
Narkes
Болашақта “ақымақтар біреулердің қолшоқпары болады” дегенге жеттік…
Исламға дағуат жүрекке жетсе өзгертіп жібереді.
Ешкімнен үміт үзбе. Кеше қылыш көтерген Омар — ертеңгі күні үмбеттің тірегі болды.
Келін міндетті емес осындай тірліктерді істеуге. Ол істесе махабатпен, өзінің абыройын сақтап істейді. Егер үйге келін алып келсең, ол жатып алса да құқылы. Бірақ абыройын ойлаған келіншек жатпайды. Күйеуінің разылығын іздейді. Жатып алған келіншек күйеуінің…
Отбасылық жанжалда ері әйелін ұрған кезде тек еркек қана кінәлі емес. Ия, ұрған еркек кінәлі. Еркекті ғана кінәлау дұрыс емес. Оны ұрғызып отырған тағы бір әйел бар - енесі. Ене олда әйел. Кезінде келін болған. Олда өзінің енесінен көрмегені жоқ. Қазір…
Отбасылық жанжалда ері әйелін ұрған кезде тек еркек қана кінәлі емес. Ия, ұрған еркек кінәлі.
Еркекті ғана кінәлау дұрыс емес.
Оны ұрғызып отырған тағы бір әйел бар - енесі. Ене олда әйел. Кезінде келін болған. Олда өзінің енесінен көрмегені жоқ. Қазір өзі де сондай болып отыр.
Бізге не жетіспейді?
Мейірімділік!
Сол себептен де залымның жынысы болмайды. Зұлымдыққа кезкелген де баруы мүмкін.
Қазіргі дағуаттың маңыздылығы уағыз емес -
бедел
.
Айтылып жатқан уағызға дағуатшы сай болса дағуаттың мақсаты орындалады.
Бастаған іспен ауырмасаң соңына жете алмайсың.
Адамдар сені “бұл ауыру” деп айтсын.
Пайғамбарымыздың сүт анасының аты Халима Сағадия.
🍼
Сағадия - “бақытты” деген мағынаны білдіреді. Ол қалай бақытты болып қалды? Кедей еді, дүниесі жоқ еді. Алған олжасы жетім бала еді.
🙏
Халима (р.а) Пайғамбарымызды ﷺ алғанда оның үйіне берекет келді, арық түйесі сүт беріп, отар қойлар семірді. Үйінен кедейлік кетті.
✨
Кедейліктен құтылғың келсе Пайғамбарымыздың ﷺ өмірі үйіңде болсын.
🏠
💫
Жер бетінде әр секунд сайын оған салауат айтылып тұратын адам - Мухаммад ﷺ
✨
🤲
Ашу тез және оңай келеді. Бірақ “дұрыс ашу” себеппен, өлшеумен келеді.