Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Мирас Ерланұлы

meraserlan
Пайдалы бол!
Подписчики
3 924
24 часа
-1
30 дней
-45
Просмотры
1 353
ER
34,48%
Посты (30д)
12
Символов в посте
252
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Мужской
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
October 09, 10:50

Ұстазымыз Бурһануддин әл-Мужәһиди (Алла оны сақтасын) сенімді бір кісіден мынадай оқиғаны жеткізген еді.
ХІХ ғасырдың соңында Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің қызметшілері түнде мешітті тазалау үшін есіктерін жауып қоятын. Бір түні қызметшілердің бірі мешіт есігінің өздігінен ашылып, ішке бір адамның кіргенін көреді. Әлгі кісі Пайғамбарымызға ﷺ сәлем беріп, көп ұзамай шығып кетеді. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанған екен.
Қызметші ол адамның кім екенін білмей жүре береді. Кейін зейнетке шығып, қызметі үшін құрмет көрсету рәсіміне қатысу мақсатымен Дарал-хилафаға (патша сарайына) барады. Сол жерде Сұлтан Абдулхамид ханды (Алла оны рақымына бөлесін) көргенде, мешітте әлденеше рет көрген адамның дәл осы кісі екенін таниды.
Ол бұл оқиғаны Сұлтан Абдулхамидтің кереметтерінің (караматтарының) бірі ретінде еске алатын.
Алла Тағала оны рақымына бөлеп, одан разы болсын және үмбетке жасаған қызметі үшін ең көркем сыйын нәсіп етсін.
Телеграм парақшасынан.

October 09, 10:47

Отбасыда ер адам мықты болуы керек. Әйел емес. Себебі негізгі жауапкершіліктің барлығы ер адамның мойнында. Жауапкершіліктен қашпай, ер кісі мінезді болып қалуы қажет.

October 08, 18:23

Қазіргі таңда иджазаның құны қалмай бара жатыр. Нағыз иджаза – ұстаздан ұзақ жылдар бойы сабақ алу. Шала оқып, оны интернетке салудың қажеті жоқ. Иджазаны үйіп-төгіп алып, оған лайық болмай жүргендерді де көзіміз көріп жүр.

October 07, 19:51

Адамның асқазаны миға қарағанда ақылдырақ, себебі ол өзіне керексізін құсып тастайды, ми болса көрінген нәрсені өзіне сіңіріп алады.
©
Шыңғыс Айтматов

October 05, 19:04

Алла елшісі ﷺ: «Ақиқатында, маған адамдардың ең жақыны – тақуалары. Ол кім болсын, қайда болсын», – деген.
Имам Ахмад

October 01, 20:33

Қазіргі уақытта желідегі өмірдің жалған. Көбі дерлік өтірік екеніне көзім жетіп келе жатқандай. Өз өміріңе, отбасыңа шүкір етіп, ептіп жүре бер. Басқалардың жалған тіршіліктері біздерді нығмет күпірлігіне апарып қоймасын. Ислам әрдайым биік, ешқашан төмен болмайды.

October 01, 06:05

Қудури мәтінінің мұғамалат бөлімі. Толық өтілген.
Алу үшін
.

September 30, 08:21

Аудио дәрістер топтамасына жеңілдіктер. Тек бүгін ғана.
Лубәб кітабының мұғамалат (сауда-саттық) бөлімі (толық).
Лубәб кітабының неке бөлімі (толық).
Сабақтарды
алу үшін.

September 28, 11:46

Сәждеге барарда қолды бірінші қою

September 28, 08:57

Рабиға ибн Кағб (Алла ол кісіден разы болсын) былай дейді:
«Мен Алла елшісімен ﷺ бірге түнеген едім. Оған дәретке қажет суын және басқа да қажеттіліктерін алып келдім. Сөйтіп ол ﷺ маған:
– «Не сұрайсың?» – деді.
Мен:
– «Жәннатта сізбен бірге болуды сұраймын», – дедім.
Сонда Пайғамбар ﷺ:
– «Олай болса, көп сәжде жасау (яғни көп нәпіл намаз оқу) арқылы өзіңе жәрдем бер», – деді».
Мүслім