Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Abylaikhan Nurlanuly📚

arabicabylaikhan
Инстаграмда да бармыз: https://www.instagram.com/abylaikhan.nurlanuly?igsh=MWZwem1uMW51eHplbA%3D%3D&utm_source=qr
Подписчики
2 210
24 часа
30 дней
60
Просмотры
1 723
ER
77,6%
Посты (30д)
6
Символов в посте
506
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
February 28, 11:37

“Алла харам еткен нәрселерден және күнәлі істерден білімі тоспаған адам - құрдымға кетушілерден”
Имам Абу Ханифа (Алла одан разы болып, рақымына бөлесін)
📖
Әғләм әл-умма

February 28, 07:26

Дұғаға “берсе - жақсы, бермесе - жаман” деген сияқты көзқараспен қарау - күндердің бір күні дұғадан жүректі ысырып тастайды. Сөйтіп, дұға әуелі жүректен кетіп, кейін тілде ғана қалады.
Ал соңында мүлде құлдың өмірінен жоғалуы мүмкін.
“Дұғаң - дұғаға мұқтаж…”
кітабынан

February 27, 11:36

Лә иләһә иллә-Ллаһуль-халимуль-карим,
Субханаллаһи раббиль-аршиль-азыйм,
Әлхамду лилләәһи раббиль-аләмин.
Әсәлукә мужибәәти рахматик,
уа азәәима мәғфиратик,
уаль-ғанимата мин кулли бирр,
уәс-саләмәта мин кулли исм.
Лә тадәғ’ ли зәнбән иллә ғафартәһ,
уә лә һәммән иллә фарражтәһ,
уә лә хажатән һия ләка ридон иллә қадайтәһә,
йә архамар-рахимин

February 27, 11:36

Қажетіңді сұрауға арналған керемет дұға:
(Арабша-қазақша транскрипциясы келесі постта)
Аса мейірімді, өте жомарт Алладан басқа құдай жоқ -
Ұлы Арштың Раббысы - Алланы пәктеймін.
Күллі әлемнің Раббысы - Аллаға мадақ болсын.
Сенен рақымыңды шақыратын амалдарды,
кешіріміңе себеп болатын істерді сұраймын.
Әрбір игі амалдан үлесті етші,
әрбір күнәдан аман сақташы
Менде қандай күнә болса — бәрін кешірші,
Қандай уайым болса — сейілтші.
Сен разы болатын қандай да мұқтаждық болса — соның бәрін өтеші,
Уа, Рахымдылардың ең Рахымдысы
!

February 27, 07:58

Мына дұғаны айтпай үйіңнен шығушы болма!
Ризық сұрайтын дұға
Аллаһумма, иә роб, иә роб, иә роб
Солли уә сәллим уә барик
‘Әлә сәиидинә Мухаммад
Уа Аллаһым, маған
ең кең, ең тез, ең таза,
Ең адал, ең тақуа, ең жақсы, ең жеңіл ризықтардың есіктерін ашшы!
Уа Аллам, ризығым аспанда болса түсірші,
Жерде болса, бетіне шығаршы!
Харам болса тазартшы,
Қиын болса, жеңілдетші!
Алыста болса, жақындатшы
Аз болса, көбейтші,
Көп болса, раббым оны маған берекелі етші!
Ал жоқ болса, оны бар қылшы!
Раббым мені кешірші,
Мені сансыз, жәрдемі тоқтамайтын,
Ғажабы бітпейтін нығметке бөлеші!
Уа Раббым, менің қажетімді
Тек ең жақсы құлдарыңның
Құзырында шешуді нәсіп етші!
Иә Раббаль-аламин!

February 26, 09:14

Алла елшісі ﷺ : “
Алла жауап беретініне толықтай сеніп тұрып дұға етіңдер
”- дейді ғой. (Тирмизи)
Толықтай сенген адам, сұраған нәрсесін уайымымен қоса Аллаға тапсырады.
Дұға жоғарыда айтқанымыздай - шақыру. Яғни, Алланы шақыру. Мысал үшін, сен досыңды көмекке шақырсаң, оның қолынан келетін аспект пен істерге уайымдап басыңды ауыртпайсың ғой. Себебі, ол оны жасай алатынына сенесің. Тиісінше, сол іске қатысты уайымың да сейіледі.
Ал бұл жерде сен құдіреті шексіз Алланы шақырып тұрсың ғой. Неге жүрегің тыныштық таппай тұр?!
“Дұғаң - дұғаға мұқтаж…” кітабынан
📖

October 13, 13:40

Бірде сахабалар арасынан бір адам тұрып:

Көп дұға етейік
” депті. Сонда Алла елшісі
ﷺ :

Алла одан да көбірек…
” деп жауап берген екен. (Хадис. Тирмизи)
Яғни, “
Алла сен дұға еткеніңнен де көбірек жауап береді
” деген сөз.
Абдулла Сирадж ад-дин
“Дұға” кітабы.

October 04, 18:52

Раббыңмен қарым-қатынасың иттікіндей болмасын…
Ит алдына лақтырылған сүйекті ғана көріп, сүйекті беруші иесін ұмытып кетеді.
Хикам Атойя дәрісінен түйген ой…

October 03, 15:28

Түрлі қиындықта жүрген немесе қарызданып қалған жандарға таптырмас дұғалардан…
Ибн Масғудтан (Алла одан разы болсын) жеткізіледі:
اللهم يا ذَا المَنِّ ولا يُمَنُّ عليه، يا ذا الجَلالِ والإكْرَامِ، يا ذا الطَّوْلِ والإنْعَامِ، لا إله إلا أنت: ظَهْرَ اللَّاجِين، وجَارَ المُسْتَجِيرِين، ومَأْمَنَ الخائِفِين، إن كُنْتَ كتَبْتَنِي شَقِيًّا فامْحُ عَنِّي اسْمَ الشَّقَاء، وأثْبِتْنِي عِنْدَكَ سَعِيدًا، وإنْ كُنْتَ كَتَبْتَنِي مَحْرُومًا مُقَتًّرًا علَيَّ رِزْقِي فامْحُ حِرْمَانِي ويَسِّرْ رِزْقِي، وأثْبِتْنِي عِنْدَكَ سَعِيدًا مُوَفَّقًا للْخَيْرَات، فإِنَّكَ تَقُولُ فِي كِتَابِكَ الذِي أنْزَلْتَ : "یَمۡحُوا۟ ٱللَّهُ مَا یَشَاۤءُ وَیُثۡبِتُۖ وَعِندَهُۥۤ أُمُّ ٱلۡكِتَـٰبِ"
“Уа қайыр-шарапат иесі, аса ұлы, ерекше жомарт, құдіретті әрі нығметке бөлеуші, Өзіңнен өзге тәңір жоқ - Аллаһым…!
Босқындардың панасы, жәрдем сұраушылардың тірегі, үрейленіп, қорыққандардың амандығын беруші, уа Алла!
Егер мені бақытсыз деп жазған болсаң, менен бақытсыздық атаулысын кетірші. Мені Өз құзырыңда бақытты деп жазшы!
Егер мені ризығы аз, мақрұм етіп жазып қойған болсаң, мені мақрұм етпей ризығымды жеңілдетші. Сөйтіп, Өз құзырыңда жақсылыққа қолы жеңіл, бақытты деп жазып қойшы!
Себебі, сен былай дейсің ғой:

Алла қалағанын өшіріп, қалағанын бекітеді. Және негізгі кітап тек оның құзырында
” “

August 02, 23:11

Еркек пен әйел 21-ғасырда ғана пайда болған ба дерсің қазір болып жатқан жағдайларға қарап, саралап, ойланып отырып…
Неге бұрын соңды “абьюз”, “токсик” т.б. болмайтын түсініктер болмады?
Неге ер мен әйел қауымының арасында ашық айқас болмады?
Әлде нағыз ақылды, ойшыл даналар тек осы ғасырда пайда болып, адыңғылардың бәрі білімсіз надан болғаны ма?
Осы кезге дейін ер мен әйел Алла жаратқан болмыстарына сай әдемі тандемде өмір сүріп келді.
Ер әйел, әйел ер болуға талпынбады…
Не болса да, бұның артында тек исламның емес, күллі адамзаттың жаулары тұрғаны көзі ашық, көкірегі ояу адамға айдан анық деп ойлаймын.
Құрметті бауырлар, әпке-қарындастар, дінімізге қайтайық, білім алайық. Қиямет жақындағанда адамның өз дінін ұстануы - шоқ ұстағанмен бірдей болатынын естен шығармайық. Сол уақыттарда өмір сүрудеміз…