Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Usbanov ARNASY

usbanov
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі. https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Subscribers
3 340
24 hours
2
30 days
Post views
837
ER
26,83%
Posts (30d)
119
Characters in post
445
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Politics
Audience gender
Male
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Government & Public Sector
Summary
February 20, 20:25
Media unavailable
1
Show in Telegram

Зеленский Женевадағы келіссөздер туралы: - Әзірге көңіл көншітерлік жаңалық жоқ. Бірақ, бір мәселеде конструктив бар. Ол - тұтқын алмасу жалғасатын болады, - деді. - Үш тарап та соғыс тоқтатылатын болса, атысты тоқтату режимін қадағалау бірінші кезекте америкалықтарға…

February 20, 19:13
Media unavailable
2
Show in Telegram

💥
АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамптың әлем елдеріне енгізген тарифтерінің күшін жойды! АҚШ Жоғарғы соты: “Трамп өзінің өкілетін асыра пайдаланды”, - деп шешім шығарды. Мұны алқабилер сотының 6 мүшесі қолдаған. 3 сот Трампты жақтаған.

February 20, 17:23
Media unavailable
1
Show in Telegram

💥
АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамптың әлем елдеріне енгізген тарифтерінің күшін жойды!
АҚШ Жоғарғы соты: “Трамп өзінің өкілетін асыра пайдаланды”, - деп шешім шығарды. Мұны алқабилер сотының 6 мүшесі қолдаған. 3 сот Трампты жақтаған.

February 20, 17:20
Media unavailable
1
Show in Telegram

📌
Financial Times: Венгрия ЕО-ның Украинаға несиеге бермекке бөлген 90 млрд еуросын бұғаттап, вето салып, бердірмей қойды, тағы!

February 20, 15:03
Media unavailable
1
Show in Telegram

Израиль армиясы: Біз ұрысқа дайын тұрмыз!
- Біз аймақтағы оқиғаларды қадағалап, Иранға қатысты қоғамдық пікірлерге назар аударып отырмыз. Израиль армиясы жоғары дайындықта тұр. Біздің күштер операциялық жағдайдағы кез келген өзгерістердің алдын алуға бұрынғыдан да дайын, -
деді Израиль армиясының баспасөз хатшысы Дефрин.

February 20, 14:55
Media unavailable
1
Show in Telegram

Зеленский Женевадағы келіссөздер туралы:
- Әзірге көңіл көншітерлік жаңалық жоқ. Бірақ, бір мәселеде конструктив бар. Ол - тұтқын алмасу жалғасатын болады, -
деді.
- Үш тарап та соғыс тоқтатылатын болса, атысты тоқтату режимін қадағалау бірінші кезекте америкалықтарға жүктеледі деп келісті. Менің ойымша, бұл өте маңызды нәтиже, -
деді.
- Ал территория мәселесі бойынша ешқандай да ілгерілеу жоқ. Келісім жоқ. Бұл да мойындауымыз керек факт, -
деді.
- Жалпы алғанда, кездесудің өткені жақсы болды. АҚШ-қа сол үшін алғыс айтамын. Атысты тоқтатуды бақылау және тұтқын алмасу бойынша маңызды келісімдерге қол жеткіздік, -
деді.
- Соғысты абыроймен аяқтаудың нақты мүмкіндіктері әлі де бар деп санаймыз және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін әлем агрессорға қысым көрсетуін күшейтуі керек. Келіссөздердің кезекті раунды ақпан айында өтеді және бұл раунд шын мәнінде нәтижелі болады деп үміттенеміз, -
деді.

February 20, 12:47
Media unavailable
1
2
Show in Telegram

САБУРОВ СОРЛАЙЫН ДЕП ТҰР...
Әлгінде Нұрлан Сабыровтың (Сабуров) «Ресейге ризамын» дей отырып, Ресейдің «Вагнер» бөлімшесіне 10 мотоцикл табыстағаны бейнеленген видео тараған еді.
Енді бүгін, сол «Вагнерліктер» Нұрланға ақжарма алғысын айтып жатқан видеосы таралуда...
Әлгінде, Бас прокуратура айтты, «Нұрлан туралы ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 170-бабына сай қылмысқа барды деген айыптар айтылуда. Бұл бап - «Жалдамалылық» бабы: соғысқа, қарулы қақтығыстарға қатыстыру немесе билікті құлатуға, елдің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер үшін адамдарды жалдау (вербовка), оқыту, қаржыландыру немесе пайдалануды білдіреді. Бұл үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

February 20, 12:28

Израиль Иранның 2027 жылға қарай 5000 баллистикалық зымыранға ие болатынын болжайды...
Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық келіссөздер аясында Иранның зымыран бағдарламасының дамуы Израиль үшін әлі де үлкен алаңдаушылық тудыруда.
Израиль Иран Ислам Республикасының зымыран бағдарламасын кеңейтуді жалғастырып жатқанын және 2027 жылдың соңына дейін кем дегенде 5000 баллистикалық зымыранға ие болатынын хабарлады.
Егер 12 күндік соғыс кезінде бірқатар нысандардың жойылғанын есептегенде, бұл сан алдағы онжылдықтың соңына дейін 8000-ға жетуі мүмкін болған.
Ynet ұсынған соңғы деректерге сәйкес, өндіріс көлемі айына шамамен 100 зымыранды құрайды және бұл көрсеткіштің артуы күтілуде. Осылайша, Иран «сандық жағынан жеңіске жеткісі келеді»: Тегеран Израильдің әлемдегі ең үздік әуе қорғаныс жүйелеріне ие екенін біледі, бірақ сонымен бірге мұндай озық жүйелердің де ауқымды және ұзақ мерзімді шабуылдарға қарсы мүмкіндіктері шектеулі екенін түсінеді. Иран дәл осы тактиканы қолдануды жөн санайды.
Израиль келіссөздердің сәтсіз аяқталатынын, ал Трамп Иранға соққы беруге бел буғанын айтады.

February 20, 12:23
Media unavailable
1
Show in Telegram

🇺🇸
🇮🇷
Трамп Иранмен келісім жасасу үшін ең көбі 15 күн бар екенін айтты...
«Менің ойымша, бұл жеткілікті уақыт болады. 10 күн, ең көбі 15 күн», -
деді АҚШ президенті.
Қазір АҚШ Иракқа басып кіргеннен бергі ең үлкен әуе күштерін Таяу Шығысқа орналастыруда.

February 20, 12:02


Вашингтонда өткен «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы жиынында Газа секторын қалпына келтіру және қауіпсіздік құрылымын жаңадан қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7724