Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Экономика министрлігі 🇰🇿

presseconomy
ҰЭМ ресми телеграм-каналы Телеграм-канал МНЭ РК Сайт: https://economy.gov.kz Facebook: https://www.facebook.com/mineckz Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Подписчики
3 160
24 часа
30 дней
16
Необычный рост (24 часа)
Просмотры
231
ER
7,72%
Посты (30д)
57
Символов в посте
1 995
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Блог о бизнесе и экономике
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Бизнес и управление
Краткое описание
March 14, 08:16

Қазақстан халықаралық агенттіктердің инвестициялық кредиттік рейтингін сақтауда Халықаралық валюта қоры деректеріне сәйкес, Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кіреді. Экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығы жетекші халықаралық рейтингтік…

March 14, 08:16

Қазақстан халықаралық агенттіктердің инвестициялық кредиттік рейтингін сақтауда
Халықаралық валюта қоры деректеріне сәйкес,
Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кіреді.
Экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығы жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің - Moody’s, Fitch Ratings және Standard & Poor’s - бағалауларымен де расталады. Қазақстан бұл агенттіктермен 1996 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді.
2002 жылдан бастап Қазақстан Орталық Азиядағы инвестициялық деңгейдегі егемен кредиттік рейтингі бар жалғыз мемлекет болып табылады.
Қолданыстағы егемен рейтингтің арқасында 2024–2025 жылдары Қазақстан тартымды қарыз алу шарттарымен халықаралық қарыз капиталы нарығына сәтті қайта шықты. Осы кезеңде ел жалпы сомасы 5,5 млрд АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды үш рет орналастырды. Бұл жаһандық инвесторлардың Қазақстан экономикасына деген сенімінің дәлелі әрі халықаралық нарық қатысушылары үшін оның сенімді, перспективалы және тәуекелі төмен екенін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
2025 жылғы 15 шілдеде Fitch Ratings Қазақстанның егемен кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады.
2025 жылғы 30 қыркүйекте Moody’s Қазақстан Республикасының бұрын берілген егемен кредиттік рейтингін «Baa1» деңгейінде сақтап, болжамын «Тұрақты» деп белгіледі.
2025 жылғы 22 тамызда Standard & Poor’s Қазақстанның егемен рейтингінің болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсарта отырып, рейтингті «BBB-» деңгейінде растады. Агенттіктің шешімі елдің институционалдық және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы тұрақты ілгерілеуін көрсетеді. Олардың ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің қабылдануы да бар.
2026 жылғы 20 ақпанда Standard & Poor’s Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде «Позитивті» болжамын сақтай отырып растады.
Рейтинг пен позитивті болжамның сақталуы фискалдық консолидацияның жалғасуымен, жоғары өтімді активтердің елеулі буферлерінің болуымен, экономиканы әртараптандырудың жалғасуымен, ауқымды цифрландыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырумен, сондай-ақ институционалдық және әкімшілік реформалардың жалғасуымен байланысты.
Қатаң фискалдық ережелерді сақтау, соның ішінде Ұлттық қор қаражатын пайдалану тәртібі, сондай-ақ мұнайға жатпайтын салық базасын кеңейту мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Standard & Poor’s сарапшылары өткен жылы басталған, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны да оң бағалады. Басым секторлардағы «Бәйтерек» холдингінің жобаларының ауқымы мен портфелі алдыңғы жылдармен салыстырғанда ЖІӨ-ге шаққандағы инвестициялар деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Болжамдарға сәйкес, экономиканы әртараптандыру процесі жалғасады. Өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ құрылымындағы үлесі екінші жыл қатарынан тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті және жедел деректер бойынша 2025 жылы 12,7%-ға жетті.
https://t.me/presseconomy

March 13, 04:14
Файлы недоступны
1
1
Открыть в Telegram

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға
жетеді
📌
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібінің жекелеген секторларын дамытудың алдын ала нәтижелері қаралды.
Ағымдағы жылғы екі айда азық-түлік және сусындар өндірісінде жоғары өсу қарқыны байқалады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 665 млрд теңге, нақты көлем индексі (НКИ) – жоспардағы 104,3%-да – 111,9%. Бірінші тоқсанға болжам – 112%.
Сусындар өндірісі 175,4 млрд теңгеге жетті, НКИ – 104,2%, жоспарда 110,2%. Қаңтар-наурыз айларына жоспар – 110,3%. Салыстыру үшін: өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 1,2 трлн теңгеге сусындар өндірілді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, тамақ өнеркәсібі тұрақты даму серпінін көрсетуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 3,9 трлн теңге. Бұл 2024 жылғы деңгейден 8,1%-ға жоғары (3,3 трлн теңге). 2026 жылы бұл көрсеткішті 4,7 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Доля переработки сельхозпродукции в Казахстане
достигнет
70% до конца года
📌
На очередном заседании штаба по обеспечению экономического роста под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрели предварительные результаты развития отдельных секторов обрабатывающей промышленности.
За два месяца текущего года в производстве продуктов питания и напитков отмечаются высокие темпы роста. Объем производства продуктов питания составил 665 млрд тенге, индекс физического объема (ИФО) – 111,9% при плане 104,3%. Прогноз на первый квартал – 112%.
Производство напитков достигло 175,4 млрд тенге, ИФО – 110,2% при плане 104,2%. План на январь–март – 110,3%. Для сравнения: по итогам прошлого года в Казахстане было произведено напитков на сумму 1,2 трлн тенге.
Как отметил вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов, пищевая промышленность демонстрирует устойчивую динамику развития.
По итогам 2025 года объем производства продуктов питания составил 3,9 трлн тенге, что на 8,1% выше уровня 2024 года (3,3 трлн тенге). В 2026 году этот показатель планируется довести до 4,7 трлн тенге.
📱
@KZgovernment

March 13, 03:44

Қазақстан экономикасына 2025 жылы салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жетті 2025 жылғы қорытынды бойынша Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті (19,5 трлн теңге). Инвестициялық…

March 13, 03:44

Қазақстан экономикасына 2025 жылы салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы қорытынды бойынша Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті (19,5 трлн теңге). Инвестициялық белсенділіктің өсуі экономиканың бірден бірнеше негізгі секторында тіркелді.
Инвестицияның неғұрлым серпінді өсуі қаржы мен сақтандыру қызметінде 88,4%-ға, 313,5 млрд теңгеге дейін байқалды. Бірқатар негізгі салада инвестицияның айтарлықтай өсуі байқалады:
электр энергиясымен, газбен, бумен және ыстық сумен жабдықтау саласында-53,1%;
ауыл шаруашылығында-53%;
өңдеу өнеркәсібінде-30,1%;
ақпарат және байланыс саласында-13,4%;
білім беруде-9,2%;
көлік пен қоймада-9%.
Инвестициялық белсенділіктің өсуі шетелдік инвестиция ағынымен де қолдау тапты. 2025 жылғы 9 айда Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 14,9 млрд долларға жеткен. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен (13,4 млрд доллар) салыстырғанда 10,9%-ға артық.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы бекітілді (Үкіметтің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1185 қаулысы). Құжат жаңа жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, инвестиция тарту жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін көздейді.
Тұжырымдаманың негізгі басымдығы – қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өндіріс құруға және экономиканың шикізаттық емес саласын дамытуға инвестиция тарту.
Қазақстанда инвестиция тартудың үш деңгейлі жүйесі – сыртқы, орталық және өңірлік деңгей жұмыс істеуде. Бұл ретте инвесторлармен жұмыс істеуде әлеуетті әріптестерді іздеуден және келіссөздер жүргізуден бастап, жобаларды іске асыруға және оларды одан әрі сүйемелдеуге дейінгі кешенді тәсіл енгізіледі.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ шетелдік өкілдіктерінің желісін кеңейту және жұмыс істеп тұрған кеңселерді қайта ұйымдастыру есебінен елдің инвестициялық әлеуетін халықаралық ілгерілетуді күшейту жоспарлануда.
Салалық мемлекеттік органдар бизнеспен бірлесіп, экономиканың жалпы қосылған құнын ұлғайтуға арналған басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады. Мұндай жобаларды дайындау және құрылымдау үшін «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ жанынан инвестициялық қызмет (Investment Board) құрылды. Ол ірі инфрақұрылымдық бастамаларды іске асырумен де айналысады.
Инвесторларды кешенді сүйемелдеу үшін Kazakhstan Investment House атты негізгі даму институттарын біріктіретін және инвестициялық рәсімнің жедел және ашық өтуін қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай орталық құрылады.
Инвестицияларды тартуда өңірлерге ерекше рөл беріледі. Өңірлік инвестициялық штабтардың жұмысын күшейту, инвестициялық жобаларды дайындау сапасын арттыру және қажетті инфрақұрылымды дамыту жоспарлануда.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар салалық кластерлерді қалыптастыруға және активтерді тиімді басқаруға бағдарланған өңірлік даму институттарына айналдырылады. Бір мезгілде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар шеңберінде инвесторлар үшін рәсімдер жеңілдетіледі.
Қосымша шаралар инвесторлардың құқығын қорғауды күшейтуге арналған. Инвестициялық омбудсменнің функциясы Бас прокурорға беріледі. «Жасыл дәліз» деп аталатын қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алудың жеделдетілген тәртібі енгізіледі.
Бұдан басқа, өңірлерде инвестициялық жобаларды іске асыруды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инвестициялық прокурорлар тағайындалады.
https://t.me/presseconomy

March 12, 10:52
Файлы недоступны
3
Открыть в Telegram

"Бір ауыл-бір өнім" жобасының қазақстандық өнімі FOODEX JAPAN 2026 халықаралық көрмесінде ұсынылды
"Бір ауыл – бір өнім" жобасының қазақстандық өнімі FOODEX JAPAN 2026 халықаралық азық-түлік көрмесінде ұсынылған. Отандық өндірушілердің қатысуы өңірлік тауарларды ілгерілетуге, ауыл кәсіпкерлерін қолдауға және олардың шетелдік нарықтарға қатысуын арттыруға бағытталған.
Көрме Токиодағы Tokyo Big Sight көрме орталығында өткізіледі. Бұл биылғы жылы 51-рет өткізіліп отырған Азиядағы ең ірі азық-түлік алаңының бірі. Қазақстан отандық өндірушілердің өнімін ұсына отырып, екінші жыл қатарынан іс-шараға қатысады. Көрменің алғашқы күнінде Қазақстанның ұлттық стенді келушілер мен кәсіби сатып алушылардың назарын аударды. Қазақстандық бал ерекше қызығушылық тудырды. Оның жоғары сапасын Жапон ара өсірушілер қауымдастығы атап өтті.
Ағымдағы жылы көрмеде еліміздің әртүрлі өңірінде өндірілген өнімнің он түрі ұсынылған. Олардың ішінде күнбағыс және беде балы, жантақ балы, балқарағай майы, иван шайы, жантақ шайы, балқарағай ұны, түйе сүті ұнтағы және шырша эфир майы бар. Мұндай халықаралық алаңдарға қатысу отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндік туғызып, қазақстандық өнімді шетелде ілгерілетуге ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылы көрмеге әлемнің 74 елі мен аймағынан 2930 компания қатысып, кәсіби келушілер саны 72 мыңнан асты.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы FOODEX JAPAN-да 2023-2024 жылдардағы БАБӨ жобасының өнімдері ұсынылған болатын. Сол кезде қазақстандық бал мен Алтай шайлары қатысушылардың ең көп қызығушылығын тудырған. Ал жантақ балы көрменің үздік үштігіне кірді. FOODEX JAPAN 2026 жұмысы 13 наурызға дейін жалғасады.
***
Казахстанская продукция проекта «Одно село – один продукт» представлена на международной выставке FOODEX JAPAN 2026
Казахстанская продукция проекта «Одно село – один продукт» (ОСОП) представлена на международной продовольственной выставке FOODEX JAPAN 2026. Участие отечественных производителей направлено на продвижение региональных товаров, поддержку сельских предпринимателей и расширение их присутствия на зарубежных рынках.
Выставка проходит в выставочном центре Tokyo Big Sight в Токио. Это одна из крупнейших продовольственных площадок Азии, которая в этом году проводится уже в 51-й раз. Казахстан участвует в мероприятии второй год подряд, представляя продукцию отечественных производителей.
Уже в первый день работы национальный стенд Казахстана привлек внимание посетителей и профессиональных закупщиков. Особый интерес вызвал казахстанский мед, высокое качество которого отметили представители Японская ассоциация пчеловодов.
В текущем году на выставке представлено десять видов продукции, произведенной в разных регионах страны. Среди них подсолнечный и донниковый мед, мед из жантака, кедровое масло, иван-чай, чай из жантака, кедровая мука, сухое верблюжье молоко и эфирное масло пихты. Участие в таких международных площадках открывает новые возможности для отечественных производителей и способствует продвижению казахстанской продукции за рубежом.
По данным организаторов, в прошлом году в выставке приняли участие 2930 компаний из 74 стран и регионов мира, а число профессиональных посетителей превысило 72 тысячи.
Напомним, в 2025 году на FOODEX JAPAN уже была представлена продукция проекта ОСОП 2023–2024 годов. Тогда казахстанский мед и алтайские чаи вызвали высокий интерес участников, а мед из жантака вошел в тройку лучших медов выставки. Работа FOODEX JAPAN 2026 продлится до 13 марта.
https://t.me/presseconomy

March 12, 06:27

Қазақстан өңірлерін дамытудың жаңа серпіні: инфрақұрылым, жұмыс орындары және ауылды қолдау Қазақстанда аумақтардың орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025-2030…

March 12, 06:26

Қазақстан өңірлерін дамытудың жаңа серпіні: инфрақұрылым, жұмыс орындары және ауылды қолдау
Қазақстанда аумақтардың орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған Өңірлік даму тұжырымдамасы іске асырылуда. Құжат өңіраралық айырмашылықты азайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған.
Тұжырымдама үш негізгі бағытты қамтиды: халықты базалық инфрақұрылыммен (әлеуметтік, инженерлік, көліктік және т.б.) біркелкі қамтамасыз ету, өңірлердің теңгерімді экономикалық дамуы, сондай-ақ өңірлік саясатты іске асыру тетіктерін жетілдіру.
Негізгі назар инфрақұрылым мен қызметтерге қол жеткізудегі өңірлер арасындағы диспропорцияларды жоюға аударылды. Мемлекеттің күш-жігері ел тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтер мен игіліктер сапасының базалық деңгейін қамтамасыз етеді.
Өңіраралық айырмашылықты қысқартудың маңызды құралы Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) - базалық және жайлы өмір сүру үшін қажетті объектілер мен қызметтердің бірыңғай тізбесі. Жаңа тәсілдерді енгізу үшін жаңа Бюджет кодексіне ӨСЖ талаптарын ескере отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауды қарастыратын нормалар енгізілген.
Сонымен қатар өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жұмысы жүргізілуде. Индустриялық даму мен агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандандырылған факторлар құру, моно және шағын қалалардың, сондай - ақ ауылдық елді мекендердің экономикасын әртараптандыру басымдық болып табылады.
Тұжырымдама шеңберінде бес макроөңірді: Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, сондай-ақ Астана мен Алматының ірі агломерацияларын дамытуға ерекше назар аударылды. Әрбір макроөңір үшін географияны, экономикалық мамандануды, нарықтық байланыстар сипатын және халықты қоныстандыру жүйесін ескере отырып, дамудың басым бағыттары айқындалды.
Сонымен қатар, Тұжырымдамада ауылдық және шекара маңындағы аумақтарды дамытуға ерекше назар аударылған. Құжатқа мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ететін ауылдық аумақтарды дамытудың бұрын қолданыста болған тұжырымдамасының ережелері енгізілген. Бұдан басқа, "Ауыл аманаты" және "Ауыл – ел бесігі" жобаларының шаралары үйлестірілген түрде іске асырылуда, бұл олардың тиімділігін арттырады.
Ауыл инфрақұрылымын жаңғыртудың негізгі бағдарламаларының бірі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға арналған "Ауыл – ел бесігі" жобасы болып қала береді. 2019-2025 жылдары оның шеңберінде 2,5 мың тірек және спутниктік ауылдарда 7,6 мыңға жуық жоба іске асырылды. 900 ТКШ нысаны, 2,4 мың әлеуметтік нысан және 4,3 мыңнан астам кентішілік жол салынып, жөнделді.
Бюджет кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап ауылдық елдімекендердегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджеттер қаражаты (жалпы сипаттағы трансферттер) есебінен жүзеге асырылады.
Ауыл халқының табысын арттыру үшін 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындары мен шағын қала тұрғындарының бизнес-бастамаларына кредит беруге бағытталған "Ауыл аманаты" жобасы іске асырылуда. Жоба басталғаннан бері 18,5 мыңнан астам шағын несие беріліп, 21 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды.
Бұдан басқа, ауылдағы кадр тапшылығын шешу үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды ауылдық жерде жұмыс істеуге және тұруға ынталандыратын "Дипломмен ауылға" бағдарламасы іске асырылуда. Жоба 2009-2025 жылдары іске қосылған сәттен бастап, 54,8 мың маман 214 млрд теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алды. 2025 жылы 2,8 мың маманға тұрғын үй кредиті берілсе, 2026 жылы 2,5 мың маманға қолдау көрсету жоспарлануда.
https://t.me/presseconomy

March 11, 03:17
Файлы недоступны
1
1
Открыть в Telegram

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені
қарастырды
📌
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 8-отырысында атқарылған жұмыстардың алдын ала қорытындысы қаралды.
Жобалық кеңсенің отырыстарында Салық кодексінің нормаларын имплементациялауға байланысты барлығы 60 мәселе қаралды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдануға және орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты заңға тәуелді актілерге өзгеріс енгізу жұмысы аяқталуда. Биылғы 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС-сыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаны белгілеу туралы бұйрығы қабылданды.
Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті және «Самұрық-Қазына» оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты сатып алу қағидаларындағы өзгерістерді пысықтауда. Бұл квазимемлекеттік компаниялар тарапынан шығындарды ұлғайтпай салық заңнамасын, өндірістік процестерді сақтауға және бәсекелестік ортаны қолдауға бағытталған тетіктер туралы. Салық кодексінің идеологиясын негізге ала отырып, тиісті өзгерістерді әзірлеу үшін бірыңғай негізді Ұлттық экономика министрлігі қалыптастырады.
«Таза парақтан» әкімшілендіруге, салық режимдерін өзгертуге, қаржы секторына, СӘАЖ жұмысына және басқаларға қатысты қалған мәселелер жедел шешілді.

Проектный офис внедрения Налогового кодекса
рассмотрел
60 вопросов
📌
Предварительные итоги работы Проектного офиса внедрения Налогового кодекса рассмотрели на 8 заседании под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина.
Всего на заседаниях Проектного офиса уже рассмотрено 60 вопросов, связанных с имплементацией норм Налогового кодекса. В частности, в сфере здравоохранения уже завершается работа по внесению в подзаконные акты изменений, касающиеся применения НДС при импорте лекарств и медицинских изделий и освобождения от НДС орфанных и социально значимых лекарств. 13 февраля этого года принят приказ Министерства здравоохранения об установлении предельных цен на лекарства и медизделия без учета НДС.
Министерства промышленности и строительства, энергетики, финансов, Комитет по регулированию естественных монополий и Самрук-Казына прорабатывают изменения в правила закупок в части приобретения товаров, работ и услуг у налогоплательщиков, применяющих специальный налоговый режим на основе упрощенной декларации. Речь идет о механизмах, направленных на соблюдение налогового законодательства, производственных процессов и поддержание конкурентной среды без увеличения затрат со стороны квазигосударственных компаний. Единую основу для разработки соответствующих изменений, исходя из идеологии Налогового кодекса, формирует Министерство национальной экономики.
Остальные вопросы, касающиеся администрирования «с чистого листа», смены налоговых режимов, финансового сектора, работы ИСНА и другие были решены в оперативном порядке.
📱
@KZgovernment

March 11, 03:17
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

ШОБ-ты мемлекеттік қолдау жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етуде: бұл салада 4,5 млн қазақстандық еңбек етеді Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары экономикалық белсенділіктің артуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етуде. Ресми статистикаға…