Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

zhenitaipak
Адамзат ғасырлар бойы күткен Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның Алтыншы Сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары туралы
Subscribers
4 320
24 hours
30
30 days
Unusual 24 hours drop
Post views
1 394
ER
18,01%
Posts (30d)
20
Characters in post
3 164
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Male
Audience age
45-54
Audience financial status
Middle
Audience professions
Research & Academia
Summary
February 15, 21:18

ҰСТАЗ НАУҚАСТАНЫП ҚАЛҒАНДА
Ш.:
Армысыз, Аға!
Ұ.:
Иә, Жәнібек, қалайсың?
Ш.:
Шүкірміз, жақсымыз.
Ұ.:
Менің Тәңіршілдік пен исламға қатысты жасаған кестеме халықтың пікірі қалай екен? Көрдің бе?
Ш.:
Халықтың пікірін көргенде... былай мақұлдағанымен, әрі қарай жалғастырып ойын айтқан ешкім жоқ. Бәрі тек: «жақсы, жақсы» деп жатыр.
Ұ.:
Бәрі қорқып отыр. Мен сездім оны. Кеше менің жүрегім қысылды. Қазір түні бойы ұйықтамай, жүрек ауырып отыр.
Ш.:
Енді не істейін? Жазбаны алып тастайын ба?
Ұ.:
Жоқ. Тұра берсін. Сен менің сұхбаттарымды шығаруды тоқтат.
Ш.:
Жақсы.
Ұ.:
Тоқтата тұр. Ел сұраса: «Аға ауырып қалды» де. Мен сөйтіп қалпыма келгенше үзіліс алайын.
Ш.:
Мен осы пікір туралы өзімнің ойларымды жазып қойдым.
Ұ.:
Сен жаза бер. Өз пікіріңді жазуға сенің барлық құқығың бар.
Ш.:
Аға, менің білгім келгені... Қоғамда өзін: «Тәңір дінінің пайғамбарымын» дейтін Айгүл Қоқай деген шықты. Тоқтар Бисембинов деген кісі: «Тәңіршіл, ұлтшыл Тоқтар Абызбын» деп шықты. «Ақиқат» деген кітап жазып, бірталай шәкірт ертіп жүр. Шуылдақ Шадырман деген бар. «Мәлік Ақтөбе» деген бар. Әйтеуір бәрі Тәңіршіл болып алған. Бірақ оларда Ақ Сарбаз Ілімі жоқ. Қазіргі таңда Ақ Сарбаз Ілімінсіз Тәңіршілдіктің болашағы да жоқ емес пе?
Ұ.:
Сөзсіз. Тәңірі Ілімін таратуға құқығы бар, дәрежесі бар – Жетінші Дәрежелі Құрылысшы – жалғыз менмін! Қалғандарының бәрі де – былжырақтар!
Ш.:
Ммм, адастырушы маневр екен ғой...
Ұ.:
Иә. Олар көрсетсін жазбаларын. Мен «Ақ Сарбаз», «Тәңір Жауынгері», «Ұстаз бен шәкірт» кітаптарын көрсетемін. Тағы сенің екі кітабың бар.
Менің жасаған графиктерім мен кестелерім, формулаларым бар. Барлық сұраққа жауап бере аламын. Менің ілімім – Тәңіршілдіктің XXI-ғасырға сай жаңарған сипаттағы түрі. Олар талқылап көрсін. Ғарыш заңдарына сүйенбеген олардың ілімдері – құр сөз, жалаң теория болып қалады.
Жер бетінде Тәңіршілдікті таратуға Ғарыш Құрылысшысы ретінде жалғыз менің ғана құқығым бар.
Мен Тәңіршілдікке қатысты ешкімнің сұрағын жауапсыз қалдырған жоқпын. Бәрі іздегенін осы ілімнен тауып риза болып отыр.
Ш.:
Түсінікті.
Ұ.:
Сен әзір маған үзіліс бер. Өз пікірлеріңді жариялай беруіңе болады. «Аға, ауырып қалды» де. Алдымызда көктем келе жатыр.
Ш.:
Менен зиян болып тұрған жоқ па, аға? Менің ауылдағы істерімнен...
Ұ.:
Жоқ. Сен – шәкіртсің. Ұстаздың пікірлерін талқылауға, дәлелдеуге сенің барлық шамаң бар.
Ш.:
Менің ауылдағы тірлігім сізге теріс әсер етіп жатпады ма? деп ойлап жатқаным ғой...
Ұ.:
Жоқ. Ол сенің жұмысың, міндетің. Ұстаз болғандықтан арасында үзіліс алуыма менің де құқығым бар.
Анау кестені жасау маған жеңіл келген жоқ. Ондай үлкен түсініктерді жариялағанан кейін артынан мен қиын ауырамын. «Ақ Сарбаз» кітабын толықтырып қайта жазып бітіргеннен кейін менің қалай ауырғанымды сен өзің көрдің. Қиын ауырдым. «Тәңір Жауынгері» кітабының артынан да кішкене ауырдым. Ал, сұхбат кітаптарым шыққан кезде онша қиналмадым. Өйткені көпшілігі қарапайым естеліктер еді. Бұрынғыдай барлық күшті жинаудың қажеті болмады.
Ал, мынау кестенің артынан маған кенеттен жүрекке жүк түскендей болды.
Ш.:
Бұл – исламшылар тарапынан қастандық болуы мүмкін бе?
Ұ.:
Ол – сөзсіз. Үлкен-үлкен биікке шыққан адам соңынан ауыруы тиіс. Оны «төмендеу», «бәсеңсу» дейді. Одан бәрі де өтті. Біздің Біржан салымыздың басында да осындай жағдай болды. Ондай білімдер, ондай күштер ешкімге жайдан-жай беріле салмайды. Соңынан ауырып азап шегесің.
Сол себепті маған кішкене демалыс керек.
Ш.:
Сіздің «Роял», «Электронмаштағы оқиға» атты әңгімелеріңіз дайын тұр негізі.
Ұ.:
Тұра тұрсын. Мен кішкене дем алған соң жұмысымды жалғастыра беремін. Қызық-қызық оқиғалар есіме түсетін болады.

February 15, 21:18
Media unavailable
1
Show in Telegram

February 14, 19:38

ЭЛЕКТРОНМАШТАҒЫ ОҚИҒА (...жалғасы)
Ұ.:
Барлығы жарамсақтана күлісіп жатыр. Бұл бастық қоластындағыларға өте қатал кісі екен. Мен:
– Жарайды, ендеше қолымды жуайын – деп халатымды шешіп төменге түстім. Жуынатын жерге барсам бұрын болмайтын сабындар, сүлгілер келіп қалыпты. Үлкен бастық келгенін осыдан-ақ білуге болатын. Мен миығымнан күліп жоғарыға көтерілдім. Келсем шәйнек қайнап, дастархан жайнап тұр. Бастық екеуміз үстелге отырып тамақтануға кірістік. Нөкерлері бізге қарап түрегеліп тұрды.
– Қалай? – деп сұрады ол.
– Өте жақсы. Шаршағаным кетіп, миым дұрыс жұмыс жасай бастады-ау деймін – деп қоямын.
– Міне, міне! Мен бәрін де солай шешемін!
Ол бір нөкеріне бұрылып тапсырма берді:
– Барыңдар, Омскіге телефон соғыңдар. Ертең не бүгін түнде Омскіден программистер келсін! Олар Ресейлік транспорт жүрісін бақылау бағдарламасын келісім-шартпен Қазақстанға кіргізуі тиіс.
– Жарайды.
Сөйтіп үлкен бастық маған сәттілік тілеп, қолымды қысты да, қоштасып кетіп қалды.
Қасымыздағы Фурманов көшесінде диеталық асхана бар еді. Осы оқиғадан соң оған жеміс-жидектер мен түрлі тағамдар уақытылы әкеліне бастады. Тамағы өте сапалы болғандықтан қаланың бәрі соған келетін болды.
Басшылар кеткеннен кейін артынша жұмыстас екі орыс келді.
Юра қасыма келіп жайғасып, мені мүсіркеген кейіппен маңғаздана мәлімдеді:
– Едихан, біз кеңседе болып келдік. Басшылыққа сенімен бірлесіп жұмыс жасағымыз келмейтінін жеткіздік! – деді.
– Не жағдай? – деп сұрадым.
– Бізге сенің таңнан кешке дейін схемаға үңіліп шұқшиып отыратының ұнамайды. Жұмыстың бәрін біз жасаймыз...
– Мен қарсы емеспін. Менің де сендермен жұмыс істегім келмейді – дедім, – маған сендер сияқты көмекшілердің керегі жоқ. Ендеше залдан шығып кете берулеріңе болады.
Олар әлі ештеңе түсінген жоқ еді. Мені қуғалы келгенде өздерін қуып жатқаны қалай?!
Мен Рисмет басшыны шақырдым:
– Мынау адамдар мазаны алмай залдан кетсін! – дедім.
– Жарайды.
Екеуі шынымен қуылатынын білген кезде шырылдап қоя берді:
– Не үшін?
– Үлкен бастық келіп сендер бүлдіріп кеткен машинаны Едиханның бірнеше сағатта қалай жөндегеніне куә болды.
– Мүмкін емес! Біз тексереміз, көреміз!
– Жақындаушы болмаңдар! Мен бәріне мөр басылған қағаз жапсырып қойдым. Енді Едихансыз оны ашуға, кіруге тиым салынады. Кәне залдан шығыңдар!
Сөйтіп екеуі бұлқан-талқан болып шығып кетті. Көздеріне үңіліп едім: «Ақырзаман келген екен! Калбит келіп біздерді – ұлы ұлттың адамдарын құйрыққа теуіп жұмыстан шығарып жатыр!» деген ойды оқыдым.
Сөйтсем екеуінің мені жұмыстан қуу туралы арызын естіп ойланып отырған біздің директорға министрліктен дөкей бастық телефон соғыпты.
– Сенде Едихан деген жігіт істейді екен ғой. Менің саған өтінішім: ертең Омскіден программистер келгенде жанында Едихан отырсыншы!
– Неге?
– Себебі ол менің көзімше үш кешенді жөндеп орнына келтірді. Сол себепті қонақтардың жұмысы біткенше Едихан қастарында болғанын қалаймын. Оны басқа обьектілерге жібермей-ақ қой! – депті.
– Мақұл, мақұл.
Артынан директор келіп: «сені екі жұмыстасың даттап жатса, бізді 90 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіп отырған дөкей мекеме басшысы жақтап жатыр. Міне қызық!» деп маған ағынан жарылды.
Осылайша өмірімдегі бір сыннан сүрінбей өттім.

February 14, 19:38
Media unavailable
1
Show in Telegram

February 13, 21:49

ЭЛЕКТРОНМАШТАҒЫ ОҚИҒА (...жалғасы)
Ұ.:
Мен болсам схемалардың бас-аяғына жете алмай жүрмін. Олар екеуі қарама-қарсы орналасып алып, маған қадалып қарайтын да отыратын. Кей кездері сұрайтын:
– Сен осы не оқып отырсың?
– Мынау схемалар ғой.
– Оқығаныңды бізбен талқыласаңшы.
– Сендермен талқылауға менің шамам да ұмтылысым да жоқ – дедім мен.
– Неге?
– Себебі суды далаға төккендей боламын. Сендердің сезімдеріңе бұл қонбайды. Сендер – радиотехниксіңдер. Ал, мен – компьютерщикпін. Бұның айырмасы үлкен. Салыстырып айтқанда сендер – құрылыстағы электрик, сантехник секілді болсаңдар, мен – архитектормын! Тағы да сендерден биік прораб бар. Қалаушы, сылақшы, электрик, сантехник, крановщик – барлығы жабылып архитектор сызып берген жобамен үйді тұрғызады. Түсінікті ме?!
Сөйтіп қызылкөз пәлелерді өзіме жақындатпай қойдым. Бір мезгілде 4 машинаның үшеуі істен шықты. Мен жүгіріп қарап жүрмін. Екі орыс басқа жердегі обьектілерді тексеретінін сылтау қылып тайып отырды. Бұл жерде директор болмайтын. Мен жұмысқа келген күні бес адам жұмыстан кетіп жатты. Қызық болды. Бір радиоинженер, төрт радиотехник жұмыстан кетті. Олардың орнына сегізінші нөмір боп жалғыз мен келдім. Бірінші нөмір – бастық, екінші нөмір – секретарша. Кадр бөлімі, бухгалтерея жоқ, бәрі Новосибирскіде. Және бес инженер. Соған келген алтыншы инженер мен болдым. Менің куәлігімде 8-нөмір тұр.
Сөйтіп екеуі шығып кетіп еді, менің сезімім ашыла бастады. Олардың қадала қарап мені бақылауда ұстағаны маған сиқыр секілді әсер еткен-ау деп ойладым. Білім кірмей қойды ғой!
Қалай олар кетті компьютердің бар құрамалы архитектурасы сезімге кірді. Шеттен бастап ақырындап машиналарды жөндеуге кірістім. Әуелі басқару блоктарының процессорларын орнына келтірдім. Маған сол мекеменің радиотехнигі Саша Корниенко жәрдемдесті. Ол украиндық болғаннан кейін маған жақсы көзбен қарап көмегін аямайтын.
Бір жерінде өте қиын болды. Басқару пультінің үзілген тіндерін орнына келтіру үшін зауыттың жапсырмасының бәрін қолмен жұлып тастап схема бойынша жаңадан жасауға тура келді. Татар бастық көзі бақырайып қарап қояды. Сөйтіп екі машинаны бітіріп тестен өткізгелі қостым. Тоқтамай тест жүріп жатыр.
Бір мезгілде есік тарс етіп ашылып сағат 12 жарымда бір топ адам кіріп келді. Шоқпардай галстук таққан, сірескен, өңкей үлкен басшылар. Рисмет құрақ ұшып, алдарынан жүгіріп шықты. Сөйтсе оған: «егер бір өзгеріс болса, қолма-қол телефонмен хабарла» деп бұйрық беріліпті. Менің нәтижелі жұмысымды естіп, автотранспорт министрлігінің дөкей басшысы көзбен көргелі көмекшілерімен келіп тұр екен. Бастығым айтып жатыр:
– Едихан Шаймарданович екі комплексті жөндеп, жұмысқа қосты. Міне істеп тұр!
Сол жерде мен қосқан машинаға қолма-қол программистер жиналды. Оншақтысы пултты қолға алып тырқылдатып бақылау жұмыстарын жасауға кірісті. Бәрі жарқырап жұмыс істеуде.
Мен үшінші комплексті қосып жатқанда бастық адам келіп жүзіме үңілді:
– Сіз әбден шаршапсыз ғой.
– Қалайша?
– Мен кіртиген көзіңізден көріп тұрмын. Сізге дем алу керек.
– Қажет емес.
– Жоқ, сіз менің тілімді алыңыз.
Қарасам қасындағы үлкен адамдар бастарын изеп, маған «көн» дегендей ишарат білдіріп тұр екен. Жасы үлкен адам айтып тұрғаннан кейін қазақ дәстүрімен мен көндім.
– Жарайды, айтқаныңыз болсын. Мен келістім.
– Мүмкін ресторанға барармыз – деді ол.
– Жоқ, мен ресторанда тамақ іше алмаймын. Мен ет жемеймін. шарап ішпеймін. Вегетариандық тағамдар жеймін. Сүт тағамдары...
– Енді қандай тағамды қалайсыз?
– Ірімшік, кілегей жемегеніме біраз болды. Және кішкене мандариндерді ұнатамын.
– Жарайды.
– Бұл айтқандарым магазиндерде жоқ – дедім мен. Бастық күліп жіберді.
– Біз – транспортпыз ғой. Бізде бәрі де бар! Магазинге келетіннің бәрін де біз тасимыз!
(Жалғасы бар...)

February 13, 21:49
Media unavailable
1
Show in Telegram

February 12, 22:18

ЭЛЕКТРОНМАШТАҒЫ ОҚИҒА
Ұ.:
1980 жылы күзде мен Электронмашқа жұмысқа келдім.
Біздің конторымыз облыстық автотрест ғимаратындағы подвалдың бір бөлмесінде орналасыпты.
Мен соған кіріп бара жатсам басқармасы Шауенов аға жүр. Ол маған тіл қатты:
– Ой, сен не істеп жүрсің?
– Жұмысқа келдім.
– Бізге ме?
– Жоқ. Подвалдағы Электронмаштың бөлмесінде жасаймын.
– А-а, бар-бар білемін. Біздің бөлмемізді жалдап отыр ғой.
Сөйтіп мен куәлігім мен еңбек кітапшамды алып сол жерге келдім. Мені көлікке отырғызып зымыратып отырып Фурманов пен Райымбектің қиылысындағы Автотресттің екі қабатты ғимаратына алып келді. Оған кірген кезде мен таң қалдым. Токарь станоктары бар шеберхана, автобазаның машина жөндеу цехы осында орналасқан екен. Екінші қабатқа көтерілдік. Есік ашылды. Қарасам жаңа ЭВМ машиналары тұр. Есептеу орталығының басшысы Табиев Рисмет есімді татар жігіт алдымыздан шығып күтіп алды. Алматыдағы Новосибирск бөлімшесінің директоры мені таныстырып жатыр:
– Мінекей, сендерге инженерді ертіп келдім!
Залға кірдік. Ішінде тоқылдатып екі орыс жігіті отыр. Бастық айтты:
– Міне танысыңдар! Сендер армандаған процессорщиктеріңді алып келдім!
Таныстық. Менен 5-6 жас үлкендеуінің фамилиясы Голубев екен. Мен сонда 38 жастамын. Екінші жігіт Юра Мухин менен оншақты жас кіші боп шықты. Екеуі де радиотехниктер. Біздің машинаға ешқандай қосылысы жоқ мамандық. Бірақ сол машиналарда жиырма шақты дисплей болды. Шағын мониторлар. Бұлар экраны мен әр машинаның қосатын 4-5 пульті бар, қазіргі компьютердің аталары еді.
Бұл жігіттер сол дисплейлерді жөндейді екен. Бастық мені қалдырып шығып кетті. Екі орыс менімен танысып, қазақ екенімді білген соң менсініңкіремей, зер сала қарады:
– Ұлттық кадр келіп қалыпты ғой! – деді Юра.
– Не болыпты?
– Ештеңе. Енді бізге жетпей тұрғаны ұлттық кадр еді!
– Мен жай ғана ұлттық кадр емеспін. Сен секілді радиотехниктен айырмасы үлкен – инженермін! Екіншіден сенен жасым да үлкен, дәрежем де биік. Мен ЭВМ Центрінің бастығы болғанмын.
– Ендеше одан неге қаштыңыз?
– Өйткені олар бізге келген үшінші деңгейдің ескірген машиналары еді. Маған ұнаған жоқ. Сол себепті мен төртінші деңгейдің машиналарын меңгергелі келдім. Мені ешкім төменге түсірген жоқ. Кәсіби шеберлік жағынан мен үнемі биік деңгейлерді бағындырып келем. Менің институт бітірген достарым қазір көне машиналарда қатып отырса мен олардан әлдеқайда жоғары, тәжірибелі маман болдым.
Сөйтіп мені менсінбей тұрғандардың аузын жауып, өз жұмысыма үндемей кірісе бердім. Жұмысым өңкей схемалар еді.
Қасымдағылар дисплейді жақсы біледі. Бұл – кнопкалары бар телевизор секілді ғой. Үйреніп әуре болудың да қажеті жоқ.
Ал, маған үйрену керек. Өйткені бұл төртінші деңгейдің жаңа машиналары. Өте күшті машиналар – Hewiett-Packard-дың ұрланған көшірмелері еді.
Мен күн сайын схемаларға үңілумен отырамын. Содан кейін оны үйге алып кететін болдым. Журналға қол қойып, алып кеткен, алып келген заттарымды тіркеп жүремін.
Үйдегі бар уақытымды диванда отырып схемаларды оқуға жұмсадым. Талай рет сол қалпымда ұйықтап қалып, таңертең бір оянып жүрдім. Қиын болды. Бірақ мен өз мамандығымды көрсетуім керек еді!
Біршама уақыт өткен соң машиналар сына бастады. Ана екеуінің машина мониторында ойнайтын ойындары бар. Соны пультпен тырсылдатып ойнайтын да отыратын.
Машиналар бұл жерге жазда келіпті. Оны зауыттан келген мамандар қосып беріп кеткен. Содан бері екеуінің ермегі болған машиналар кешікпей істен шыға бастады.
(Жалғасы бар...)

February 12, 22:18
Media unavailable
1
Show in Telegram

February 12, 03:13

РОЯЛ (...жалғасы)
Ұ.:
Көбі оныншы кластың балаларынан құралған менің тобым үндемей тұрып қалды. Естеріне ештеңе түспей жатқан болуы керек. Мен айттым:
– Шопеннің жетінші вальсін орындап беріңізші!
Сол жерде тұрған Зоя Христофоровна маған жалт қарады:
– Бұл – өте жақсы таңдау!
Галяның саусақтары клавиштарда жүгіріп, роялдан толқыны күшті қоңыр үн төгіле жөнелді. Шопеннің «Жетінші вальс» шығармасын «жоғалған махаббат» деп айтуға болатын еді. Сол жерде көптеген қыздардың көңілі босап кетті. Шығарма аяқталды.
– Тағы сұрау бар ма?
Мен айттым:
– Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» шығармасы ішінен «Күз» әуенін орындаңызшы!
Бұл да өте қиын әуен еді. Оны орындап берді. Завуч өтініш білдірді:
– Кішкене көңіл ашатын бірдеңе ойнатсаңшы.
Бәрі қарап тұр. Мен айттым:
– Біз бәріміз биыл бір класты шығарып салдық. Олардың көбі қазір студент атанды. Біз де сол жолға ұмтыламыз. Ендеше бізге «Гаудеамус игитур» дейтін студенттер гимнін орындап беріңіз!
Сөйтіп бәріміз хормен: «Гаудеамус игитур!» деп қоштағанда әуен өте күшті боп шықты. Кеш аяқталды. Зоя Христофоровна келіп менің қолымнан ұстады:
– Сен мына білімді қайдан алдың? Бір жерде оқыған жоқпысың?
– Жоқ. Радиодан алдым.
– Жай ғана радиодан ба?
– Иә, радиодан. Ешқашан концерт залында болмадым. Бәрін радиодан тыңдап есіме сақтадым – дедім.
– Ой-бай! Сенің өмірің қиын болады! – деп ол басын шайқады, – мұндай дамыған балаға бұл дүниеде өмір сүру өте қиын болады-ау!
Қазір ойлап қарасам оның айтқанының бәрі де орындалыпты. Тастақ деген шағын ауылда ерекше дамыған баланың өмір сүріп жатқанын ол түсінді. Ол менің әдебиет туралы пікірімді де білетін. Маяковскийді не үшін жақтырмайтынымды сұрағанда:
– Маған оның әдеби күші жоқ, қарадүрсін поэзиясы ұнамайды – дедім. Пушкин, Лермонтов, Некрасовтың поэзиясына әбден суысындағандықтан шығар.
– Сен бұл пікіріңді ешкімге тіс жарып айтпа! – деп ақылын айтты ұстазым, – Маяковский пролетарлардың ақыны. Оған тіл тигізуге болмайды.
Осылайша тағдыр мені түрлі адамдар арқылы тәрбиелеуін жалғастырып жатты.

February 12, 03:13
Media unavailable
1
Show in Telegram