Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Atameken Business - Жаңалықтар

atamekenbusiness_qaz
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна. Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз. Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Подписчики
21 649
24 часа
-1
30 дней
-51
Просмотры
946
ER
4,37%
Посты (30д)
115
Символов в посте
776
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Блог о бизнесе и экономике
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Медиа и коммуникации
Краткое описание
February 16, 12:43
Файлы недоступны
3
Открыть в Telegram

Тоқаев Дубайдан жеңіспен оралған бір топ офицерді марапаттады
Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарыстан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкер Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Президенттің Алғысымен марапатталды.
Дүбірлі додада «Қазақстан С» командасы теңдесі жоқ, яғни абсолютті чемпион атанды. Ал «Қазақстан А» командасы екінші орынға ие болды.
Президент «Томирис» қыздар құрамасының жетістігіне де айрықша тоқталды.
Қазақстанның намысын қорғаған бес құраманың бәрі де үздік 20 команданың тізіміне кірді. Бұл нағыз жасампаз отаншылдық деп күмәнсіз айтуға болады. Төрткүл дүние ұл-қыздарымыздың мықтылығына куә болды. Сондықтан тағы да атап өткім келеді, сіздер көрсеткен мықты тактикалық дайындық, айрықша күш-жігер мен тамаша топтық жұмыстың арқасында әлем жұртшылығы қазақтың батыл, қайсар және өр рухты ұлт екеніне көз жеткізді, – деді Президент.
t.me/atamekenbusiness_qaz

February 16, 12:21
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Алматы әуежайы 2,1 млн теңге айыппұл арқалады
Бұған дейін сот әуе айлағына өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауына қатысты ескерту жіберген. Алайда Алматы әуежайы бұл талапты орындамаған. Осылайша халықаралық әуежайға 500 АЕК (2 162 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шықты. Бұл ретте әуе айлағының ірі кәсіпкерлік субъектісі екені ескерілген.
Қаулы күшіне енді. Әуежай айыппұлды 30 тәулік ішінде төлеуі тиіс.
Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz

February 16, 11:41

Теңге нығайды
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы
491,97 теңге
болды. Шетел валютасы 3,76 теңгеге түскен.
Kurs.kz
мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 490,04 теңгеден сатып алынады, 497,04 теңгеден сатылады. Алматыда долларды сатып алу – 492,5 теңге, сату – 494,29 теңге.
Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz

February 16, 11:13

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Президент Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ресей Президентінің сапары мамыр айына жоспарланған.
Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz

February 16, 10:23
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

«Дем алу қиын!»: Түтінге тұншыққан Өскемен халқы өтемақы талап етеді
Өскемен аспанын бүгін қою түтін торлап алды. Мектеп оқушылары тағы да онлайн оқуға көшті. Шығыстағы шаһарда тыныс алу мұңға айналып, халық дабыл қағып жатыр. Тұрғындар денсаулығына тиген зиян үшін өтемақы талап етуде.
«Түскі форматтың» толық нұсқасын
осы жерден
көре аласыздар.
Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz

February 16, 09:47

Алматы мен Астанада автономды таксилер сынақтан өтеді
Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қалалық мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
«Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарланып отыр. Ұзақ мерзімде қарастырсақ бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz

February 16, 08:36
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Токиода Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті. Бүгін Император…

February 16, 07:53
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

February 16, 07:16

Жаңа Ата заң жобасына арналған сайт өз жұмысын бастады
referendum2026.kz
сайты алдағы референдумға және жаңа Конституция жобасына арналған. Мұнда Ата заң жобасының толық мәтіні жарияланды. Түсіндіру материалдарынан бөлек, ресми сайтта Конституцияның мәні мен оның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек ұғынуға көмектесетін тақырыптық материалдар, видеоконтент және интерактивті форматтар ұсынылған.
Айта кететіні, жаңа Конституцияның жобасына қатысты референдум 15 наурызда өтеді.
Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz

February 16, 06:41

Аудит палатасы құрылыстағы тендер төлемдеріне бақылауды күшейтті
Елімізде құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау күшейтілді. Тиісті өзгерістер Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдары негізінде бюджет қағидаларына енгізілді.
Бұған дейін 2019-2021 жылдар аралығында
Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылуына мемлекеттік аудит
жүргізілген болатын. Аудит қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне
мемлекеттік мекемелерді
қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары
(ғимараттар, құрылыстар, автожолдар және өзге де нысандар)
бойынша
орындалған жұмыстар актілерін ұсынуға міндеттейтін өзгерістер енгізу тапсырылды.
Нәтижесінде 2025 жылы бекітілген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қажетті түзетулер енгізілді.
Онда мынандай талаптар көзделген:
❖ Құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша төлем жүргізу кезінде мемлекеттік мекеме:
▪️
электрондық төлем шотын
мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасалатын және басшының ЭЦҚ-сы қойылған орындалған жұмыстар актісі негізінде ресімдеуге;
▪️
егер шарттың құнына жобалау-сметалық құжаттама енгізілген болса, аванстан кейін төлем жасау кезінде қосымша түрде
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының
(ЖСҚ немесе ТЭН бойынша)
скан нұсқасын ұсынуға міндетті.

Мердігерге соңғы төлем
барлық құрылыс немесе жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және заңнамаға сәйкес ресімделген нысанды пайдалануға беру актісі қазынашылық органына ұсынылған соң ғана жүргізіледі.

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген шарттар бойынша
қазынашылықтың бақылау шотындағы қаражат нысан
пайдалануға берілгеннен кейін бас мердігерге аударылады.
Төлем тапсырмасына міндетті түрде нысанды пайдалануға беру актісі қоса тіркеледі.
❖ Мемлекеттік мекемелер төлем жүргізу кезінде қазынашылыққа міндетті түрде:
▪️
тауарлар бойынша – шот-фактураны немесе лизингтік төлемдер кестесін;
▪️
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша – орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісін
(егер қызмет түрі акт жасалмайтын қызметтер қатарына жатпаса)
ұсынуға міндетті.
Барлық құжаттар ужеткізушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылуы тиіс.
Құжаттар қағаз түрінде ұсынылған жағдайда, олар уәкілетті басшының қолымен және мекеменің мөрімен куәландырылады.
📌
Сонымен қатар 2026 жылдан бастап 2025 жылғы 27 маусымдағы ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген
Бюджетті қазынашылық атқару рәсімдері күшіне енді.
Онда да растайтын құжаттарға және төлемдерді жүргізу тәртібіне қойылатын ұқсас талаптар бекітілген.
Қабылданған өзгерістер бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен бақылауын арттырып, негізсіз төлемдер мен құрылыс және жөндеу кезіндегі заң бұзушылықтар тәуекелін төмендетеді. Сондай-ақ төлемдердің тек нақты орындалған және расталған жұмыстар үшін ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді.