
Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев
Қаттылау естілуі мүмкін
⚠️
Қабір жастарға толы. Жастықпен алданып қалма
Сыпайы тәкаппар да тәкаппар.
Күнә мен күнәнің арасы алыстап, жүрек тазарған сайын, адамның дәрежесі көтеріліп, даналық қонады
Әркімнің "праймы" әр сәттерде болады. Біреу сахнаға шыққанда жанады. Біреу жұмысқа кіріп кеткенде. Біреу кітап оқып отырғанда.
Кейін адам өмірін прайм уақытының айналасына құрады.
Сен үшін ғибадат осындай прайм сәттердің бірі болсын
Күнә жүректе жарақат қалдырады. Тәубе мен құран оны емдейді
Күнә жасап қоя беру адамның табиғатына тән. Бірақ бір күнә мен екінші күнә ортасындағы айырмашылық неғұрлым ұзақ болса, құдайдан қорқу да соншалықты терең.
Біреу сені бойыңда жоқ нәрсемен мақтаса, әйтеуір мақтады екен деп, шын қабылдап, жүрегіңді ауыртпа.
Тәжірибе жүзінде: сенде жоқ нәрсені айтып бетіңе айтып мақтап жатса, (1) кей жағдайда адам өзі естуді қалаған сөзін айтады.
Кейде (2) өзін дос етіп көрсетуді қалайды.
Кейде (3) масаттанып артық әңгіме айтып қалады деп үміт етеді.
Мақтағанның бәрі бірдей дос бола бермейді. Алданба.
Құдай официант емес, әрі бізге де міндет қылатын жөн жоқ. Жалына алмасақ, тәкаппарланып, тең көріп тұрсақ дұға қабыл болмай жатыр деп несіне ренжиміз? Кейде тіл жалынса да жүрек иілмей тұрады.
Американдықтардың бір қызық сөзі: "мен үшін маңызды". Ол кәдімгідей аргумент. Олардың түсінігінде біз өзімізді басқаның орнына қоя алуымыз керек. Ол адам үшін маңызды дүниені сыйлай алуымыз керек.
Бұл дінде де бар. Мысалы құранда олардың құдай деп санағандарын балағаттамаңдар деп ескертіледі.
Мұны қоғам ретінде де, дін адамы ретінде де бойға сіңіре алуымыз маңызды.
Өлген жүректе күнәға өкініш болмайды