
Qazaqparat
🏛
🏛
🏛
🏛
Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
✔️
Ол Қазақстанның ең алдымен, қаржы секторындағы инвесторлар үшін тартымды әрі сенімді инвестициялық юрисдикциясын жоғары бағалады. Корпорация басшысының айтуынша, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау оң септігін тигізіп отыр.
ℹ️
@qazaqparat_kz
🏛
🏛
🏛
🏛
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
✔️
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.
ℹ️
@qazaqparat_kz
✔️
Волонтерлік қызмет конституциялық деңгейде бекітіледі – Конституциялық комиссия
💬
Волонтерлік қызмет конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
- Өткен отырыста әріптестеріміз нақты ұсыныстар енгізген болатын. Сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардан, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығынан бірқатар жолданым келіп түсті. Олар шын мәнде маңызды мәселелерге қатысты. Осыған байланыста Конституция жобасына жаңа нормалар қосымша қарастырылды. Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді. Комиссия мүшелері және волонтерлік ұйымдар елдің шынайы патриоттары, жасампаз әрі өзекті мәселерге бей-жай қарамайтын жастар қоғам игілігі үшін еңбек етіп жатқанына назар аударды. Биыл бүкіл әлемде Бұқаралық волонтерлер жылы ретінде аталып өтуде. Өздеріңізге белгілі, бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблясының 75-сессиясында жария еткен болатын, - деді ол.
✏️
Оның айтуынша, комисия қарауына волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскен. «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескер отырып, бұл ұсыныс қолдау тапты.
- Жобаның 31-бабының 2-тармағына «Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырылымдылық қолдау табады» деген толықтыру енгізілді. Бастамашылырдың піпікірінше, бұл идея жобаның басқа ережелерін, әсіресе Преамбуланы және Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын қисынды түрде толықтырады. Олардың қатарына жауапты әрі жасампаздық, отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбек сүйгіштік құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және басқалары бар, - деді Бақыт Нұрмұханов.
ℹ️
@qazaqparat_kz
▪️
▪️
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды
▶️
Тікелей эфирді
Kazinform YouTube арнасынан тамашалаңыз!
ℹ️
@qazaqparat_kz
🧑⚖️
TikTok желісінде некеге мәжбүрлеу туралы жалған бейнежазба салған
әйел жазаланды
Алматы облысының Қарасай ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша К. есімді әйелге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот мәліметінше, ол 2026 жылдың 15 қаңтарында TikTok желісінде өзін ұрлап кету фактісі болғаны жөнінде бейнежазба жариялаған.
— Аталған бейнежазба әлеуметтік желі парақшасында таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған. Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді, — деп хабарлады соттан.
Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, К.-ге 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
ℹ️
@qazaqparat_kz
⚡️
Алатау қаласында боран салдарынан зақымданған нысандар
түгенделіп жатыр
Алатау қаласының әр аумағында қатты желден инфрақұрылым зақымданған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, кеше түнгі уақытта болған боран салдарынан инженерлік желілер зақымданып, түрлі нысандардың шатыры ұшқан.
ℹ️
@qazaqparat_kz
📢
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:
📱
consot_kz
📱
constcouncil.kz
📱
Конституциялық реформа 2026
▶️
Тікелей эфирді
Kazinform YouTube арнасынан тамашалаңыз!
Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.
ℹ️
@qazaqparat_kz
⚡️
Батыс Қазақстанда вейптерді заңсыз әкелгендер
сотталды
БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Шекара қызметімен бірлесе отырып, вейптерді заңсыз әкелудің жолын кесті.
Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, У. есімді азамат Ресей Федерациясының шекара маңындағы қалаларының біріне барған кезде «WAKA» маркалы 175 электронды темекі тұтыну жүйесін (вейп) сатып алып, оларды мемлекеттік шекара арқылы алып өтпек болған.
Жасырын түрде жеткізу үшін вейптерді жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының астына, жүк салғыштың технологиялық қуыстарына, сондай-ақ құрал-саймандар салынған сөмкелерге орналастырған.
ℹ️
@qazaqparat_kz
🗣
Қонаевта қатты желден тұрғын үйлер мен инженерлік желілерге
зақым келді
Қонаев қаласында дауылдан кейін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Қонаевта 8 ақпаннан 9-ына қараған түні 27 м/сек жылдамдықпен жел соққан. Оның салдарынан инженерлік желілерде ақаулар болып, тұрғын үйлердің шатыры ұшқан және жеңіл конструкцияларға зақым келген.
ℹ️
@qazaqparat_kz
🏛
🏛
🏛
🏛
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалды.
Асқарбек Ертаев
:
➤ халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берді.
✔️
Уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру және білім беру жүйесі мен нарық сұранысы арасында тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Жастарды, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға баса мән беріледі.
➤ атаулы әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру жоспары таныстырды.
✔️
Министрлік цифрлық бағалау құралдары арқылы қолдау шараларының нақты адресіне жету мүмкіндігін кеңейтуге ниетті. Сонымен қатар көмек алатын әрі еңбекке жарамды азаматтарды міндетті түрде жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік келісімшарт тәжірибесін кеңейтуді көздеп отыр.
➤ зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөнінде айтты.
✔️
Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Министрлік арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қарай қаржыландыру тетігін одан әрі дамытуды, олардың сапа стандарттарын арттыруды, оңалту қызметтері мен техникалық құралдарды қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар инклюзивті жұмыс орындарын ашуға ден қояды.
➤ Көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берді.
✔️
Көші-қон үдерісін басқару және болжау деңгейін жақсарту, ішкі миграцияны теңгерімді жүргізу, елдегі еңбек нарығын қорғауға басымдық бере отырып, еңбек көші-қонын реттеуді жетілдіру көзделген.
Мемлекет басшысы:
📌
халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын ұлғайту, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қолдану арқылы еңбекті қорғау жүйесін нығайту және қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.
ℹ️
@qazaqparat_kz