Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿

minpromstroykz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары 🇰🇿 🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru 🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz 🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Подписчики
2 150
24 часа
-3
30 дней
3
Необычный рост (24 часа)
Просмотры
127
ER
5,91%
Посты (30д)
97
Символов в посте
691
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Блог о бизнесе и экономике
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Бизнес и управление
Краткое описание
February 17, 06:04
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram


17 негізгі жоба: Қазақстан импортқа тәуелділікті қалай төмендетуде Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес…

February 17, 06:04
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram


17 негізгі жоба: Қазақстан импортқа тәуелділікті қалай төмендетуде
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған 17 негізгі жоба іріктелді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев экономиканы әртараптандыру мәселесі бойынша өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 9 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде екі өндіріс іске қосылған.
«Барлық 9 жобаны толық іске асыру нәтижесінде 7,3 млрд АҚШ доллары көлемінде өнім өндіру қамтамасыз етіледі. Бұл импортқа тәуелділікті төмендетуге және елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

February 17, 06:04

💠
Сирек металдар: Қазақстан экономикасын әртараптандырудың драйвері Сирек металдар саласын дамыту Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыруға кең мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп…

February 17, 06:03

💠
Сирек металдар: Қазақстан экономикасын әртараптандырудың драйвері
Сирек металдар саласын дамыту Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыруға кең мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Қазіргі таңда отандық өнім экспортқа бағдарланған және оны авиациялық және теңіз техникасын, авиациялық қозғалтқыштарды, электроника мен электр көліктерін өндіретін әлемнің жетекші компаниялары тұтынады», – деді министр.
Оның айтуынша, баламалы энергетика саласында «Қазақмыс» компаниясы өндіретін техникалық селен және «Taza Metal Technologies» компаниясының жоғары тазартылған марганец сульфатының моногидраты пайдаланылуда.
Биыл Мемлекет басшысының Жапонияға сапары аясында ERG компаниясы мен Mitsubishi Corporation арасында қол қойылған офтейк-келісімшарт шеңберінде галлий өндіру желісін іске қосу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, тазартылған сурьма өндірісін іске қосу күтілуде.
Осылайша, Қазақстан тау-кен металлургия кешенінің Midstream сегментінде негізгі елдердің бірі ретінде танылуда.

February 17, 06:02

🚆
Кластерлер мен өндірістерді іске қосу: теміржол өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілуде Қазақстанның теміржол машина жасау саласында дайын техника мен құрамдас бөлшектер өндірушілерін біріктіретін өндірістік кластерлер құру үрдісі қалыптасуда. Мәселен, осындай…

February 17, 06:02
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

🚆
Кластерлер мен өндірістерді іске қосу: теміржол өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілуде
Қазақстанның теміржол машина жасау саласында дайын техника мен құрамдас бөлшектер өндірушілерін біріктіретін өндірістік кластерлер құру үрдісі қалыптасуда.
Мәселен, осындай кәсіпорындар кластері Екібастұз қаласында құрылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев экономиканы әртараптандыру мәселесі бойынша өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.
Сонымен қатар, бірқатар жаңа өндірістер іске қосылды:
•Атырау облысында «TexolTrans» компаниясы жүк вагондары мен цистерналар шығаруды, ал «ҚазТурбоРемонт» ЖШС локомотивтердің тірек арқалықтарын өндіруді бастады;
•Астана қаласында «Stadler Kazakhstan» зауытында жолаушылар вагондарын шығару жолға қойылды.

February 17, 05:49
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

⭐️
Рекорд көрсеткіш: автоөнеркәсіп машина жасаудың 41%-ын қамтыды Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 2025 жылы машина жасаудың барлық көлемінің 41%-дан астамына дейін рекордтық өсті. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің…

February 17, 05:49
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

⭐️
Рекорд көрсеткіш: автоөнеркәсіп машина жасаудың 41%-ын қамтыды
Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 2025 жылы машина жасаудың барлық көлемінің 41%-дан астамына дейін рекордтық өсті. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің экономиканы әртараптандыру мәселесі жөніндегі отырысында мәлімдеді.
«171 мыңнан астам көлік шығарылды, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер», - деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның деректері бойынша екі жоғары технологиялық өндіріс - Алматы индустриялық аймағында Chery, Haval, Changan брендтері бар ASTANA Motors Manufacturing Kazakhstan және Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты пайдалануға берілді, бұл автокомпоненттерді жергілікті өндіру үшін әлеует береді.
Мәселен, өткен жылы Алматының индустриялық аймағында автомобильдер мен автосиденттерге арналған мультимедиялық жүйелер өндірісі ұйымдастырылған автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Саран қаласындағы «Tengri Tyres» зауытында автомобиль шиналарының өндірісі жолға қойылған. Қостанайдағы KamLitKZ-де шойын құю өндірісі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған машина жасау тұрақты оң серпінді сақтап, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 30,4%-ға өсімді көрсетті. Бұл ретте елімізде ішкі нарықты 90%-ға дейін отандық өндірушілер қамтамасыз етеді. 10 зауыт трактор және 20 кәсіпорын аспалы және тіркемелі техниканы шығарады.

February 17, 05:47

📌
Қазақстан өндіріс тізбегін құрып жатыр: шикізат ел ішінде қалады Қазақстанда «отандық шикізатпен қамтамасыз ету» тетігін іске асыру есебінен қазақстандық өндірушілер мен жергілікті шикізат жеткізушілерінің өзара іс-қимыл тренді табысты дамып келеді. Бұл…

February 17, 05:46
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

📌
Қазақстан өндіріс тізбегін құрып жатыр: шикізат ел ішінде қалады
Қазақстанда «отандық шикізатпен қамтамасыз ету» тетігін іске асыру есебінен қазақстандық өндірушілер мен жергілікті шикізат жеткізушілерінің өзара іс-қимыл тренді табысты дамып келеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің экономиканы әртараптандыру мәселесі жөніндегі отырысында мәлімдеді.
«Мұндай кооперацияның жарқын мысалы – «Қайнар-АКБ» зауыты. Ол «Қазмырыш» компаниясынан жеңілдетілген бағамен қорғасын сатып алады, ал өндірілген аккумуляторлар ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізіледі», - деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, «Қазақмыс» (мыс) және «Қазақстандық электролиз зауыты» (алюминий) отандық кәсіпорындар электр жабдықтарын өндіру үшін пайдаланатын металдарды шығарады.
«Qarmet» компаниясының өнімдері тұрмыстық техниканы өндіру үшін Silk Road Electronics-ке, сондай-ақ вагон жасау кәсіпорындарына жеткізіледі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Qarmet» компаниясының комбинатын жаңғыртудың кешенді бағдарламасы және тереңірек қайта өңдеуге көшу үшін болат өндірісін 5 млн тоннаға дейін ұлғайту жүргізілуде.
Мысалы, «Qarmet» комбинатында, «QazTehna» зауытында шығарылатын 08КП маркалы мырышталған болат елдегі алғашқы гидравликалық штамптау пресін пайдалана отырып, автобустар корпусының әртүрлі металл элементтерін өндіру үшін қолданылады.