
Qalaisyn Student 🇰🇿
💪
World Cup Tashkent 2026: Аманжолов университетінің студенттері жеңіс тұғырында
!
🏆
Ташкент төрінде өткен
World Armwrestling & Para Armwrestling World Cup Tashkent 2026
турнирі әлемнің мықты армрестлерін жинады. Бұл – жай жарыс емес, нағыз күш пен рух сыналатын халықаралық дода.
🤩
Осы додада
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері
өздерінің дайындық деңгейін айқын дәлелдеді.
🥇
3-курс студенттері Жалғас Төреханов пен Еламан Базылбек
өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түсіп, екеуі де
бірінші орын иеленді.
🔥
Студенттерімізді халықаралық аренадағы жетістіктерімен құттықтаймыз!
🥇
Қысқы Олимпиада – 2026 БАСТАЛДЫ! Қазақстандық студенттер еліміздің намысын қорғайды
🇰🇿
📅
Бүгін, 6 ақпан –
Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында Қысқы Олимпиада ойындарының ресми басталған
күні!
❄️
🔥
Алдағы екі аптада әлемнің ең мықты спортшылары Олимпиадада бақ сынайды.
💥
Қазақстанның намысын қорғайтындардың қатарында
Евгений Кошкин — Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) студенті
бар
🎓
💪
✨
Олимпиада жолында спортшы-студенттерімізге:
🚀
сенімді старттар
🏆
сәтті өнер көрсету
🥇
жоғары нәтижелер тілейміз!
📣
Алға, Қазақстан!
🇰🇿
🔥
✨
👗
Әуезов университетінің студенті «Ақылды гардероб» жобасын әзірледі
🎓
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің студенті
Жанел Бекетова жасанды интеллектке негізделген «Ақылды гардероб» инновациялық жобасын
ұсынды.
🏆
Аталған жоба университетте өткен
студенттік стартап-жобалар байқауында үздік деп танылып, 300 мың теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды
😍
Жобаның ғылыми жетекшісі — Дильфуза Тұрдыбекова.
📱
«Ақылды гардероб» пайдаланушының жеке деректері мен киімдерінің фотосуреттерін талдау арқылы жеке стиль қалыптастырып, киімдерді үйлестіруге көмектеседі. Бұл жоба кәсіби стилист қызметіне қолжетімді балама ұсынуды мақсат етеді.
🌱
Жоба
уақытты үнемдеуге, артық шығынды азайтуға, киім үйлестіру мәдениетін қалыптастыруға және экологияға оң әсер етуге
бағытталған.
🚀
Болашақта жүйені толық
автоматтандырылған виртуалды стилист
деңгейіне дейін дамыту жоспарланған.
✨
🎓
Басқа да студенттік жобалар біздің парақшамызда
,
арнамыздан алыстамаңыздар
❤️
👋🏻
Qalaisyn, Student?
Жаңа жылда сіздермен ерекше форматта қауышқымыз келді!
🤗
Демалыс аяқталып, қысқы семестр қайта басталды!
📚
Қыстың суығына қарамай, жаңалыққа құштар студенттер сияқты, тіпті пингвиндер де Қазақстандағы білімді таңдайды
😍
🐧
Олар бізге жаңашылдыққа ұмтылған, білімге құштар студенттерді еске салды
❤️
🎓
Ал сіздердің қысқы семестрлеріңіз қалай басталды? Жаза кетіңіз
🤗
👇
😍
Qalaisyn, Student! Жаңа жыл құтты болсын!
🎄
2026 жаңа жылымыздағы алғашқы жаңалықты жариялаймыз
🤗
👇🏻
📣
Аманжолов студенті спорттағы жетістіктері үшін марапатталды!
🏆
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті,
гір спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбол Слямбеков «Құрмет» және «Тарбағатай Тарланы» төс белгілерімен
марапатталды. Бұл марапаттар оның жоғары спорттық жетістіктері мен ел спортының дамуына қосқан үлесі үшін берілді.
🏅
Айбол – Қазақстан гір спортындағы ең табысты спортшылардың бірі. Республикалық деңгейде 14, Азия чемпионаттарында 10, ал әлем чемпионаттарында 9 мәрте жеңіс тұғырынан көрінді
.
💪
2022 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатында Айбол 73 келі салмақ дәрежесінде 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып,
әлем чемпионатының 9 дүркін жеңімпазы
атанды.
🤩
Студент-спортшымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
💡
Huawei ICT Competition
– бұлтты есептеулер, желілік технологиялар, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және Big Data салаларында тәжірибе жинап, халықаралық деңгейде өзіңді көрсетуге мүмкіндік беретін байқау.
Бұл жетістік – қазақстандық студенттердің ІТ саласындағы жоғары әлеуетін дәлелдейді
👏
Қазақстан студенттері әлемдік ТОП-3 қатарында
🇰🇿
🔥
Yessenov University базасында жұмыс істейтін
Huawei ICT Academy студенттері халықаралық Huawei ICT Competition 2024-2025 байқауында жоғары нәтиже
көрсетті.
🤩
Yessenov University студенті Руслан Таңатар
🔹
өңірлік кезеңнен өтіп,
🔹
ұлттық финалда 1-орын иеленіп,
🔹
Сауд Арабиясында өткен халықаралық кезеңде
Yessenov University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Astana IT University студенттерінен құралған Қазақстан құрамасы
2-орын,
🔹
ал Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Global Final кезеңінде
Cloud Track
бағыты бойынша
әлемдік деңгейде 3-орынға
қол жеткізді.
💥
Глобалдық финалда әлемнің
2000-нан астам университетінен іріктелген 24 үздік команда
бақ сынады.
🆕
🤩
inVision U университетінің студенттер тобы мектеп оқушылары мен студенттерге арналған білім беру мүмкіндіктері туралы ақпаратты біріктіретін онлайн-платформаны іске қосты.
🌟
ZhasLink
платформасы байқаулар, олимпиадалар, гранттар мен курстар туралы ақпаратты жариялап, жаңа мүмкіндіктер жөніндегі деректерді жаңартып отырады. Сондай-ақ платформа түрлі білім беру мүмкіндіктерін пайдаланған студенттер мен мектеп оқушыларының жетістіктерін жариялайды.
🔥
ТОП-жаңалық!!!
😱
🔥
🔥
🚀
ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлескен наноспутникті ғарышқа ұшырды!
😍
ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлесіп жасаған «Қазақстан – Қытай» наноспутнигі 530 км биіктікте Жер орбитасына ұшырылды.
🛰️
Наноспутник ғарыштық зерттеулер жүргізуге…
🔥
ТОП-жаңалық!!!
😱
🔥
🔥
🚀
ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлескен наноспутникті ғарышқа ұшырды!
😍
ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлесіп жасаған
«Қазақстан – Қытай» наноспутнигі 530 км биіктікте Жер орбитасына
ұшырылды.
🛰️
Наноспутник
ғарыштық зерттеулер жүргізуге, нысандарды дәл бақылауға және Жерді қашықтан зондтауға
арналған.
🇰🇿
🇨🇳
Жобаға
Қазақстан мен Қытайдан 20-дан астам ғалым мен жас зерттеуші
қатысты.
😎
Ғылым жаңалықтарынан қалыс қалмау үшін бізге жазыл, бірге оқиық!