Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar
жарнама және ұсыныс бойынша: @zhalgastyr
Подписчики
6 340
24 часа
-4
30 дней
-172
Просмотры
1 731
ER
27,3%
Посты (30д)
10
Символов в посте
230
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
October 22, 19:57

Құлып есікті ұрыдан қорғағанымен, кілті бар адамнан қорғамайды.

October 18, 09:59
Файлы недоступны
4
Открыть в Telegram

Кеше “Oyan” театрының ұйымдастыруымен алғашқы студенттік театрлар арасындағы
«IZ»
фестивалі өтті. Көзі ашық, көкірегі ояу, театр деген мөлдір өнерге махаббатпен қараған замандастарды көріп жаным жылыды. Қойылымдарды қарап отырып, кішігірім талдау жасап едім, осында қалсын
✨
📌
1. Шерхан атамыздың “Ай мен Айшасы” әдебиетіміздің нағыз маржаны. Ал оны сахналау оңай емес. Жүрек керек. Жігермен ойнап берген “Үркер” театры бір сағаттан аса уақыт қойып шықты. Актерлік шеберліктері мықты. Алайда сюжет бойынша Барысханның болмысы ашылмады. Шешесінің де. Сахналық ауысуларды жүйелеу керек екен. Хор сезілмеді. “Самалтаумен” алып шықты. Сол жағы көбіне ұнаса керек. Менің берем бағам 10/7.
2. Мүлде көріспеген қос көрші арқылы махаббатты суреттеуге тырысқан «Шаңырақ» театры музыкалық тұрғыдан мықты болды. Шырқалған әндер тербеді! Алайда олқылықтар да аз емес. Атап айтқанда, жарықтың қолданылмауы, көріністің аздығы, кейіпкерлердің жетіспеушілігі білінді. Екінші құрамын жібергендері байқалып қалды. Менің берер бағам 10/6.

October 14, 22:38

«Сағындым» дей алмауым – сағынғаным,
Сенделіп, сағыныштан сабылғаным.
Бір сен деп соғып тұрған тас жүректің
Тек үнсіз күтіп жүрмін жарылғанын.

October 14, 10:21

Тынымбайдың шығармаларына есіл-дертіммен батып барамын. Құтқарып алатын қай жазушы бар?

October 12, 06:05

Сарғайып үзілу де – бір бақыт қой,
Сарғаймай үзілгендер бар емес пе?!
🍁
Алтынбек Ибрагим

October 11, 14:37

October 07, 18:22

Бір әңгіме жазып жатырмын. Атауы – «Шайтандар биі».

October 04, 17:05
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Нәркес гүлім,
Жолыңда бір өзіңнің жанкештімін.
Сағынсам, үй жағыңа елеңдеймін,
Ойлансам, сені ойлаймын әр кешқұрым.

October 01, 13:55

Көңілдің қорғанышы - алданыш. Адам армандаймын деп жүріп алданумен болады, алданып жүріп-ақ талайды бітіреді.

September 28, 17:26

– Жо-жоқ, сіз мүлдем сағыныш дегеннің не екенін білмейсіз-ау!
– Сағыныш… Айға қарап оның сырғасын, күнге қарап сұлбасын, жұлдызға қарап тұлғасын көру болмаса, өкпек жел кеп өпкенде ол да мұндай суыққа төтеп беріп жүр ме деп ойлау болмаса, салқын күздің жапырақтарынан тамған тамшыдан оның жанарын көріп, құшақтап жылытуды аңсау болмаса… Онда мен сағынышты расымен де білмейді екенмін.
#қысқаәңгіме