
Korkyt Ata University
⚜️
МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде магистратураға қысқы қабылдаудың қорытындысы бойынша білім алған 38 түлекке салтанатты түрде диплом табысталды.
Салтанатты шараға университет Ректорының міндетін атқарушы Дана Абдрашева қатысып, «магистр» академиялық дәрежесін иеленген білім алушыларды құттықтады.
«Бүгінгі күн – сіздердің еңбектеріңіздің, табандылық пен ізденістің нәтижесі. Магистратураны аяқтау – кәсіби және ғылыми жолдағы маңызды қадам. Елдің дамуына өз үлестеріңізді қосады деп сенемін», – деді ол өз сөзінде.
Шара барысында түлектерге дипломдар табысталып, университет ұжымы ізгі тілектерін жеткізді. Жиын соңында естелік суреттерге түсіп, жылы лебіздер айтылды.
💐
🇰🇿
ЖЕҢІС СӘДУАҚАСҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин», ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерінің иегері Жеңіс Сәдуақасұлының 80 жасқа толуына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті.
Толығырақ
📎
https://korkyt.edu.kz/article/2349
🇷🇺
ПО СЛУЧАЮ 80-ЛЕТИЯ ЖЕНИСА САДВАКАСОВА В УНИВЕРСИТЕТЕ КОРКЫТ АТА ПРОШЛО НАУЧНОЕ СОБРАНИЕ
На торжественном собрании, которое вела проректор по научной работе и международным связям Майнура Бурибаева, весь коллектив университета чествовал ученого-юбиляра. Кульминацией мероприятия стало вручение ему престижной медали Ахмета Байтурсынова от Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.
Подробнее
📎
https://korkyt.edu.kz/ru/article/2349
⚜️
ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық байланыстарды дамыту мен білім алушылардың кәсіби деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта университет студенттері 2025–2026 оқу жылының екінші семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын болады.
Атап айтқанда, Түркия Республикасының Ескишехир Османгази университетінде – 6 студент, Анадолу университетінде – 6 студент, Сельчук университетінде – 3 студент, Анкара музыка және көркем өнерлер университетінде – 1 студент білім алмақ. Ал Әзірбайжан Республикасындағы Әзірбайжан мемлекеттік экономика университетіне – 3 студент жіберіледі.
Толығырақ
📎
https://korkyt.edu.kz/article/2347
🇰🇿
«ТІЛІМ – ТІРЕГІМ…» АТТЫ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлының «Тілім – тірегім…» атты кітабының тұсаукесері өтті.
🇷🇺
ПРЕЗЕНТОВАНА НОВАЯ КНИГА «МОЙ ЯЗЫК – МОЯ ОПОРА…»
В Кызылординском университете имени Коркыт ата состоялась презентация новой книги доктора филологических наук, профессора Жениса Садуакасова под названием «Мой язык – моя опора…».
🇬🇧
NEW BOOK «MY LANGUAGE IS MY SUPPORT...» WAS PRESENTED
A presentation of the new book by doctor of philological sciences, professor Zhenis Saduakasov, titled «My language is my support...», took place at Korkyt Ata Kyzylorda University.
⚜️
ОҚЫТУШЫЛАР CHATGPT EDU БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРЕДІ
Ұлттық құрылтай аясында Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Жиынға сондай-ақ вице-министр Гүлзат Көбенова және бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
Алдымен министр университеттің жуырда қолданысқа берілген жаңа заманауи кітапханасымен танысты. Одан әрі көпшілік алдында сөз алған Саясат Нұрбек ғылым мен жоғары білімнің даму бағыттары, инфрақұрылымды жетілдіру, жасанды интеллект саласындағы жаңашылдықтар мен алға қойылған мақсаттар жайлы кеңінен тоқталды. Өңірлік университет оқытушылары ChatGPT EDU бағдарламасының 5,5 соңғы нұсқасын сабақ процесінде тиімді қолдану бойынша арнайы курстан өткізіледі. Жыл көлемінде 126 мың педагогтың ЖИ бойынша біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.
Толығырақ
📎
https://korkyt.edu.kz/article/2340
⚜️
100 МЫҢ СТУДЕНТ ЖИ АЛГОРИТМДЕРІН МЕҢГЕРЕДІ
Ұлттық құрылтай аясында Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтына барып, SeoulTech-пен бірлесіп іске асырылып жатқан IT және жасанды интеллект бағытындағы бағдарламалық жобалармен танысты.
Ректордың міндетін атқарушы Дана Мейрамқызының айтуынша, университетте білім беру жүйесі кәсіпкерлікпен, стартап мәдениетімен және нақты технологиялық нәтижелермен тікелей ұштасқан. Kyzylorda Hub және ашық коворкинг кеңістіктері өңір жастарына облыстан шықпай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп отыр.
Толығырақ
📎
https://korkyt.edu.kz/article/2339
Channel photo updated
Channel photo removed
🏆
ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Алматы қаласында алғаш рет қыздар командалары арасында футзалдан Қазақстан кубогы өткізілді.
Аталған додада еліміздің жоғары оқу орындары мен спорт клубтарынан 12 команда қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қыздар құрама командасы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.
Команданың жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан жаттықтырушы — Абылайхан Сейілбеков.
Бұл жетістік — университет ұжымының бірлігі мен спорт саласына көрсетіп келе жатқан қолдауының, сондай-ақ студенттердің жоғары дайындық деңгейі мен табандылығының айғағы.
🏆
«СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ – 2026» СПАРТАКИАДАСЫ ТАРТЫСТЫ ӨТУДЕ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Сергектік және денсаулық – 2026» спартакиадасы биыл 50-ші рет өткізілуде.
Мерейлі жылдағы спорттық додаға 6 команда қатысып, 8 спорт түрі бойынша бақ сынауда. Қатысушылар шахмат, үстел теннисі, арқан тарту, жүзу, волейбол, тоғызқұмалақ, пневматикалық мылтық ату және футзал секілді спорт түрлерінде өз шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен спорттық рухты дәріптеуде.
Жарыстың алғашқы кезеңдерінің қорытындысы бойынша шахматтан Инженерлі-технологиялық институты бірінші орын иеленсе, Педагогика және дәстүрлі өнер институты екінші, Жаратылыстану институты үшінші орынға тұрақтады.
Толығырақ
📎
https://korkyt.edu.kz/article/2325