
Ақыреттік жақсыларым🤍
Ғайбат – тілмен ғана емес, жүрекпен де жасалады
Аузың үндемей тұрса да, жүрегің “ол адам сондай…” депті ме?
Сонда сен – ғайбат айтып қойдың.
Себебі Алла – көңілдің ішін де көреді.
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар.
Егер біреуден жаман мінез көрсеңіз, оған шипа сұрап, дұға жасаңыз.
Оған жабысқан кеселден сізді сау еткен Аллаға мақтау айтыңыз
Адам бақытсыз болғанда ғана біреудің мінін теріп, сын айтқыш келеді.
бақыттарыңызды табыңыздар. іштеріңізден. діннен. жүректен
💕
Уа, Алла! Маған кең, адал, таза, дүниеге де, ақыретке де жеткілікті, мол, берекелі, жеңіл, қиындықсыз, ешкімге мұқтаж етпейтін ризық бер!
Сенің кең мейіріміңнен сұраймын, өйткені Сен: «Алланың мол мейірімінен игілік сұраңдар» – деп бұйырдың. Сондықтан Сенің аса мейіріміңнен, мол сыйыңнан үлкен ризық сұраймын.
(Ізгілердің ризық сұрау дұғасы)
Бүгін ораза ұстауды ұмытпаңыз.
Таң намазына 10 минут қалған кезде ауыз бекітіп, кешке дейін ораза ұстаймыз…
Арафа күні – жылдың ең ардақты, ең абзал күні. Тіпті кей ғалымдар арафа күнін қадір түнінен де абзал деп айтқан. Сол себепті осы күні ораза мен дұғаға ерекше көңіл бөлуіміз міндет.
©️
Әдһәм әл-Ғасими
Арафа – тозақтан құтылудың ұлы күні.
Көптеген пенделердің тозақтан азат етілетін ең ұлы күні –
Арафа күні
.
Али ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын) осы ұлы күні мына дұғаны жиі айтуды өсиет еткен:
«Уа, Аллаһым! Мені тозақтан азат ет! Маған адал әрі мол ризық бер! Және мені адамдар мен жындардың жамандығынан сақтай гөр!»
Қиындыққа душар болудың жалғыз жолы – күнә.
Қиындықтан шығудың жалғыз жолы – тәубе.
©️
Али (радиаллаһу анһу)