Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar
Бұл – менің шығармашылық алаңым. 1️⃣ Мұнда түйген ой-жазбалар 2️⃣ “Nazik Alem” деп аталатын подкастым бар. Сілтеме: https://podfollow.com/nazik-alem 💜 Ақылы подкасттарды төлеу: 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)
Subscribers
3 816
24 hours
-2
30 days
-44
Post views
1 518
ER
39,78%
Posts (30d)
Characters in post
443
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
LIOther
Audience gender
Female
Audience age
28-40
Audience financial status
common.financial-statuses.middle_upper
Audience professions
Others
Summary
July 01, 08:35

Әлемдегі барлық игіліктер сен үшін жаралған
🍃
Ал сен Алла үшін жаратылдың
🥰

June 29, 02:28

Бір кесе сүт
Таңертең тұрсам, бір кесе сүт тоңазытқышқа салынбай қалыпты. Сәл ішіп көрсем, ашып кетіпті. Ас үйді реттеп жатып, төге салыппын. Кейін ойымнан кетпей қойды сол бір кесе сүт.
Анам ашыған сүтті бір қайнатып, ірімшік жасай қоятын. Ашыған сүт аз болса да, төкпей, басқа ашыған сүт қосылуын күтетін.
Бұл бір тоқшылық заман ба?! Әлде аналарымыз ысырапқа терең мән бере алды ма?!

June 27, 08:18

Онлайн кітап клубқа жазылған алғашқы 2 адамға кітабымды сыйлаймын
💌

June 26, 10:13

Инста: “Бәрі сен сияқты. Сен бәрі сияқтысың”
Кітап клубын жүргізіп жүргелі 2 жылдай уақыт болды. Соңғы бір жылда лентамда бәрі кітап клуб жүргізетіндей. Meta-ның ерекшелігі сол. Өзің қызығатын тақырыпты шығара береді.
Сөйтіп, инста “Бәрі сен сияқты. Сен бәрі сияқтысың” дегенге сендіріп қояды екен. Бір кем дүние-ай.
Ал негізі әлемде көшірмесі жоқ жаратылыспыз ғой әрқайсымыз
💃
💌

June 25, 17:05

Ажырасу оңай.
Отбасын сақтау қиын.
Достықты тоқтату оңай.
Сақтау қиын.
Күйеуіңе ренжу оңай.
Ашылып сөйлесу қиын.
Баланы “өзі өсерге” салу оңай.
Дұрыс дамыту, оңды тәрбие қиын.
Бірақ оңай дегеннің бәрі тек басында оңай.
Қиын дегеннің бәрі тек басында қиын...
Сен қай кезде оңай болғанын қалайсың? Соны таңда
💌

June 23, 09:55

Қалауыңа сыйластықпен қара
25-ке толғанда жолдасыма “Мен 25 жыл өмірімде Парижді көрмедім” деп жылағаным бар. Бұл бір шынайы ықыласты, таза сезімге толған балалық көз жасы болды. Парижге барған адамдарға қарап жай қызыққан сезім емес. Іштен келген шынайы қалау еді.
Пальма ағаштарын жақсы көремін. Оларға қарап, эстетикалық ләззат аламын. Сол үшін тіпті НУ-ға магистратураға түскім келетін. Ол жақта тірі пальмалар бар.
Осындай өзіңе мүмкін еместей көрінетін ішкі қалауларға сыйластықпен қарау керек екен. Ішімізде өзімізге шексіз сенетін бір бала хәлі бар ғой. Соны мысқылдап, пәк көңілге қаяу түсірмеу керек. Қандай қалау ойыңызға келсе де, ешқашан болмайдыға салмаңыз.
Себебі…
Сол сезімдерде шынайылық, Аллаға деген шексіз сенім жатыр. Күндердің бір күні орындалу ықтималдылығы да жоқ емес.
П.С: Шанхайға көшкенімізге 4 айдай уақыт болды. Кеше үйден шығып, жүріп келе жатып пальмаларды көремін. Сонда ғана бұрынғы ой-арманым есіме түсті. Мұнда пальма да бар, Париждің әсерін беретін көшелері де бар екен.

June 06, 03:37

Белгісіз әлем
Білім жеткіліксіз, таныс аз, тәжірибе таяз, тіл түсініксіз, болашақ бұлыңғыр – белгісіз әлем.
Арқа сүйеген тіреу мен үйреншікті әдетті бұзып, шынайы бейне мен толған кемшілікті ашатын соққылар.
Әлсіздікті сездіріп – күшті болуға, сансыз сұрақтары – сенімді болуға, тынымсыз шаруалары – ширақ болуға жетелейтін жаңа жол.
Толық шашылып, артықтан арылып, кемді түзеп, қайта қалыптасатын тағы бір кезең…

April 29, 15:38
Media unavailable
1
Show in Telegram

Кеш жарық! Спикер ретінде шақырту алдым
💌
Жұма күні кешке “Некеге Дайындық” телеграм арнасына қонақ лектор ретінде ЭФИР өткізбекпін. Бұл менің сертификатталған отбасылық психолог ретінде өткізетін лекциям болмақ.
Каналда осыған дейін теория беріліп келді. Ал бұл эфирде:
— жар таңдау кезінде нені ескеру керек
— некеге дайындықтың нақты белгілері
— қарым-қатынаста жиі жіберілетін қателіктер
— үйлесімді отбасы құрудың практикалық негіздерін талдаймын.
Егер отбасы тақырыбы сіз үшін маңызды болса, бұл эфир нақты түсінік пен бағыт береді деп сенемін. Эфирден бөлек каналда жүйелі түрде некеге қатысты ақпарат жиналған. Бұл – менің жобам емес. Каналды жүргізіп жатқан жауапты кісі – Айсұлтан Мубарак. Назарбаев Университетінде Социология мамандығында оқыған.
Каналда отбасы ққруға дайындаласыз. Толық мазмұнды тіркелгенде көресіз.
Баршамызға саналы, салиқалы отбасы құру нәсіп болсын!
🍃
Каналға тіркелу үшін
@aisultanmubarak
жекесіне жазсаңыз болады
👌

March 10, 06:35

Алла жолындағы шынайылық – жақсы көргеніне (Пайғамбарымызға с.а.с) ұқсау, барын да, жоғын да соның жолына атау, өз болмысын Сүйгенінің (Алланың) болмысында жоқ ету.
📚
”Саңлақ сахабалар” кітабынан

February 15, 18:51

“Кей кездері сағынамын үйімді”
Бала кездер. Папам бақшаға құлпынай егіп, қып-қызыл әдемілерін жинайтын. Өзі құлпынай жеп жатқанын көрмеппін. Бізге беретін. Кей кезде өзі де жегісі келді ме екен? Біз үшін жер жыртып, баптап, оның жемісін өзіне қимай, балаларына беретін мейіріміңнен сол, әкешім-ау!
Мамам да бізге дәрумен болсын деп, таңғы 5-6ларда жылы төсегін қиып, тұрып, сиыр сауатын. Арасында бір демалып ұйықтағысы келді ме екен? Бізді еркелетіп тұрғызып, шикі сүт ішкізетін. Ішіп алып, ары қарай ұйықтайтынбыз. Таң қараңғысында жылы төсектен тұрғызатын мейіріміңнен сол, анашым-ау!
Осындай сәттерді сағынады екенсің ғой. Қайта барғың келеді…
🍃
💔