Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

_sakenkyzy_

Sayanyn_siyasy
Ой жазбалар
Подписчики
4 710
24 часа
30 дней
10
Просмотры
1 749
ER
0,38%
Посты (30д)
13
Символов в посте
350
December 04, 16:03

Барлық адам бұл дүниеден азап шегеді…сөздермен, жүрекке түскен ауырлықпен, айырылумен, аурумен, жағымсыз сәттермен…Раббысына жолыққанға дейін…”дейін” ғана… ары қарай Алламен шексіз бақыт…тек біткенге дейін сабыр ету мен разы болу тағдырға!

December 03, 09:57

Ант етейін, адамның жанына бір нәрсені жасыру ауыр, ал сол құпияны ашу жеңілдік сезімін бергендей болады. Әсіресе, әңгіме ауру, сынақ немесе махаббат секілді болса. Бірақ мақсатқа жетуді қалайтын құпияны ашу- ең нашар стратегия. Егер бұл іске асырылғанға дейін айтылып қойса, ол мәнін жоғалтады.
Пайғамбарымыз ﷺ жорыққа дайындалып жатқанда, өзін басқа нәрсе істегелі етіп жатқандай көрсететін.
📚
Сойд әл Хотыр

December 02, 07:20

Біреудің бақыты сенің бақытыңды кемітпейді. Біреудің ризығы сенің ризығыңды тарылтпайды. Ниетіңде таза бол, жүрегіңді көреалмастықтан, қызғаныштан таза ұста. Өзіңе қалағанды өзгеге қалай біл!

November 28, 12:30

Салиқалы жандарды жақсы көремін, бірақ өзім олардан емеспін. Бәлкім солардың шапағатына ие болармын. Ісі күнә болғанды жек көремін, тіпті біз сол нәрседе тең болсақ та…
✍️
имам Шафиғи р.һ

November 27, 05:31

📌
Аxлақтан беретін ұстазымыз Муxаммад Тоxxан алғашқы дәрісте былай деп айтқан еді: Бұл дәрісті бастамай тұрып, мына бір нәрсеге келісіп алайық. Біздің негізгі өмірдегі мақсатымыз сол болсын. اللهم أنت مقصودي و رضاك مطلوبي "Аллаxым сені мақсат тұтамын, разылығың - менің талабым". Осы екі нәрсе біздің өміріміздегі ұстанымымыз болсын. Сол кезде мінез-құлық та көркем болады, өмірімізге шынайы бақыт келеді. Аллаға ұмтылған адам ғана шынайы бақытты. Алласыз өмір сүріп жатқан құл, нағыз бақытсыз адам. Алла баршамызға шынайы өзіне ғана ұмтылуды нәсіп етсін.
✍️
Олжас Ханафин ұстаз(рахимаһулла)

November 24, 06:53

Аллаға тәуекел етіңіз.
Өмірімізде болып жатқан оқиғаларға шамадан тыс мән берудің қажеті жоқ, өйткені бәрі өзгереді және өтіп кетеді.
Кез келген үлкен бастама уақыт өте келе маңызын жоғалтады, ал ұлы нәрсе — өткінші.
Жеңілдік күту де — ғибадаттың бір түрі.
Аллаға үміт артыңыз және Оның мейіріміне тәуекел етіңіз, өйткені Жаратушыға деген сенім — шынайы бақыт әкеледі.
✍️
Ахмад Әбу Яхья

November 21, 11:16

Қасиетті Мекке-Мединаға барған адам барынша тілін тыйып жүреді. Адамдар жайлы жаман ойға барудан өзін тыяды. Сынақтар келіп қалса шағымсыз сабыр етесің. Біреу байқаусызда аяғыңды басып кетсе, кешіріммен қарайсың. Барынша бар көркем мінезіңді көрсетесің. Тоқтаусыз кешірім, Алладан қажетіңді сұрайсың…
Шіркін, әрқайсымыз қасиетті мекеннен өз отанымызға оралған соң, адамдармен де Алламен де дәл сондай мәміледе болсақ қой…Мына хадис еске түседі:
“Қайда болсаң да Алладан қорық…”

November 18, 18:09

Кей жағдайды қабылдай алмасаң өз жүрегіңе үңіл. Сұрақ қой. Алла бұны рұқсат етті ме? Мен оның орнында болмасыма кім кепіл? Сен қабылдай алмасаң да, бастысы Алла бұны өз кәләмында қабыл етіп қойған…жағдайды оңынан, солынан әртүрлі етіп сынайын десең де бәрібір Алланың рұқсаты бар…ақылға басымдық берген дұрыс болады…мұсылман бауырдың тағдырын талқылау біздің іс емес…солай, Алла баршамызға көркем тағдыр нәсіп етсін
🤲🏻

November 14, 07:50

Шынайылық- бет жоқ өзін даттай беру емес. Бәлкім өзіңді даттап жатқан сөзіңді өзге адам айтқанда оны қабылдай алу, мойындай білу.
Шынайылық адамдарға жақсы болып көрінуге тырыспау. Бар болмысыңмен бола алу. Бірақ “осы менің болмысым” деп те әдептен аспау маңызды

November 13, 17:43

Бұл өмірде жақсы жандар өте көп…маған жаман адам жолығып қала ма деп қорықпаңыз, жақсы адам жолығатынына сеніңіз. Бұл да Алла жайлы жақсы ойлау. Құдси хадисте Алла : құлым мен жайлы қалай ойласа сондаймын дейді….
Алладан бір сынақ келіп қала ма деп емес, бір қуаныш келетініне сеніңіз…барлық өзгеріс Алла жайлы жақсы ойдан басталады…
🤍