
Айнара Байжан
Месси ойын басталмай жатып 2 гол соғып, үйдің іші азан-қазан)
Ал мен: ертең Мессидің миы, тәні, психикасы туралы пост жазу керек екен
🤔
👎🏽
деп басқандар маған қойды ма екен, Мессиға ма екен?)
Үлкен өмірге, жетістікке жетуге алғашқы қадамның бірі ол - ҰБТ-дан жоғары балл алу. Балаңыз сәтті емтихан тапсырып, өмірде өз орнын сүрінбей табу үшін альфа күйінде арнайы техникаларды жасау керекпіз. Оны қадам-қадаммен дәл осы видеода бөлістім
😍
Теп-тегін
👇
https://youtu.be/PLnb8rNswqI?si=fMBme_JqfXlQ6rnP
Есіңді жиғызатын 10 ой
1)Әрқашан өмірді таңда. Әрқашан. Ешқандай «бірақсыз».
2)Анаң мен әкең келіп сені құтқармайды. Олар сенің арқаңда, ал болашағың алдыңда. Оларға арқаңды бұрып, өз болашағыңа бет бұр.
Әрқашан өзіңді таңда. Бұл қанша ауыр болса да.
Өзіңмен де, өзгелермен де адал бол.
3)Денең саған қызмет етеді. Сен оны сатып кетсең де, жүрегің соға береді. Бірақ бір күні ол тоқтайды. Дене саған шартсыз қызмет етеді.
4)Әлем сені жақсы көреді. Бірақ бір күні қатты соққы береді. Сілкіндіріп ояту үшін. Кейде адам өзіне тек солай келеді.
5)Ешбір адам сенің өміріңнің мәніне айнала алмайды. Бұл тым ауыр жүк. Өмірдің мәні – өзінде. Сенің өміріңде.
Ақыл тәжірибемен шектеледі. Сезімдер шексіз. Сезіне біл.
Сен өз әлсіздігіңді көрсетуге қорықпағанда ғана шын мәнінде күшті боласың. Осал болуға рұқсат бер.
6)Сенің ата-анаң – қарапайым адамдар. Оларда өмірдің нұсқаулығы жоқ. Оларға да,
өзіңе де қателесуге мүмкіндік бер.
7)Өзіңді қандай болсаң, солай қабылдағанда ғана бақытты боласың. Бірде-бір үйрек колибри болғысы келіп бақыт тапқан емес.
8)Ақша, қарым-қатынас және өзін жүзеге асыру – ересек адамның ісі. Балаларға ақша керек емес, балалар жыныстық өмір сүрмейді. Есейетін уақыт келді.
Аяз ата келмейді. Өмірің үшін жауапкершілік өз қолыңда.
Саған ешкім ештеңе қарыз емес. Ата-анаң да, достарың да, ер адам да, тіпті балаларың да. Осыны қабылда.
Ер адамды әкеңмен шатастырма. Ер адамға деген көптеген реніштердің түбінде әкеге деген реніш жатады. Бірақ серігің сенің әкең емес және оның орнын баса алмайды.
9)Кінә мен ұят сезімі көбіне біреуден «сыйға» келеді. Қайтар оны иесіне. Саған не үшін керек?
10)Басқа адамдардың өмірін басқара алмайсың. Тәжіңді шеш.
"Адамды Құдай арманынан жерітпесін. Адамның күні арманмен. Арманнан көңіл қалса — ашық аспан да
күңгірт болып көрінеді. Өмірде мән-мағына қалмай кеудең кеуек
болып, дүниенің әділетсіздігінен түңіліп, қақпанға түскен қасқырдай құр кіржіңдеп қаласың".
Шерxан МҰРТАЗА
"Ай мен Айша"
Бүгін оқырмандарыммен тағы бір жақындастым!
❤️
Сіздерге одан әрі пайдалы болуым үшін мына опросты толтырсаңыздар:
https://docs.google.com/forms/d/1_tZ3wP9U0h63vckUeIypvm01ldivQ-Jy0BgxTSRGro0/edit?usp=drivesdk
Опрос орындағандарға гипноз-сеанс сыйлаймын!
🚀
«САНА ШЕКСІЗДІГІ. МАНИФЕСТ»
Алматы
21-маусым
11.00-16.00
Бағдарлама:
🔹
Неге қанша тырыссаңыз да кей нәрсе өміріңізде өзгермейді?
🔹
Сізді тоқтатып тұрған ішкі қорқыныштар мен шектеулерді тануға арналған практика
🔹
Өмірді басқарып тұрған бейсаналық бағдарламалар
🔹
Неге армандарыңыздың көбі орындалмай қалады?
🔹
Назардың күші: энергияңыз қайда кетіп жатыр?
🔹
Армандарыңызды кейінге қалдырудың жасырын себептері
🔹
Болашақтағы өзіңізді көру және сол адамға айналуға арналған құпия техника
🔹
Жаңа нейрондық байланыстар қалыптастыру
🔹
Жаңа өмірді манифестациялаудың ғылыми әдісі
🔹
Балалардың миын әдемі болашаққа бағдарлау
✨
Тренинг барысында:
✔️
Топтық терапия
✔️
Терең практикалар
✔️
Нейро-медитациялар
✔️
Жеке разбор
болады!
❤️
Қатысу: 20.000 тг
Ватсап:
wa.me/77759808889
ОЙЛАНЫДЫРЫП ҚОЙДЫ:
40 жасқа келгенде көзқарасымның қалай өзгергені туралы
Біз — эволюциялық процестің бір бөлшегіміз. Планетаның әр түкпірінде күн сайын жасушалар сияқты туылып, өліп жатырмыз. Және бұның ешқандай жаһандық мәні жоқ.
Сол сияқты, адамның алдын ала белгіленген ерекше миссиясы да жоқ. Қолыңнан не жақсы келеді, соны істе — сенің миссияң сол.
Жер бетіндегі байлықтың 45%-ы халықтың 2%-ының қолында. Ал 10%-ының шотында 100 мың доллардан астам қаржы бар. Қалғандары айлықтан айлыққа дейін күнелтеді. Мен де солардың қатарындамын.
Өлімнен кейін ештеңе жоқ.
Біз өлгеннен кейін, жарты ғасыр өткенде атымыз мүлдем ұмытылады.
Қарттық жалғыздығымен емес, дәрменсіздігімен (әлсіздігімен) қорқынышты.
Ата-ананың бәрі бірдей өз баласын жақсы көре бермейді. Ал балалық шақта балалардың бәрі өз ата-анасын жақсы көреді.
Жақын адам — қаның бір адам емес, мінез-құлқы, жан дүниесі саған ұқсайтын адам.
Ақша, лауазым, билік — адамның адалдығы мен адамгершілігін сынайтын құрал емес. Бұл — адамның ішкі болмысын айқындап беретін сканер. Билікке жеткенде адамның ішінде не болса, соның бәрі сыртқа шығады.
Оқуды, ізденуді тоқтатқан адам тез қартаяды. Адам ең алдымен ментальді түрде (сана-сезімімен) қартаяды.
Денсаулық — тез таусылатын ресурс. Бірақ ақылың болса, оны сақтап, ұзартуға болады.
Жұп болып өмір сүргеннен қарағанда, жалғыздықта эмоционалды тұрғыдан жеңілірек. Қарым-қатынас — күнделікті жұмыс. Бақытты неке — үлкен еңбек.
Үйленген жұптардың көбі некеде бақытсыз, бірақ әртүрлі себептермен бірге тұруды жалғастырады.
50 жастан кейін еркектер әйелдерге көбірек мұқтаж болады, ал 50 жасқа дейін керісінше — әйелдер еркектерге мұқтаж.
Әр нәрсенің басы мен аяғы бар.
Бала — бізге үйреткендей «болашаққа құйылған инвестиция» емес, өзіңді тұлға ретінде көрсетудің (іске асырудың) бір жолы ғана. Олардың ресурсы өз өмірлеріне жұмсалады.
Автор: Әсел Жұбанышева (фейсбуктан)
Кресло, стол.
Егер назарыңыз ең алдымен жұмыс үстеліне немесе жұмыс орнына түссе, бұл сіздің үнемі бір нәрсені ойлап, жауапкершілік жүгін көтеріп жүргеніңізді көрсетуі мүмкін.
Сіз көп жағдайда демалып отырсаңыз да, ойыңыз жұмысқа, міндеттерге немесе шешілмеген мәселелерге қайта оралады. Сол себепті толық босаңсу қиынға соғуы мүмкін.
Түпсанаңыз сізге:
«Тек денеге емес, жан дүниеңе де демалыс керек»
деген белгі беріп тұр. Қазір сізге физикалық ұйқыдан гөрі эмоционалдық тынығу маңыздырақ болуы мүмкін.
Кейде өнімді болудың ең тиімді жолы – өзіңізге тоқтауға, демалуға және күш жинауға мүмкіндік беру. Өйткені үнемі кернеуде жүру адамның энергиясын сарқып, шабытын төмендетеді.
Мүмкін, дәл қазір өзіңізге мына сұрақты қойған дұрыс шығар: «Мен соңғы рет ештеңе істемей, тек тынығып отырған кезім қашан еді?»
🌿
✨
🤍
Суреттер мен фотосуреттер.
Егер назарыңыз ең алдымен қабырғадағы суреттер мен фотосуреттерге түссе, бұл сіздің бойыңызда ашылмай жатқан әлеуеттің бар екенін көрсетуі мүмкін.
Мүмкін, қандай да бір себептермен өзіңізді толық көрсете алмай жүрсіз. Кейде өз жетістігіңізді кішірейтіп, өзіңізді назарға, мойындауға немесе жоғары бағалауға лайық емеспін деп ойлауыңыз мүмкін.
Түпсанаңыз сізге:
«Көлеңкеден шығатын уақыт келді»
деген белгі беріп тұрғандай. Өз ойыңызды ашық айтып, талантыңызды көрсетіп, өзгелерге өзіңізді танытуға мүмкіндік беріңіз.
Сізде адамдарға берер дүние көп болуы мүмкін, бірақ оны әлемге көрсету үшін алдымен өз құндылығыңызды өзіңіз мойындауыңыз қажет.
📸
✨
Кейде өмірдегі ең үлкен өзгеріс – өзіңізді жасыруды тоқтатып, өз жарығыңызбен жарқырауға рұқсат беру.
Төсек.
Егер назарыңыз ең алдымен төсекке түссе, бұл сіздің қауіпсіздікке, тыныштыққа және қолдауға деген ішкі қажеттілігіңізді көрсетуі мүмкін.
Соңғы уақытта шешім қабылдау қиындап, күш-қуатыңыз азайып, бұрынғыдай өнімді болу оңай емес шығар. Кейде адам бәрін өзі көтеруге тырысып, шаршағанын да байқамай қалады.
Түпсанаңыз сізге:
«Бәрін жалғыз арқалаудың қажеті жоқ»
деген белгі беріп тұрғандай. Қазір көмек сұраудан ұялмайтын, қолдау қабылдайтын уақыт болуы мүмкін.
Кейде күшті болу — бәрін жалғыз істеу емес. Керісінше, өзіңізге қиын екенін мойындап, жақындарыңыздың қамқорлығын қабылдай білу де үлкен күштің белгісі.
🛏️
✨
Өзіңізге демалуға, әлсіз болуға және қолдау алуға рұқсат беріңіз. Кейде қалпына келудің алғашқы қадамы дәл осыдан басталады.