Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Ainur_ustaz_

ainurustaz
Құранды түсінуді үйретемін 🌹
Подписчики
27 900
24 часа
30 дней
-500
Просмотры
1 688
ER
0,06%
Посты (30д)
51
Символов в посте
725
December 10, 04:07
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Алла қаласа жаңа жобада кешеден қозғалып жатқан тақырыпқа қатысты:
📌
мақсатқа жету әдістері;
📌
Мен жетістікке жеткен адаммын ба?
📌
Алладан ұялмау, өзіңе рұқсат беру:
📌
ойлау масштабын кеңейту
📌
жеке өсу
📌
мінезді тәрбиелеу
📌
рухани тәрбие
📌
өзіңді бағалау мен сену т.б өмір сапасын жақсартатын бөлімдер бар.
Ешкім бір курстан толық өзгеріп кетпейтіні анық. Алайда сізде өсу болатыны сөзсіз.
Ғалымдарымыз айтқандай, кез келген нәрсе бір орында тұрса, сасиды, шіриді, құриды. Сол секілді, адам өзін алға сүйремесе, шайтан оған өзініңкін дамытады, нәпсі дегенін жасатады.
Өзімнің қаншама жыл "инемен құдық қазғандай" болып алған білімдерімді қазақтың қыз-келіншектеріне пайдалы болу мақсатында мүмкін болған ең төмен бағада ұсынып жатырмын
😘
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, жақсылық қалайтын жақыныңызды шақырыңыз
🌹
Курс туралы ақпарат алу, тіркелу үшін:
https://wa.me/77775680939

December 10, 03:54

Иә сабыр да, көркем мінез де бар. Ең алдымен, өзін және алдындағы адамды таныған, кіммен қалай қарым-қатынас жасауды білетін өзіне және Құдайына сенетін мықты тұлғаны көріп тұрмыз. Ол кісі жеке басына, ар-намысына(ұрпақсыз,әйелі зина жасады т.б) тиіскен кезде де өзін жоғалтып алмайтын...

December 09, 10:10

📚
Меккелік мүшіріктердің Алла елшісін(с.а.с) қабылдамай,түрлі қауесет таратып, өтірікші, жынды және сиқыршы деп жатқан уақыты еді.
Думан атты адам Мекке қаласына келеді. Ол медицинаны жақсы білетін, психикалық ауруы бар адамдарды сиқырмен емдейтін.
Меккеліктерден: «Бізге есі ауысқан келді.... Біз жындыны көрдік...» деген мағынадағы сөздерді естиді.
Думан оны емдемек болып, жанына келеді де:
«Уа, Мұхаммед, мен дуаланған адамдарды емдейтін маманмын. Алла менің қолым арқылы қалағанына шипа береді. Маған кел, сені емдейін»
дейді
🫢
Сөйтті де өзінің емдеу тәжірибесі туралы айта бастады. Алла елшісі(с.а.с) оны мұқият тыңдады. Нені мұқият тыңдады? Оның психикалық сырқатын емдеймін деп келген адамның сөздерін!
Думан айтқысы келгендердің барлығын аяқтағанда Пайғамбар(с.а.с) байсалды қалыпта:
«Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән! Біз Оны мақтап-дәріптейміз және Одан ғана жәрдем тілейміз! Алла тағала тура жолға салған адамды адастырушы жоқ. Алла адастырған адамды ешкім тура жолға сала алмайды. Құлшылыққа лайықты Алладан басқа Тәңір жоқ екендігіне куәлік етемін!»
деді.
Думан дірілдеп кетті де: «Бұл сөздерді маған қайталаңызшы» деді. Пайғамбар(с.а.с) қайталады. Сонда Думан:
«Алламен ант етейін, мен көптеген бақсы мен тәуіптің, сиқыршы, ақындардың сөзін естідім. Алайда, дәл осындай теңіздің түбіне дейін жететін сөз естімеген едім. Исламда сізге деген адалдығымның белгісі ретінде маған қолыңызды беріңізші»
дейді.
Осылайша, ол ислам дінін қабылдап, халқын да түгелдей исламға шақырады.
Пайғамбарымыздың(с.а.с) қандай тұлғалық қырын байқап тұрсыз?

December 09, 04:28

Ainur_ustaz_
pinned a photo

December 09, 04:04
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Әрбір адам - жеке тұлға.
Жеке тағдыры, ризығы, мінезі, бейнесі бар. Қайталанбайтын.
Солай бола тұра, бізде адамның қадір-қасиетін,бақытын басқа бір адамға, сөздерге байлау әбден сіңіп кеткен.
Бір әйел ажырасса немесе мүлде тұрмысқа шықпаса...
Балалы бола алмаса немесе балаларында проблема болса...
Ол бір бақытсыз, аянышты сияқты
💔
Ата-ене, туыстардың сөзі бізді өмір сүргіміз келмей кететіндей қайғыртады.
Шын мәнінде, бұл нәрселер адамның қадірлі, бақытты болуына кедергі емес.
Ол өзінің ішкі құндылықтарымен , бойындағы көркем ахлағымен, жүректегі ықыласы, тақуалығымен-ақ құнды, биік тұлға бола алады. Ең алдымен, Раббысының алдында қадірлі болуына жағдайлар, адамдар кедергі емес

Бәлкім, адамның ең үлкен жетістігі де - көп жұмыс істеуі, көп бала дүниеге әкелуі емес, өзінен іші мен сырты сау, өміріне разы, жауапты, мінезі, ойы биік, толыққанды тұлға жасай алуы шығар. Раббысына деген таза иманымен шексіз бақытты
❤️‍🩹
Ішкі тірегі мықты

Ондай адамды оқиғалар, адамдар шайқалта бермейді. Сіз қалай ойлайсыз?

December 08, 11:06
Файлы недоступны
3
Открыть в Telegram

"Аспандардағы және жердегілер әрі ол екеуінің арасындағылар және жердің астындағылардың барлығы - Оныкі
"
♥️
("Та һа" сүресі, 6-аят)
Кейде осындай қуатты аяттар, сөздер бізге уақытша ғана жұбаныш болып жатады. Аз ғана тыныштықтан кейін қайта уайымға салынып кетеміз.
Мұның себебі - әлі де білімнің толық орнықпауы.
Осы дүниені де жеңілдететін, Жәннәтқа жетуімізді жеңілдететін - ол білім. Сондықтан, білім - ең құнды, ең қымбат ризық.
Келісесіз бе?

December 08, 03:54
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Адамның бақытты болуы үшін қажет нәрсе - уайымның болмауы.
Уайым қай кезде болмайды?
Тағдырға деген иманымыз дұрыс болғанда уайым өздігінен сейіледі.
Мешітте сабақ берген жылдарда шәкір ттер тарапынан келетін сұрақтардың көпшілігі тағдыр мәселесіне қатысты болатын.
"НИЕТТЕН НӘТИЖЕГЕ" курсына да осы тақырыпты қостым.
"Не менің қолымда? Не Алланың қолында? Сенім. Сабыр. Жауапкершілік. Қайсысы қай сәтте жұмыс істеуі қажет?"
Осы сауалдардың барлығына дұрыс жауап тапқан әрбір ханымның жүрегіне тыныштық ұялап, шынайы тәуекел етуді үйренеріне сенімдімін
❤️

December 05, 10:27
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Ассәләму алейкум, құрметті ханымдар
🌹
иә, кеше 2 сағат эфирде отырып, бүгін үстімнен бір жүк түскендей сезімдемін. Кеше эфирде бірнеше жылдық ізденістерімнің нәтижесінде жасалған
🌟
🤍
Өміріңізге реттілік
🤍
Жүрегіңізге тыныштық
🤍
Бойыңызға сенімділік сыйлайтын
❤️
"НИЕТТЕН НӘТИЖЕГЕ" жаңа курсын таныстырдым
📍
Курс 12 түрлі тақырыпты қамтиды:
💟
Жылды дұрыс қорытындылау
💟
Жаңа жылға мақсат қою. Оған жету қадамдары
💟
Жетістіктің формуласы
💟
Армандау өнері
💟
Ойлау жүйесін өзгерту
💟
Қаржыны реттеу. Ақша жинау жолдары. Қарыздан құтылу жолы
💟
Энергия жегіштерден арылу, энергияны сақтау, көбейту
💟
Стрессіз өмір сүруді үйрену
💟
күнделікті істерді жоспарлау жүйесі
💟
Дұрыс демалуды үйрену
💟
Тағдыр. Біз әсере ете алатын/алмайтын жағдайлар
💟
⁠Құпия сабақ
😊
Әрбір ханым үшін аса маңызды білімдерді қамтыған курс құны небәрі - 5000 тг. Бұл кешегі эфирге қатысқан оқырмандарға ғана берілген баға болатын. Қатыса алмай қалған ханымдар да бүгін осы бағамен тіркеле алады.
Төлем жасау үшін:
https://pay.kaspi.kz/pay/z8wwkiik
Чекті:87475881763

December 05, 07:28
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

"КӘҺФ" сүресін НЕГЕ ЖҰМА САЙЫН ОҚИМЫЗ?
Білесіздер, бұл сүренің алғашқы он аятын жаттаған адамға Дәжжәлдің зиян келтіре алмайтындығы айтылған. Сонымен қатар, сүреде Дәжжәл шыққан уақытта адамдар сыналатын 4 түрлі жағдай(бүлік) айтылған. Бұл 4 сынақпен адам өмір бойы сыналып өтеді. Сондықтан, оқиғаларға ой жүгірту өте маңызды

1⃣
Үңгірдегі жігіттер оқиғасы - иманымыз арқылы сыналу.
2⃣
Екі бақшаның иесі - байлықпен, дүниемен сыналу.
3⃣
Мұса мен Хидр оқиғасы - біліммен сыналу.
4⃣
Зұлқарнайын оқиғасы - билікпен сыналу.
Оқиғаларға ой-жүгіртіп, тәпсірімен оқу, алған ғибраттарды амалға асыру - алдымыздан шығып отыратын сынақтарды жеңіл өткеруге жәрдем болады.
Сіз "Кәһф" сүресінің мағынасын оқисыз ба? Қай оқиға сізге ерекше әсер етті?

December 05, 01:29
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram