Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

bugin.bizde.qonaqta

buginbizdeqonaqtaa
Подписчики
2 060
24 часа
10
30 дней
-30
Просмотры
424
ER
0,21%
Посты (30д)
2
Символов в посте
227
November 12, 01:10

Орнынан тұрған Әбу Талха (р.а.) айбарланып дауыстаған сәтте, Пайғамбарымызды (с.а.с.) қоршауға келген мүшріктердің барлығы зәрелері ұшып, жан-жаққа қаша жөнелді.

November 11, 00:19

Қиындықта еріне демеу болған,
сабыр мен сүйіспеншіліктің ең әдемі үлгісі.
Пайғамбарымызға (с.а.у.) алғашқы уахи келген кезде ол қорқып, үйіне асығып келді. Денесі дірілдеп:
«Мені жапқылаңдар! Мені жапқылаңдар!» — деді.
Сол сәтте Хадиша анамыз (р.а.) сабырмен оны құшағына алып, жұбатты:
«Уа, Мұхаммед! Алла сені ешқашан қор етпейді.
Сен – жетімге қамқорсың, әлсізге жәрдем етесің,
қонақты сыйлайсың, шыншылсың.
Алла сені ешқашан ұятқа қалдырмайды!»

November 10, 13:08

«Мен Хадишаны көрмесем де, оны қатты қызғанатынмын.
Себебі, Пайғамбар (с.а.у.) оны жиі еске алатын.»
(Бухари риуаяты)

November 09, 13:21

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Хадиша анамызға деген сүйіспеншілігі
🌸
💬
Пайғамбар (с.а.у.) айтты:
«
Маған оның — Хадишаның — сүйіспеншілігі нәсіп етілді.
»

November 07, 01:24

Жұмаңыз — жәннатқа бастайтын жол болсын!»
🤍
Жума мубарак!

November 06, 09:48

Жаннатта….
Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Жәннатта менің көз алдымда Хамзаның қанаттары бар, ол қалаған жерінде ұшады.»

November 05, 11:41

Кімге көмектессең – Алла саған көмектеседі
Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етеді:
«Кім бір мұсылманның дүниедегі қиыншылығын жеңілдетсе,
Алла Тағала оның ақыреттегі бір қиыншылығын жеңілдетеді.
Кім бауырының жағдайын жасырса,
Алла да оның кемшілігін жасырды».

November 05, 06:37

Кім Алла үшін дос көрсе, Алла оны сүйеді
«Кім Алла үшін сүйсе, Алла үшін берсе, Алла үшін тыйылса,
және Алла үшін жек көрсе — ол иманын толық меңгерген».
Әбу Хурайра (р.а)

November 04, 12:41

Әбу Хурайраның уақытының бәрі – ілім мен Пайғамбарға (с.а.с) арналған
Бір күні адамдар одан:

«Уа, Әбу Хурайра! Неліктен сен бізден көп хадис риуаят етесің?»
— деп сұрайды.
Сонда ол жымиып тұрып былай дейді:
«Сендер саудамен айналысып жүргенде мен Пайғамбардың (с.а.с) қасында болдым. Сендер егін егіп жүргенде мен хадис жаттап жүрдім».

November 04, 07:34

Бүгінгі айтылатын сахаба Әбу Хурайра (р.а)
Пайғамбарға деген сүйіспеншілігі
🌿
Әбу Хурайра (р.а) айтады:
«Менің Пайғамбарымызға (с.а.с) деген сүйіспеншілігім сондай еді — кейде аш жүрсем де, Оның (с.а.с) нұрлы жүзін көрген сәтте-ақ жүрегім тойып, қуанышқа бөленетінмін».
🕊
Ол — хадистердің ең көп жеткізушісі, Пайғамбарымыздың (с.а.с) жанынан бір елі ажырамаған сахаба еді.
Оның есімі аталған сайын:
«Алла Әбу Хурайраға разы болсын!»
— деуіміз біздің ең аз құрметіміз.
🤍