Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

🖊жазбалар

jazbalaaar
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...» © Абай Құнанбай сұрақтар мен пікірлер: http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=6mLjKh
Подписчики
2 130
24 часа
30 дней
-20
Просмотры
2 198
ER
1,03%
Посты (30д)
Символов в посте
737
August 06, 12:39

САРАЙШЫҚ
Сарайшық
- ортағасырлық қала.
Атырау қаласының
солтүстігінен 55 км жерде
Жайық өзенінің
оң жағалауында орналасқан. Қаланың іргесі
XI ғасырда
қаланған.
Араб көпесі әрі жиһангезі
ибн Батута
қала туралы өзінің
Тухфату әл-әнзар фи ғарайб әл-әсар уа ажаиб әл-әсар
атты еңбегінде Сарайшық жайлы айтып былай дейді:
Сарай қаласынан шығып, 10 күндік жолды артқа тастап, Сарайжуқ деп аталатын қалаға жеттік. Жуқ сөзі - кіші деген мағынаға саяды. Яғни Сарайжуқ сөзі - кіші сарай дегенді білдіреді. Аталмыш қала ағыны қатты «
Ұлысу
» деп аталатын үлкен өзеннің жағасында орналасқан. Ал «Ұлысу» - үлкен су дегенге келеді. Өзеннің бетінде Бағдаттағы көпір сияқты көпірі бар екен. Осы жерден біздің арбаларды сүйреп келген аттармен сапарымыз аяқталды. Біз ат-көлігімізді қаладағы арзаншылыққа байланысты, әр жылқыны төрт күміс динарға бағалап, төмен бағамен саттық. Арбаға жегу үшін біз түйелер жалдадық. Осы қалада түркіде шыққан құрметті тақуа діндар кісінің кішігірім құлшылыққа арналған жайы бар, оны - Ата деп атайды. Ол бізді қонақ қылып, сонымен қатар батасын берді. Бізді сол жердің бір қазысы қонаққа шақырды. Өкінішке орай, оның аты есімде қалмады.
[1]
Сарайшық қаласының тұрғындары алғашқы уақыттан бастап ислам дінін жақсы меңгеріп, діни ұстанымдарға берік болған. Сондай-ақ қазақ халқына сіңіп қалған қонақжайлылық ертеден қалыптасқан.
Сарайшықтың қарқынды дамуы, әсіресе қоғамдық және діни ғимараттардың көптеп салынуы
1263 жылы
Бүрге ханның
ислам дінін қабылдауынан соң жүзеге асты.
1310 жылы
Өзбек хан
исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қалада 1341 жылы
Әз-Жәнібек
,
1357 жылы
Бердібек хандар
таққа отырды.
1. Ибн Батута. Тухфату әл-әнзар фи ғарайб әл-әмсар уа ажаиб әл-асфар. Дәру әш-Шарқ әл-Араби. I. 277 б
📖
Сайын даланың саңлақ ғұламалары.
ұстаз Азамат Жамашев
#азаматжамашев
#сайындаланыңсаңлақғұламалары
#кітаптанүзінді
http://t.me/jazbalaaar

August 01, 22:06

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Кеңес үкіметіне дейін Ақтөбе облысында
200-дей
мешіт халыққа қызмет еткен.
Әйтеке би ауданында Талдық, Қайрақты өңірінде жеті мешіт болса, соның бірі 1908-1910 жылдары Жетпісбай ишан салдырған мешіт еді. Кеңес үкіметі оны 1936 жылы бұздырып, кірпіштерін үй салуға пайдаланған.
Кеңес үкіметі тұсында діни қызметкерлер көптеген ауыртпашылықты басынан кешірді, кейбір қызметкерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Салдарынан Мешіт мұнаралары мен күмбездерін қиратып, оларды мал қоралары мен қоймаларға айналдырды.
Сол себепті 200 мешіттің көпшілігі жермен-жексен болып, тек бірнеше мешіт қана аман қалған. Олардың көрнектілері: Ақтөбе мешіті, Ойыл аудандық мешіті және тағы басқалары жатады.
📖
Сайын даланың саңлақ ғұламалары.
ұстаз
Азамат Жамашев
#азаматжамашев
#сайындаланыңсаңлақғұламалары
#кітаптанүзінді
http://t.me/jazbalaaar

July 14, 11:47
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

🌙
Мұхаррам айында келетін Ашура күні – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. «Ашура» сөзі «оныншы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, мұхаррам айының оныншы жұлдызы.
🗓
Биыл Ашура күні 16 шілдеге сәйкес келіп тұр.
🍽
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза», – деген [2].
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ашура күнінің оразасы туралы: «Өткен жылдың күнә-қателіктерін өшіреді, деп үміт етемін», – деген [3]. Осыған орай, ханафи мәзһабында ашура оразасын ұстау – сүннет, ал оған алдыңғы (тоғызыншы), не кейінгі (он бірінші) күнді қосып тұту – мұстахап [4], деп пәтуа берілген.
Сонымен қатар, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ашура күні әйел, бала-шағасына кеңшілік жасаса, Алла оған жыл бойы кеңшілік жасайды», - деген [5]. «Кеңшілік жасау» дегенде дәмді тойымды тамақ әзірлеу, сыйлық беру сияқты сауапты істер түсініледі.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
1. Нәсаи риуаят еткен.
2. Мүслім риуаят еткен.
3. Мүслім риуаят еткен.
4. «Фәтауа Қазихан», 1/129.
5. Табәрани, Бәйһақи риуаят еткен.

June 21, 07:09

с
: таспих тарту жайлы айтсаңыз жамағатпен немесе жеке
ж
: мешітте жариялап таспих тартылу себебі білмейтін адамдарға үйрету мақсатында. сондықтан ол жерде тұрақты түрде жария айтылып тұрады, себебі білмейтін адамдар келеді мешітке. және таспих тарту білетін адамға имамның артынан бірге ілесіп отыру шарт емес, тіпті қажет емес, ол білмейтіндер үшін арналған.
🖊️
Олжас Ханафин
#сұрақжауап
#таспих
#олжасханафин
t.me/jazbalaaar

June 18, 08:15

Мешітте әдеп көрсете алмаған өзге жерде әдеп көрсете алмайды.
Ал егер оның Мешіт сыртындағы тәртібі әлдеқайда мешіт ішінен жақсы болса, Алланың үйіне деген құрметі жайлы ой жүгіртсін...
🖊
Жұмаділдә Елдос
#мешіт
#әдеп
#жұмаділдәелдос
t.me/jazbalaaar

June 17, 17:50

с
: Қазір неге депрессия, стресс, травма деген нәрселер көп, иман әлсіз болғаннан ба?
ж
: Бәрі де Алламен байланыстың жоқтығынан. Адам өзінің құл екенін, бар болғаны Алланың мүлкі екенін ұмытқан кезде солай болады. Өзін танымай, нәтижесінде Алланы танымаған адам Алламен қарым-қатынасында өзіне көп маңыз беріп, бейне бір Алла онымен санасу керек сияқты сезініп кетеді ғой. Анығын Алла біледі.
🖊️
Дастан Құрманбаев
#травма
#сұрақжауап
#дастанқұрманбаев
t.me/jazbalaaar

June 17, 11:49

Психологтардың Пайғамбарымыз ﷺ бен сахабалардың да бойынан травма табуға тырысып жатқанын көріп, қорқайын дедім. Біреуі айтады екен: "Пайғамбарымыздың ﷺ Хадиша анамызға үйленуі аналық махаббат жетіспегеннен" деп. Аьузубилля!!! Пайғамбарымыз толықтай Алланың қамқорлығында болып, Алланың өзі оны түрлі жағдайлармен тәрбиелеп шыққан. Ата-анасыз өсуінің де бірде-бір себебі осыда. Дін атын жамылып, психология жайлы сөйлеп жүргендер бірнеше жылдардан кейін намаз да оқымай, тіпті Ислам дінінен бас тартса таңқалмаймын. Алла һидаят берсін.
🖊
Олжас Ханафин
#психология
#психологтар
#олжасханафин
t.me/jazbalaaar

June 16, 13:44

С
: Кемел адам болу үшін не қажет? Не істеу керек
Ж
: Ешкім кемел бола алмайды. Кемел адам ол пайғамбарлар ғана. Қалған баршасы күнә жасап, қателесуші. Бірақ солардың ең жақсылары күнәсін мойындап, тәубе еткендері. Ендеше кемелдікке ұмтылудың жолы қате жасағаннан кейін дереу тәубеге асығып, артынша жақсылық жасауға тырысу. Және кішкентай күнәларды тұрақты жасамау. Ол тіпті үлкен күнәні пендешілікпен байқамай жасап қоюдан жаман. Өйткені ол оның күнә екенін білсе де, Алланы елемей жасай беруі, байқамай ауыр күнәні жасап қоюдан ауыр. Себебі ол ауыр күнәні бейғамдыққа түсіп, жасап қойды. Бірақ сосын үлкен өкінішке түсті де, оған және оған апаратын жолдарға ешқашан жоламайтын болды.
🖊
Олжас Ханафин
#сұрақжауап
#күнә
#олжасханафин
t.me/jazbalaaar

June 15, 14:04

Дұрыс ұйықтауды үйретеді, дұрыс тамақ жеуді үйретеді, арықтауды үйретеді, салмақ жинауды үйретеді, жылауды, күлуді үйретеді.
Бір саланың маманы болу, жаңа нәрселер ойлап табу былай тұрсын біз өмір сүруді де білмейміз екенбіз ғой.
Артық салмағың бар ма? Зиянды тамақ жеме, газировка ішпе, спортпен айналыс, витамин іш.
Ешнәрсеге қатыспай-ақ істей салуға болмай ма?
Ешкімді айыптамаймын, ерік-жігер жетіспей жатса, барлық тәсілді қолдану да керек шығар.
Мысалы күнде 7-8 сағат ноутбуктың алдында отыра берсең, 3 жылда остеохондроз, сколиоз болатының белгілі ғой.
Сол үшін алдын алу үшін жүзуге барасың, жүгіресің деген сияқты.
Бұны түсіну үшін дипломың болу шарт емес.
🖊
Сырымбек Шакизада
#жекедаму
#сырымбекшакизада
t.me/jazbalaaar

June 15, 06:37

Заманымыздағы хижаб киген қыздардың білезіктен жоғары жағын ашуы, (әсіресе уағыз айтатын әйелдердікі) көңіл бөлу керек мәселе. Ол хижаб киюдегі салғырттық па? Жоқ әлде харам мен халалды ажырата алмау ма? Әлде ол сол істі адалдап алу ма?
🖊
шейх Бара әл-Ханбали
#хижаб
#әйел
#қыз
#жазбалар
t.me/jazbalaaar