Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

АМАЛ ДӘПТЕР/МАҚСАТЫМЫЗ ЖАННАТ🕌🕋📚📌

hadiskoran
Подписчики
1 330
24 часа
30 дней
-20
Просмотры
1 041
ER
0,78%
Посты (30д)
Символов в посте
1 315
March 06, 02:51

Рамазан айында жасалу керек амалдар
:
1.
Сәре уақытында тұру. Расында ол уақытта береке бар.
2.
Таң намазын жамағатпен оқу.
3.
Таң намазынан кейінгі зікірлерді оқу.
4.
Күн шыққанша мешітте болу.
5.
Духа намазын оқу.
6.
Осы айда Құранды толықтай оқып хатым ету.
7.
Қай жерде болмасын, әсіресе көшелерде, қоғамды жерлерде жүргенде көзді тыю.
8.
Лә иләәһә иллаллаһ пен Истиғфарды көбейту.
9.
Шам намазының алдында, ауызашар уақытында  дұға ету, әрі осы амалда тұрақты болу.
10.
Тарауих намазын толықтай жамағатпен оқу.
11.
Қарыздарыңыз болса өтеп, жанжалдасып, ренжісіп, ақысына кірген, таныстарыңыз болса солармен татуласқан күйде Рамазан айына кіру.
©
Шейх Әдһам (хафизаһулла)
https://t.me/kuransunna2023

February 27, 15:30
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

February 26, 16:48

Бәрі осыны құп көрді.
Ертесі күні Аллаһтың қалауымен қақпадан алғаш болып Хазіреті Пайғамбарымыз Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм кірді. Халық басқанын емес өздері "әл- Әмин" деп атаған шыншылдығымен аты шыққан кісінің келгеніне айрықша қуанып, оның төрелігіне жүгінеді. (375).
Талас - тастыртың неден туындағанын түсіндіргенде, Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм көп ойланып жатпастан мата сұратты. Қара тасты соның үстіне қойдырып, әрбір рудан бір кісі ортаға шығарып, матаның пұшпағынан ұстатып, тиісті жерге жеткізгеннен кейін, қара тасты Аллаһ елшісі соллаллаһу әләйһи уә сәлләм өз қолымен орнына қойды. Оның бұл тапқырлығына бәрі тәнті болды. Осылайша талас - тартысқа соңғы нүкте қойылды (376). Бұл кезде Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм жасы отыз бесте болатын.
375. Муснад.
376. Ибн Сағыд.

February 24, 18:06

Жиырма бес жасында Меккедегі дәулетті Хадиша есімді әйелдің сауда керуенің басқарады. Хазіреті Мұхаммедтің оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, адалдығымен ұқыптылығына тәнті болған Хадиша оны ұнатып, үйленуге ұсыныс білдірді. Нәтижеде Аллаһ елшісі 25 жасында Хадиша анамызбен отау құрады. Хадиша анамызбен жұп жарастырған бақытты шаңырақтарында екі ұл, төрт қыз сүйеді ,(үшінші ұлы Ибраһим басқа зайыбына дүниеге келген). Ұлдары "Қасым, Абдуллаһ, Ибраһим; қыздары: Зейнеп, Руқаия, Үммі Гүлсім және Фатима (374).
Хадиша анамызбен тату - тәтті өмір сүрген Пайғамбарымызбен оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ол бақилық болғаннан кейін де өле - өлгенше оның Ислам дініне жасаған қолдауын, басқа да жақсылықтарын ұмытпаған. Хазірет Мұхаммед оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын жастайынан ел ішінде көркем қасиеттерімен танылған еді. Халық оның шыншылдығы мен сенімділігін ескеріп, "әл - Әмин" (сенімді) деп құрметтейтін. Оны мына бір оқиғадан байқауға болады. Меккедегі қасиетті Қағбаның қабырғалары ұзақ уақыт күтім көрмей, жауын - шашын, жел құздан жер болып мүжіліп біткен - ді. Осыған байланысты Қағбаны жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Әр рудың адамдары бұл іске білек сыбана кіріседі. Алайда қасиеті қара тасты (Хажарул - әсуәт) тұғырына қондыруға келгенде, рулар арасында талас туды. Әр ру оны өз қолымен қойғысы келді. Бұның соңы қақтығысқа, жаға жыртысар жанжалға ұласу қаупы туындағандықтан, тығырықтан шығар жолды Құрайштың ең жасы үлкен қариясы Әбу Үмәйя ибн Мұғира көрсетеді: - қаласаңыздар бұның төрелігін ертең Сафа қақпасынан бірінші болып аттаған кісіге қалдырайық. Бәрі осыны құп көрді.

February 23, 12:24

Адамзаттың асылы Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм.
Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм он екі жасқа толғанда, саудамен айналысатын көкесі Әбу Тәлібтің бір жағына шығысып, Сирияға бірге сапар шегеді. Алайда, олар Бусра деген жерден кері оралуға мәжбүр болады. Өйткені жолда Бахира атты монахқа жолыққан еді. Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм бойынан соңғы пайғамбардың белгілерін байқаған Бахира Әбу Тәлібке кері қайтуға кеңес береді. Себебі балаға яһудилердің зияны тие ме деп қорықанын жасырмайды (371).
Бала кезінде бірде Мекке маңында Әбу Тәлібтің қойын бағып жүріп жергілікті халықтың тойына бармақшы болғанында, жолда ұйықтап қалып, той тарқаған соң бір- ақ оянғанын айтқан (372).
Өмірінде кездескен осындай бірқатар оқиғалар (373) Аллаһ тағаланың оны кішкене кезінен күнәдан сақтаған исмет сипатын аңғартып тұр. Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм 591 жылы жиырма жасқа толғанда "Хилфул Фудул" қоғамына мүше болып кіреді. Бұл қоғам Меккеде озбырлық болмауын қадағалап, біреудің біреуге әлімжеттік жол бермейтін. Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм пайғамбарлық келгеннен кейін жылдарда сол кезді "Қазір де сол ұйым өздеріне шақырса, бас тартпас едім: деп еске алатын.
371. Ибн Сағыд.
372. Сүһайли.
373. Бұхари.

February 22, 17:51

Пайғамбарлар тарихы.
АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ - ХАЗІРЕТ МҰХАММЕД ОҒАН АЛЛАНЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН.
Тарихи кітаптарда өзге пайғамбарларға қарағанда Аллаһтың сүйіктісі, адамзаттың соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафа оған Алланың игілігі мен сәлемі жайлы деректер толық сақталған.
Адамзаттың асылы соллаллаһу әләйһи уә сәлләм (милади жыл санауы бойынша) 571 жылы, Рәбиул - әууәл айының дүйсенбіге қараған он екінші түні Меккеде дүниеге келді. Ол уақыттарда "Мұхаммед" есімі ел арасында кең таралмаған еді. Атасы Абдулмутталиб немересінің атын " Мұхаммед " деп қойған себебін "Аллаһтың да, халықтың да мақтауына ие болғанын қаладым" деп түсіндірген (370).
Әкесі Абдуллаһ әлдебір сауда сапарында жүріп, көз жұмады. Бұл кезде Хазіреті Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм дүние есігін әлі ашпаған болатын. Тумай жатып әкесінен айрылған Мұхаммед соллаллаһу әләйһи уә сәлләм төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Әминаның қолында өсті. Алты жасында анасы Әмина оны туған туыстарын аралатып, әкесінің басына ертіп апару үшін Мәдинаға аттанады. Нәжжарұлдары жағынан туыстарымен танысып қайтқан осы сапарында қайтар жолында "Әбуа" деген жерде анасы Әмина аяқ астынан ауырып қайтыс болды. Сапарға бірге шыққан Үммү Әйман атасы анасынан тұлдыр жетім қалған баланы Мекккеге әкеліп, атасының қолына табыс етеді. Алты жасынан сегіз жасына дейін атасы Абдулмүтталибтің қолында өсті. Атасы қайтқанда, марқұмның өсиетімен әкесінің бауыры бауыры Әбу Тәліптің қарамағына берілді.
(370) Осман Кескиоғұлы.

February 21, 05:40

Деймін да!
Кішкене саясаттан. Байқаймын Зеленскийді АҚШ-та, Европа да лақтырып кеткен сынайлы. Онымен қоймай берген ақшасын қайтар деп жатыр. Бұл ешкімге сенім артудың қажеті жоқ екендігінің айғағы. Өйткені, Ресей де, АҚШ-та, Европада, тіпті Түркия да өзінің мүддесін, яғни, өз елінің мүддесін ең бірінші қатарға қояды. Ол заңдылық. Жеме-жемге келгенде лақтырып кетуі бек мүмкін.
Зеленский Ғаззадағы бала-шағаны қырып жатқан Израильді бірінші боп қолдады (ол жақта украин сарбаздары да жүрді), ондағысы әрине өз елінің туын әлемдегі күшті елдердің қатарына қоссын дегендік. Бірақ, оларға Украина да, Зеленский де ешкім емес, қызметшісі ғана, қанша мақта, қанша оларға жағымпаздық жаса, саған келер пайда болмайды, сені көтермейді ешқашан.
Сондықтан, анаған, мынаған жалтақтамай, дұрыс саясат жүргізу керек. Бәрімен достық қатынастың шеңберінде бизнес жасау керек. Кей жерде озып, кей жерлерде қалып дегендей.
Мұнда ел тізгінің ұстаушы билік иелерінің батыл, ақылды және мықты саясатшыл болулары маңызды. Негізі Назарбаевтың сыртқы саясаты дұрыс деп ойлаймын.
Әсілі, әлемді билеп-төстеп отырғандардың ойында әлемдегі елдердің басына өңшең саясат жүргізе алмайтын босан, майда-шүйде біреулерді қою жоспары бар. Ол саясат жай-жай жүргізіліп жатыр. Құдай біздің елден оның бетін аулақ қылсын!
Қазіргі шиеліністі заманда біздің елге мықты президент керек болады деген ойдамын. Мысалы, бір облыстың көркеюі әкімнің мықтылығына және іскерлігіне байланысты болғаны секілді, елдің де мықты болуы тікелей президентке байланысты.
Құдай біздің елдің басына мықты басшыларды нәсіп қыла берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әлемде соғыс болмасын!

January 08, 13:41

Жалпы дұға (арабша-қазақша):
Арабша:
اللَّهُمَّ اغْفِرْ لَنَا وَلِوَالِدِينَا وَلِمَنْ دَخَلَ بَيْتَنَا مُؤْمِنًا وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ، الأَحْيَاءِ مِنْهُمْ وَالأَمْوَاتِ.
اللَّهُمَّ اجْعَلْنَا مِنَ التَّوَّابِينَ، وَاجْعَلْنَا مِنَ الْمُتَطَهِّرِينَ، وَاجْعَلْنَا مِنْ عِبَادِكَ الصَّالِحِينَ، وَاجْعَلْنَا مِنَ الْمُفْلِحِينَ.
اللَّهُمَّ ارْزُقْنَا عِلْمًا نَافِعًا، وَرِزْقًا طَيِّبًا، وَعَمَلًا مُتَقَبَّلًا، وَقَلْبًا خَاشِعًا، وَلِسَانًا ذَاكِرًا.
Қазақша:
«Алла! Бізді, ата-аналарымызды, үйімізге мұсылман болып кіргендерді, барлық мұсылман ерлер мен әйелдерді, тірілерді де, қайтыс болғандарды да кешіре гөр.
Алла! Бізді тәубе етушілерден, тазаланушылардан, Сені разы қылатын құлдарыңның қатарынан ет. Бізді екі дүниеде де құтылатындардың қатарынан қыл.
Алла! Бізге пайдалы білім, халал ризық, қабыл болатын амал, тақуа жүрек және Сені көп еске алатын тіл нәсіп ете гөр».
---
Арабша:
اللَّهُمَّ إِنَّا نَسْأَلُكَ رِضَاكَ وَالْجَنَّةَ، وَنَعُوذُ بِكَ مِنْ سَخَطِكَ وَالنَّارِ.
اللَّهُمَّ آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً، وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً، وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ.
اللَّهُمَّ يَا مُقَلِّبَ الْقُلُوبِ، ثَبِّتْ قُلُوبَنَا عَلَى دِينِكَ.
Қазақша:
«Алла! Сенің разылығыңды және жәннатты сұраймыз. Сенің ашуыңнан және тозақтан сақтауыңды тілейміз.
Раббымыз! Бізге бұл дүниеде жақсылық, ақыретте жақсылық беріп, бізді тозақ азабынан сақтай гөр.
Жүректерді аударушы Алла! Жүрегімізді дініңде бекем қыла гөр».
---
Арабша:
اللَّهُمَّ إِنَّا نَسْأَلُكَ الْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ.
اللَّهُمَّ اكْفِنَا بِحَلالِكَ عَنْ حَرَامِكَ، وَأَغْنِنَا بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ.
اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي أَوْقَاتِنَا وَأَعْمَالِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا.
Қазақша:
«Алла! Бізге бұл дүние мен ақыретте амандық-саулық бер.
Бізге халал нәрсеңді жеткізіп, харамнан сақта. Өз فضلымен бізді өзгеге мұқтаж қылма.
Уақыттарымызға, амалдарымызға және ұрпақтарымызға береке бере гөр».
---
Бұл дұғаларды жеке немесе жамағатпен бірге оқуға болады. Арабша оқығаннан кейін мағынасын қазақша айтып, дұғаның маңыздылығын түсіндірсе, пайдалырақ болады.
https://t.me/kuransunna2023

January 08, 13:41

Салауаттың маңызы мен артықшылықтары
Салауат – Мұхаммед Пайғамбарға (ﷺ) Алланың сәлемі мен игілігін тілеу. Құранда Алла Тағала былай дейді:
«Ақиқатында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Әй, иман келтіргендер! Оған салауат айтыңдар және сәлем жолдаңдар» (Ахзаб сүресі, 56-аят).
Салауат айту Пайғамбарымызға (ﷺ) сүйіспеншілікті білдіреді, дұғаларымыздың қабыл болуына себеп болады және күнәларымызды кешіруге мүмкіндік береді.
Салауат түрлері:
1. Қысқа салауат:
Арабша:
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ
Қазақша:
«Алла Тағалам, Мұхаммедке игілік бере гөр».
---
2. Толық салауат:
Арабша:
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ. اللَّهُمَّ بَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ.
Қазақша:
«Алла Тағалам! Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне игілік бере гөр, дәл Ибраһимге және оның әулетіне игілік бергеніңдей. Ақиқатында, Сен – мақтауға лайықты, ұлысың.
Алла Тағалам! Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне береке бере гөр, дәл Ибраһимге және оның әулетіне береке бергеніңдей. Ақиқатында, Сен – мақтауға лайықты, ұлысың».
---
3. Қарапайым салауат:
Арабша:
صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ
Қазақша:
«Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын».
---
4. Жұма күніне арналған салауат:
Арабша:
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ عَدَدَ مَا ذَكَرَهُ الذَّاكِرُونَ، وَغَفَلَ عَنْ ذِكْرِهِ الْغَافِلُونَ.
Қазақша:
«Алла Тағалам! Мұхаммедке Оны зікір еткендер мен естен шығарғандардың барлығының санына сай игілік бере гөр».
---
Салауат айтудың артықшылықтары:
1. Күнәлардың кешірілуі: Салауат айту күнәларды өшіреді.
2. Дұғаның қабыл болуы: Салауат – дұғалардың қабыл болуына себепкер.
3. Алланың разылығы: Салауат арқылы адам Алланың разылығына жетеді.
4. Жақсылықтың еселенуі: Бір салауатқа Алла он есе игілік береді.
5. Пайғамбарға (ﷺ) жақын болу: Салауат айтушы Қияметте Пайғамбарға (ﷺ) жақын болады.
Салауатты жиі және ықыласпен айту арқылы Алланың нығметтеріне бөленуге ұмтылғанымыз жөн.
https://t.me/kuransunna2023

December 10, 16:47

https://t.me/kuransunna2023