
Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz
Жаңа конституция жобасынан орыс тілінің “ресми” статусын алып тастауға атсалысыңыздар. Видеода қалай үлес қоса алатыныңыз жазылған. Е-өтініш порталы арқылы жолдауға болатын ұсыныстың мәтін үлгісі төменде тұр. Кеттік
✊
👇
Жаңа конституция жобасынан орыс тілінің “ресми” статусын алып тастауға атсалысыңыздар. Видеода қалай үлес қоса алатыныңыз жазылған.
Е-өтініш порталы арқылы жолдауға болатын ұсыныстың мәтін үлгісі төменде тұр.
Кеттік
✊
👇
“Қазақ тілі - мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.
“Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады.
Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды.
Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де - қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады.
Сол кезде ғана қазақ тілі нағыз мемлекеттік тілге айналады. Сол кезде ғана мемлекеттік бюрократиялық аппарат қазақша іс-қағаз жүргізуге көшеді.
Конституцияда қазақ тілінен басқа тіл аталмауы керек.
Қазақ тілі орыс тілінің құрсауынан шыға алмай жүргеніне 1 ғасырдан асты...
Жазбаны
оқып шығыңыз
Құрметті достар!
Жаңа конституцияның жобасы шығыпты. Тіл жайлы бап сол күйі өзгермеген екен. Әлі жоба сияқты, өзгеріс енгізуге әлі мүмкіндігіміз бар.
Сондықтан осы скринді әлеуметтік желіде таратайық.
Кеттік
✊
Конституциядағы тіл жайлы 7-бапты түзету ұсынысын EGov арқылы билікке жолдайық. Видеода қалай жолдауға болатынын көрсетіп қойдым, 2 минут уақытыңызды алады.
1. Мәтінді дайындап алыңыз.
2. EGov платформасына кіріңіз.
3. Сол жақ жоғары жағында “Конституциялық реформа” деген баннерді басыңыз.
4. Ұсынысыңызды сонда орналастырыңыз.
5. Жолдаңыз.
Жолдауға болатын мәтін
👇
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабын төмендегідей жаңа редакцияда бекітуді ұсынамын:
7-бап
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тек мемлекеттік тіл қолданылады, қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының өзге тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай жасайды.
Бұл редакция мемлекеттік тілдің нақты басымдығын бекітіп, азаматтардың тілдік құқықтарын сақтайды.
Атазаңда тіл туралы бап өзгере ме?
Кеше мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ҚР Парламенті бір палаталы болатынын, ресми түрде "Құрылтай" деп аталатынын мәлімдеді
Одан бөлек, вице-президент лауазымы қайтарылатынын да айтты. Тағы бір маңызды мәселе – Конституцияның мемлекеттік тілдегі нұсқасында жіберілген қателерді түзету керегін де атап өтті
Негізгі заңымызға осындай маңызды өзгерістер енгізілейін деп жатқанда халық арасында ұзақ талқыланып жүрген сауал қайта туындайды – қазақ тілі Конституцияда жазылған жалғыз тіл боп қала ма, яғни орыс тілінің мәртебесі жойыла ма?
Бұл мәселені жылдар бойы айтып жүрген біз ғана емес. Түрлі қоғам қайраткерлері, ұлт белсенділері, тіпті Мәжіліс депуттары да орыс тілінің мәртебесі алынып тасталсын деп талап қойған еді. Желіде тіпті осы жаңа Конституцияның жобасы жүрген: онда тек қазақ тілі жазылғанын байқауға болады
Пост-кеңестік елдерден тек Беларусь, Қырғызстан және Қазақстанда орыс тілінің қандай да бір статусы ресми бекітілген. Қазақстанды бұл тізімнен алып тастайтын кез келген шығар?
Meta компаниясы қазақша сөйлейтін қызметкер іздестіруде
👀
Қазақстан нарығына жауапты Market Specialist міндетіне Meta өнімдеріндегі контент пен аккаунт мәселелерін тексеру, қауіпті материалдарға шара қолдану, жарнамадағы қауіп-қатерді бақылау және аймақтық командалармен бірге жұмыс істеу және т.б. кіреді.
сонда бір жақсы адам жұмысқа тұрып, Meta өнімдерін қазақшалауға атсалысса екен
🤲
😌
толығырақ мінеки мына сілтемеде:
👉
https://www.metacareers.com/profile/job_details/1733252057368760
Шымбұлақтағы кейс жайлы
Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқандарға, қазақша ақпараты жоқ компанияларға айыппұл салу тетігін заңға енгізу керек.
Бірінші рет - ескерту айтып, бірден 30 мың теңге, екінші рет қайталанса, 300 мың теңге төлесін, үшінші рет болса, 3 млн теңге айыппұл.
Сол кезде ертесіне-ақ кез келген қызмет көрсету орны қазақша қуана-қуана қызмет көрсете бастайды. Ал қазір әкімдік ондай компанияға тек ескерту айтумен шектеледі.
Мемлекеттік тілін қорғай алмайтын биліктің болашағы - бұлыңғыр!
// Zhalgas Yertay