Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

kaznurkz
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз. Біз: 🏆 11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік; 🥇 "№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Подписчики
3 558
24 часа
30 дней
-12
Необычное падение (24 часа)
Просмотры
386
ER
10,85%
Посты (30д)
30
Символов в посте
667
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Спорт
Пол аудитории
Мужской
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Медиа и коммуникации
Краткое описание
February 16, 11:32
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Шорт-трекшілер Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты
Ұлттық құраманың шорт-трек бойынша көшбасшылары Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метрлік жарысқа қатысты.
Әжғалиев өз жарысында үздік атанса, Никиша үшінші орын алғандар арасынан үздік төрттікке енді.
Әр төрттіктен үздік екі спортшы ширек финалға өтті. Бірақ уақыт бойынша келесі кезеңге жолдама алған жалғыз спортшы Никиша болды.
Осылайша екі қазақстандық спортшы да Олимпиада ойындарының медалі үшін күресті жалғастырады. Шешуші жарыс 18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні өтеді.
Фото: Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің баспасөз қызметі
t.me/kaznurkz

February 16, 09:31
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Тоқаев қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумо шеберін "Барыс" орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті.
Президент спортшыны былтыр Император кубогында "маэгашира" атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленуімен және жарыс қорытындысы бойынша "Канто-се" (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Сондай-ақ спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін
Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
марапаттады.
Материалды толығырақ
KAZ.NUR.KZ
-тен оқи аласыз.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz

February 16, 07:19
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Еліміздің екі ірі қаласында жүргізушісіз такси сынақтан өткізіле бастайды
Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіле бастайды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері хабарлады.
Ведомство мәліметінше, қалада мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Атап айтқанда Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосылмақ.
Фото:
pixabay.com
t.me/kaznurkz

February 15, 17:14
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

"Қатты қысым жасалса да, осы музыканы таңдадым": Михаил Шайдоров Димаш жөнінде пікір білдірді
"Хабар" арнасының тілшісі Михаил Шайдоровтан Димаштың көлік сыйламақ екені жөнінде қаншалықты хабардар екенін сұрады.
"Иә, мен оны көрдім және Димашқа құттықтаулары мен музыкасы үшін алғысым шексіз. Ол біздің үлкен мақтанышымыз", - дейді Михаил.
Спортшы Димаштың әніне сырғанау шешімін сынға алғандар болғанын жасырмады. Десе де ол өз таңдауын өзгертпеген екен.
Материалды толығырақ
KAZ.NUR.KZ
сайтынан оқыңыз.
Фото:
olympic.kz
/ Сали Сабиров
t.me/kaznurkz

February 15, 10:29
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

"Қытай тілін білетін өрт сөндіруші көмегін тигізді": Астанада LRT аялдамасы павильонында өрт шықты
№23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Бейбіт Қыран нысан қызметкерлерімен қытайша тілдесіп, ғимарат ішіндегі жағдайды нақтылап, адамдарды қауіпсіз аймаққа бағыттады.
Қыранның айтуынша, ол 2017 жылы күншығыс елінен Астанаға арман қуып келген. Осында отбасын құрып, бүгінде өрт сөндіруші болып абыройлы қызмет атқарып келеді.
"Қытай тілінде еркін сөйлеуі төтенше жағдай кезінде нақты әрі түсінікті байланыс орнатуға жол ашып, өрт сөндіру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жедел әрі үйлесімді жүргізуге ықпал етті", - делінген министрлік хабарламасында.
Видео: ТЖМ
t.me/kaznurkz

February 15, 07:41
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

"Денисімізді жоқтатпай, борышыңды өтедің": Димаш Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Әнші Димаш Құдайберген Қазақстан құрамасына қысқы Олимпиада ойындарының тарихтағы екінші алтын медалін әкелген Михаил Шайдоровқа көлік тарту етпек.
Ол бұл жөнінде өз желі парақшасында бейнежазба жариялап, Михаилге сәлемдеме жолдады.
"Мишабай, бауырым! Олимпиаданың алтыны құтты болсын, құрметті ағайын! Не деген мереке, не деген той?
Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң, халқымыздың, өкінішке қарай, маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы, еліміздің, халқыңның алдындағы борышыңды жоғары деңгейде өтедің", - дейді Димаш Құдайберген.
Материалды толығырақ
KAZ.NUR.KZ
сайтынан оқыңыз.
Фото: Instagram / kudaibergenov.dimash
t.me/kaznurkz

February 14, 14:34
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Головкин Шайдоровтың тарихи жеңісі туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан және жеке өз атымнан Михаил Шайдоровты мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жеңіс – қазақ мәнерлеп сырғанауының және жалпы отандық спорттың тарихындағы айтулы оқиға. Араға 32 жыл салып, қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің әнұраны қайта шырқалып, көк байрағымыз көкте желбіреді. Бүкіл Қазақстан сізбен бірге мақтанып, осы қуанышты сәтті бөлісіп отыр. Бұл жеңіс арқылы есіміңіз әлемдік спорт шежіресіне алтын әріппен жазылды", - деді Қазақстан ҰОК президенті.
Материалды толығырақ
KAZ.NUR.KZ
сайтынан оқыңыз
Фото:
instagram.com/olympia_da
t.me/kaznurkz

February 14, 03:35
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Тоқаев Михаил Шайдоровты қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.
Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.
Фото:
olympic.kz/Сали
Сабиров
t.me/kaznurkz

February 14, 00:12
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

"Медалімді бүкіл Қазақстанға арнаймын": Шайдоров Олимпиадада жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы үндеуін жасады
Михаил Шайдоров қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды марапаттау рәсімінде жүрген
NUR.KZ
тілшісі.
"Шынымды айтсам, сене алмадым. Бүкіл маусым бойы өзіммен күресіп келдім. Бүкіл маусым мен үшін өте қиын болды. Жарыста үш рет [еркін бағдарламадан] бес мәрте төрттік секіру жасауға тырыстым, бірақ бірде бір рет қолымнан келмеді. Десе де бүгін алшым оңынан түсті, қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Осы Олимпиада ойындарына бес жыл дайындалдым. Барлық маусымда мен тек Олимпиада ойындарында нәтиже көрсетуді қаладым — бүгін қолымнан келді. Мен бұл медальді бүкіл Қазақстанға арнағым келеді!..
Рақмет, көріп отырған, трибунада отырған, пікір қалдырған және әлеуметтік желілерде жазба қалдырған баршаңызға үлкен рахмет! Мен бәрін оқитын шығармын. Бүгін түнде ұйықтай аламын ба? Әй, қайдам", - деді Шайдоров.
Материалды толығырақ
KAZ.NUR.KZ
-тен оқыңыз.
Фото: Сали Сабиров / ҰОК
t.me/kaznurkz

February 13, 23:08
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Шайдоровтың алтынынан соң Олимпиададағы жалпы есепте Қазақстан нешінші орында
Биылғы Ойындардың жалпы есебінде команда қазір Ұлыбританиямен бірге
15-орынды
бөлісіп тұр.
Айта кетсек, британиялықтар да алдыңғы жарыс күнінде скелетоншы Мэтт Уэстонның күш-жігерінің арқасында алтын медаль еншіледі.
Скриншот:
Google.com
t.me/kaznurkz