
Алланың 99 көркем есімдері
Алланың 99 көркем есімдері
pinned «
Құрастырған: Мейір Қадыров Алла Тағалаға мадақпен тәмәм болды. Аллааһумма салли уа сәллим уа бәәрик ъаләл-мустафа уа әәлиһил- атһаар! Уа, Алла! Мұстафаға әрі таза әулеттеріне салауатың мен сәлеміңді, құт-берекеңді жолда! «АЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ»
»
Алла Тағаланың “Әс-Саттар” деген есімі бар. Мағынасы: Жасырушы. (Ең көркем 99 есіміне енбесе де, сондағы “Әл-Ғаффар” есімінен шығады)
Біздің өзімізден басқа ешкім білмейтін қаншама күнә-қателіктеріміз бар. Соның барлығы дерлігін Алла Тағала басқалардың көзі мен хабарынан жасырып қойған.
Суфиян ибн Ғуяйна деген (табаға табиғин) ғұлама айтады:
“Егер Алла Тағала біздің күнә-қателіктеріміздің көбісін басқалардан жасырып қоймағанда, бізге ешкім де жоламайтын еді”.
📚
Шуғаб әл-Иман
Имя Аллаха: Ан-Нур (Свет).
✒️
Имам, Хафиз Аль-Байхаки [384-458г], да смилуется над ним Аллах, пишет:
«Сказал аль-Халими: "Под именем Аллаха «Свет» имеется в виду, что Он — наставляющий на верный путь. Его рабы не знают ничего, кроме того, чему Он их обучил. Они не могут познать ничего, кроме того, познание чего Он им облегчил. Все органы чувств и разум — Его создания и дар" — конец слов аль-Халими.
Далее Имам аль-Байхаки приводит со своей цепочкой передатчиков до Ибн Аббаса (да будет доволен Аллах ими обоими), сказавшего относительно аята: {Аллах — свет небес и земли}: ″В аяте имеется в ввиду, что Аллах наставляет на истинный путь жителей небес (ангелов) и земли (людей и джинов)″» — конец цитаты.
📘
«Аль-Асма ва ас-Сыфат», 1/369.
🗒
Блокнотик Муслима | ПОДПИСАТЬСЯ
Имя Аллаха: Аль-Вадуд (Любящий).
✒️
Имам, Хафиз Аль-Байхаки [384-458г], да смилуется над ним Аллах, пишет:
«Сказал аль-Халими: "Под именем Аллаха «Любящий» имеется в виду, что Он любит тех, кто подчиняется Ему, т.е доволен ими за их деяния, вознаградит их за них и хвалит их" — конец слов аль-Халими.
Сказал Абу Сулейман (аль-Хаттаби): "Также может быть, что данное имя означает: Он тот, кто заставляет людей любить тех, кто подчиняется Ему, как об этом сказано в Коране: {Воистину, тех, которые уверовали и совершали праведные деяния, Аллах одарит любовью} [Сура Марьям, 96]" — конец слов Абу Сулеймана» — конец цитаты.
📘
«Аль-Асма ва ас-Сыфат», 1/364.
🗒
Блокнотик Муслима | ПОДПИСАТЬСЯ
Алла Тағала Жалғыз, Оған еш нәрсе ұқсамайды. Ол дене де емес, құбылыс та емес. Ол заттек те емес, бейне де емес.
Ол шектеулі емес. Ол майда денелерден тұратын зат та емес. Ол ас-сусынға мұқтаж емес.
Ол тумаған әрі туылмаған. Оған ешкім тең емес.
Ол қандай да бір мекенге орнықпайды. Оған «уақыт» ұғымы жүрмейді.
Алты түрлі тараптың бірінде орнығу Оған тән емес. Ол тараптардың біреуінде де орнықпайды.
Оған еш нәрсе міндет емес. Оған жаратылу тән емес.
Ол шексіз Дана, Ол не істесе де, тек даналықпен және бар істің ақырын қайырлы етіп істейді.
Ол қалағанын істеуші, ешқандай келісім-мақұлдауға мұқтаж емес.
Ол барлық кемшілік сипаттардан пәк. Барлық кемел сипаттар Оған тән.
Жаңадан бір кемел сипатқа ие болу Оған тән емес. Оның бастауы жоқ, Ол Әзәли, Мәңгі.
Оның сипаттарының бастауы жоқ, өздігінен бар. Ол сипаттар Оның Өзі емес. Әрі одан бөлек емес.
Ол сипаттар: тірі болу, білу, құдірет, есту, көру, қалау, жоқтан бар ету, сөйлеу, бірақ сөйлеуі әріптер және дыбыстар түріне жатпайды.
Шейх Мұхаммед ибн Бир Әли әл-Биркәуи
Құрастырған: Мейір Қадыров
Алла Тағалаға мадақпен тәмәм болды.
Аллааһумма салли уа сәллим уа бәәрик ъаләл-мустафа уа әәлиһил- атһаар!
Уа, Алла! Мұстафаға әрі таза әулеттеріне салауатың мен сәлеміңді, құт-берекеңді жолда!
«АЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ»
99. Ас-Сабур الصَّبُورُ
Аса сабырлы
«Аллаға және Оның елшісіне мойынсұныңдар және таласпандар,
өйтсеңдер сәтсіздікке ұшырап, күш-куаттарың кетеді. Сабыр етіңдер, расында Алла сабырлыларды жақсы көреді» (Әнфал, 46).
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: "Құлақпен естіген жәбірге Алладан асқан сабырлы ешкім не ешнәрсе жоқ. Олар (кәпірлер) Оған бала телиді, ал Ол соған қарамастан оларды есен қылып, ризықтандырумен болады». Бұхари риуаят еткен хадис.
Осы көркем есімді күн шыққанға дейін 100 мәрте қайталаған жан сол күні түрлі жамандықтан аман-сау болады, оның дұшпандары оған ештеңе де істей алмайды, иншалла. Сондай-ақ, осы көркем есімді ахуалдың жақсаруы үшін 1020 мәрте қайталаған жөн.
98. Ар-Рашид الرَّشِيدُ
Туралыққа Нұсқаушы
«Бұрын Біз Ибраһимге тура нұсқау берген болатынбыз» (Әнбия, 51).
Кімде-кім ойға алған ісін жүзеге асырудың жолын таппаса немесе оны жоспарлауды білмесе, осы көркем есімді ақшам мен құптан намаздарының арасында 1000 мәрте қайталасын. Сонда, Алла қаласа, оның ісі алға басады.
97. Әл-Уарис الوَارِثُ
Мирасқор
«Әрі Біз Мирасқор болдық» (Қасас, 58).
Кімде-кім күн шықпастан бұрын осы көркем есімді 100 мәрте қайталайтын болса, иншалла, қайғы-қасіреттен, таршылықтан, тағы басқа да тауқыметтерден аман-сау болады. Сондай-ақ, бұл есімді көп қайталау мұқтаждық пен мазасыздықтан құт-қарады.
96. Әл-Бақи البَاقِى
Мәңгі қалушы
«Тек ұлылық пен жомарттықтың Иесі - Раббыңның дидары ғана қалады» (Рахман, 27).
Кімде-кім осы көркем есімді бейсенбіден жұмаға қараған түні шынай ықылас-ниетімен 1000 мәрте қайталаса, иншалла, барлық қауіп-қатерден, қиындықтардан аман болып, Алланың құзырында ізгі істері қабыл болады.