
yuzarsif
Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға
Абдуллаһ ибн ‘Амрдан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«
Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арафа күні айтқан ең жақсы дұға: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті»,
- деген. (Тирмизи)
Арафа күні айтылатын дұға:
Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.
Арафа күні қажылыққа бармағандар дұға жасай ала ма?
Имам әл-Баджи былай деген:
«Арафа күнгі дұға – ең жақсы зікір, ол үшін берілетін сый-сауап (басқалардан) көбірек әрі ол қабыл болуға жақынырақ.
Хадисте тек қажылық жасаушылар туралы айтылып тұрған болуы әбден ықтимал, өйткені, дәл солар Арафа күні дұға етіп жалбарынады».
Алайда кейбір сахабалар бұл артықшылық көбірек қажылық жасаушыларға қатысты болғанына қарамастан, тек олармен ғана шектелмейді деп есептеген және қажылық жасамайтындар да Арафа күні мешіттерде, үйде Аллаға дұға етіп жалбарынулары керек деп санаған.
“Әлді екеніңізді несие арқылы дәләлдемеңіз, ешқашан қарызбен мықтылығыңызды танытуға талпынбаңыз.”
(с) Қазақстандағы №1 баспагер Бақытжан Бұқарбайдың кітабынан
Қараңғы бөлмеде шам қалай жарық берсе, Құран да жүрекке жарық пен тыныштық береді.
Намаз — миградж мусульманина!
Сегодня я еще больше осознал важность намаза, слушая одну проповедь:
«Когда вы хотите передать ОЧЕНЬ важную информацию кому-либо, вы, скорее всего, захотите сделать это лично. Так вот, Всевышний Аллах в ночь вознесения лично передал обязательность пятикратного намаза Пророку Мухаммаду ﷺ, пригласив его к Себе. Это подчёркивает огромную значимость намаза. Ведь остальные повеления Аллаха в Коране передавались через ангела Джибриля (а.с.)».
Жоспарсыз адам - қара жердегі қаңбақ.
+ жарты жылдық жасалған/жасалмаған жұмысымды көре аламын;
+ мида - мынаны істеу керек еді, деген қаптаған нәрселер жоқ)
Жігіт деген атты арқалағанның барлығы нағыз жігіт бола бермейді. Құс деген атты - айбынды бүркітте, қоқылдаған тауықта алып жүреді.
Егер сен дүниенің барлығын жоғалтып, бірақ Алламен бірге болсаң, онда сен ешнәрсе жоғалтпадың. Ал егер сен дүниенің барлығына қол жеткізіп, бірақ Алладан алыс болсаң, онда сен барлық нәрсені жоғалттың.
(с) Ұстаз Олжас Ханафин (Алла рахымына алсын) телеграм парақшасынан.
Қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін іс-шараларды ұйымдастыру өте жақсы инвестиция дер едім.
Отбасыңызбен қыдырыңыз, жұбайыңыз бар болса, оны театрға апарыңыз, бірге кино көріңіздер.