІ
Гвардиялық гарнизонның әскери полициясы әскери қызметшіге физикалық күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу уақытына бірқатар офицер қызметінен уақытша шеттетілді.
— Материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың, сондай-ақ әскери бөлімде жарғыдан тыс қарым-қатынас фактісі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде баяндама жасамаған және медициналық көмекті ұйымдастырмаған лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, — делінген әскери полицияның хабарламасында.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 07:01
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Шықпа, жаным, шықпа: Қазақстанда микробизнес ҚҚС-тың өсуіне қалай бейімделіп жатыр?
Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдері жаңа Салық кодексінде бекітілген ережелерге бір жарым айдан бері бейімделумен келеді. Жаңа құжатта қосылған құн салығы 12%-дан 16%-ға көтерілді, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы мен «сән-салтанат салығы» енгізілді.
Ұлттық экономика министрлігінде бұған байланысты 300 мыңға дейін микро-компания жабылуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда жекелеген кәсіпкерлердің (ЖК) нақты қаншасы қызметін тоқтатқаны жөнінде ресми статистика әзірге жоқ, дегенмен күрделенген ахуалға қатысты алғашқы пайымдар бар.
Мәселен, депутат Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері шамамен 35 мың компания қызметін тоқтатып, 15 мыңға жуық жаңа бизнес тіркелген. Яғни кәсіпкерлік субъектілерінің азаюы байқалады, бірақ әзірге күрт аномалия тіркелген жоқ. Үкімет мұны «нарықтың табиғи тазаруы» деп сипаттаса, кәсіпкерлер алдағы бірнеше жылды «аман қалу кезеңі» деп атап отыр.
Ulysmedia.kz
тілшісі дүкен, шаштараз және басқа да ЖК иелерімен, яғни қызмет көрсету саласындағы қарапайым кәсіпкерлермен сөйлесіп, олардың бизнесінің «жағдайын» сұрап көрді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 06:07
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Қазақтар Киевтің орталығында дастарқан жайды
Қазақстандық белсенділер қазір жарықсыз және жылусыз өмір сүріп жатқан киевтіктерге көмектесіп жатыр.
Жергілікті қазақ диаспорасының бастамасын Орал қаласынан барған белсенділер, оның ішінде журналист Лұқпан Ахмедьяров та қолдады. Ұйымдастырушылар киевтіктерді палаумен тамақтандыруды ұйғарған.
— Бұл Троещинаға үшінші рет келуіміз. Өткен жолы қатты суық еді, ал бүгін күн жылы. Ауыздан ауызға тараған хабар арқылы адамдар маған хабарласып, тағы да келуімізді өтінді. Мына үйлердің бәрі, өкінішке қарай, қазір жылусыз, жарықсыз отыр. Міне, әжелер де келіп, күтіп тұр. Қазір бірінші қазан, кейін екінші қазан қазақ палауын дайындаймыз. Алға Украина, Қазақстан алға, — дейді белсенділер.
Нәтижесінде қазандардың алдына ұзын-сонар кезек түзілді. Троещина тұрғындары палау, салаттар мен тәттілер ұсынылды. Жергілікті атмосфера қазақ музыкасымен әуеленіп, қыза түсті.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 05:20
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

"Жергілікті қызметкерлерді қуып, орнына ресейліктерді алған". Танымал мейрамханада шу шықты
Алматылық тұрғын Жанат Қаратай аутизммен ауыратын 27 жастағы ұлы Әлібек Қаратайдың жұмысынан кетуге мәжбүр болғанын айтып, қоғамнан қолдау сұрады. Оның айтуынша, ұлы төрт жыл бойы Burger King желісінде тұрақты жұмыс істеп, өзін ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезініп келген.
ЖАҒДАЙ КҮРТ ӨЗГЕРГЕН
Алайда жағдай аймақтық жаңа басшы келгеннен кейін күрт өзгерген. Жанат Қаратайдың айтуынша, Сергей есімді жаңа өңірлік жетекші тағайындалған соң, ұлына қатысты «үнсіз қысым» басталған. Күзден бері Әлібек бұрынғыдай емес, тұйықталып, мазасыз күйге түскен.
- Біз не болып жатқанын ұзақ уақыт түсінбедік. Кейін ғана оның жұмыстан кетуге мәжбүрленіп жатқанын естідік, — дейді анасы.
Ол қазір бар күшін ұлының адамдарға деген сенімін қайта қалпына келтіруге жұмсап жатқанын айтады.
- Қазір мен өзімді әрең жинап жүрмін. Басқа айтарым жоқ. Тек сөзбен, кеңеспен көмектесіңіздерші. Жаңа келген бір адамның жылдар бойы қалыптасқан инклюзивті ортаны бұзуға қалайша құқы бар?, — деп жазды ол.
Жеке кездесудің де нәтиже бермегенін айтқан Жанат Қаратай жаңа басшымен сөйлесуді «роботпен сөйлескендей әсер қалдырды» деп сипаттайды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз

February 16, 05:01
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Қазақстан атынан 16 ақпанда Олимпиадада кімдер өнер көрсетеді
Қазақстандық спортшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыстарын жалғастырады. 16 ақпанда ел намысын спорттың үш түрінен өкілдер қорғайды.
Кімдер жарысқа шығады
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында 16 ақпанға жоспарланған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі белгілі болды. Олимпиадалық бағдарламаның едәуір бөлігі артта қалғанына қарамастан, Қазақстан құрамасы жоғары орындар үшін күресті жалғастырып отыр.
Дүйсенбі күні ел намысын бес спортшы қорғайды, олар спорттың үш түрі бойынша сынға түседі. Солардың қатарында ойындардың ашылу салтанатында туды алып шыққан спортшы Денис Никиша да бар.
ҰОК-тен ақпарат
Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, қатысушылар құрамы мен старт тәртібі бекітілген, ал барлық жарыс күннің ресми олимпиадалық бағдарламасы аясында өтеді. Жанкүйерлер қазақстандық спортшылардың өнерін тікелей эфирде тамашалай алады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱
Ұлысқа жазылыңыз