
Qazaq Lab
Многие казахские тексты, которые мы видим в публичном пространстве, не созданы сами по себе, а переведены с русского. Есть большая разница между оригинальным и переведённым текстом - переведённый текст всё равно будет отдавать вайбами чужого языка. Особенно такое чувствуется от слоганов брендов. Для воссоздания казахского слогана нужно хорошенько так сесть и подумать. Абстрагироваться от русского (желательно его забыть) и придумать так, чтобы было қазақша.
Перевод с русского часто бывает сложный и ложный из-за его глубокого проникновения в казахский. Это называется source language interference - когда хочешь ты этого или нет, есть влияние русского, потому что половина твоего мозга думает на русском. Из-за своей билингвальности нам бывает сложно разделять структуры языка, и это нормально. Это не только мы такие сауатсыздар, через такое проходят все, кто знает больше одного языка. Кальки - такое себе и неприятное явление, но очень естественное.
Что можно сделать?
Во-первых, если первоначальный оп-оригинал на английском, переводчикам следует переводить с английского. Английский как более нейтральный источник (не имеющий влияния на казахский) позволяет воссоздать более аутентичный текст. При условии, что это ваш третий язык, а не первые два.
Во-вторых, нам всем надо как-нибудь достичь уровня, когда мозг по дефолту думает и пишет на казахском. Вот здесь я в нас сомневаюсь, но есть большая вера в следующее поколение. Поэтому важно обеспечить все условия для того, чтобы наши дети не просто знали казахский, а ДУМАЛИ на нём.
Когда язык живёт только в рамках перевода, он теряет свой объем. Нельзя этого допускать.
@qazaqlab
Yuji'ді білетін шығарсыз? Қазақстан десе шоколады мен жанын беретін полиглот. Көшеде адамдарды тоқтатып, кез келген тілде сөйлеп кететін жігіт. Блогы сүйкімді.
Сол видеолардан бір нәрсені жиі байқаймын. "Excuse me, where are you from? I can speak your language" дегенде жұрттың көбі алдымен ағылшын, француз, неміс сияқты "мықты" тілдерді атайды. Юджи "No, ANOTHER language, your mother tongue" деп қоймайды. Сол кезде ғана әлгі адам ана тілін айтады. Жақында, мысалы, түркі бауырларымыз шығып қалды. "Қандай тілдерді білесіз?" дегенге төрт
✨
интірнешініл
✨
тілді тізіп шықты да, еееең соңында ғана өз тілін қосты.
Шетелде көшеге шықсақ, қазақшадан гөрі ағылшын білетін адамның кезігуі ықтимал. Ол факт. Вена ортасында біреу әй-шәй жоқ "Қай тілді білесің?" деп сұрап қалса, көмек керек шығар деп "ағылшын" десек, түсінікті. Бірақ ана тіліңді сұрап тұрғанда айтуға батпай, өз тіліңді өгейсіп, мойындамау - өкінішті жағдай.
Біреу сұхбат алып жатса, "I speak several languages but Kazakh is the one that speaks me
💅
💅
✨
✨
🌏
🇰🇿
🇰🇿
🇰🇿
" деп жіберейікші, құрсын.
Вот сначала казахский, а потом уже Ариана Гранде, Леди Гага и все остальные...
P.S. біреуге "қай елденсің?", "ана тілің қандай?" деген сұрақтар ерсі, расистеу естілуі мүмкін. Сізге ше?
@qazaqlab
Было время, когда из художественного я читала только иностранную литературу. Я перечитала всю классику и современную прозу. Мои некогда любимые: Жутко громко и запредельно близко, Жареные зелёные помидоры в кафе “Полустанок”, Граф Монте-Кристо, Крёстный отец. Я читала на русском и английском.
Позже я создала этот канал. Но даже это не побудило меня читать казахский фикшн. Языком я итак свободно владею, он мой родной. Мне казалось, что достаточно қазақ әдебиеті из школьной программы.
Потом что-то произошло. То ли я начала скучать по своему языку, находясь заграницей, то ли мне хотелось обогатить словарный запас, то ли просто созрела, то ли всё вместе. С недавних пор я начала намеренно и осознанно читать произведения казахских авторов. Сначала "Қайдасың, қасқа құлыным?", потом "Әйел махаббаты", потом "Қарғын", сейчас читаю "Көк мұнар".
Если скажу "Это лучшее, что я читала в своей жизни!", я совру. Были хуже, были и лучше. Если скажу "Қазақ тілі неткен бай!", не совру, но будет избито и банально. Что я могу сказать?
Могу сказать, что читать работы казахских писателей - это другие ощущения. Всё такое родное, живое, и местами даже забавное (қазақтар әзілді қатырады жалпы). Иногда грущу, больше не из-за сюжета, а оттого, что впервые вижу определённые красивые выражения и фразы, которые было бы уместно использовать сегодня. Душа отзывается… на забытое и утраченное.
Много разных чувств переживаешь, когда читаешь о себе, о жизни предыдущих поколений, когда автор описывает то, что знакомо тебе, последствия чего ты знаешь по себе. И тогда понимаешь, что книги про теракт 11 сентября, расизм в Америке, французскую месть или итальянскую мафию, конечно, впечатляют, но читать о своём и на своём языке - это какой-то новый уровень признания своего бытия. А за признанием следует и свобода.
@qazaqlab
Тіліміздің "жандануына" қатысты көптеген пікір бар. Мысалы:
"
Бірінші толқын
қазақтілді музыканың кенет танымал болып кеткенінен басталды. Moldanazar, Ninety One, т.б. арқасы.
Екінші толқын
- биліктегі дағдарыс пен Жаңаөзен оқиғасы салдары.
Бірақ орыстілділердің күнделікті өмірде, тіпті ең қарапайым деңгейде болса да, қате және акцентпен қазақша сөйлей бастауына
түрткі болған басты себеп
- Ресейдің Украинаға қарсы соғысы".
Диана Құдайберген,
2025.
"What Does It Mean to Be Kazakhstani?: Power, Identity and Nation-Building".
Сіз қандай толқынға түстіңіз? Сіз үшін не түрткі болды?
Дегенмен, айналада не болып жатса да, оның бәрін елемей жатқандар да көп. Яғни Еңлік, Орынхандар әндетіп жатса да, "Лило мен Стич" сапалы дыбысталып жатса да, адамдар тарихына үңіліп, өз тіліне көшіп жатса да, оны көрмей, көргісі келмей жүргендер бар. Тамырына, тіліне қарауға дайын еместік пе? Сырттағыны көре алу үшін де бойда бірдеңе оянуы керек шығар.
@qazaqlab
Адам өзін, жанын, тілін таныса, оны шын сүйсе, қорғаса, Отан да аман болады
❤️🩹
@qazaqlab
Сәлем, әлем! Сіздің 10 минут уақытыңыз бен пікіріңіз қажет!
Біз маңызды зерттеу жазып жатырмыз: Соғыс қазақтарға қалай әсер етіп жатыр? Тіл мен саясат байланысты ма? Орыс тілі біз үшін не?
18 жастан асқан Қазақстан азаматы болсаңыз, мына сауалнаманы өтуіңізді сұраймыз:
https://forms.office.com/e/CVSq0RbwJG
Репостап жіберсеңіз, нұр үстіне нұр!
Жақында Threads'ке тіркеліп, мына нәрсені байқадым:
1. "Тредс қазақтардікі" деген прикөл бар екен. Соған қарағанда, орысша жазатын қазақтардың әңгімесін бүкіл орыстілді әлем оқып отырады, себебі жазатын қазақ көп. Айдаладағы беларустар "Мы уже всё про казахов знаем" дейді. Автор орысша мәтінге қазақша сөз қыстырып қойса, анаулар "что значит
куйрык май
? " деп сұрап қояды
😆
2. Қазақша жазатындар көп! Бетпе-бет қазақша сөйлейтін ортаңыз болмаса, тредске барыңыз. Бәрі сауатты жазады деп айта алмаймын, бірақ әлеуметтік желі арасында нағыз аутентик әңгіме сонда сияқты. Қазақтілді таргетке түсу үшін қазақша оқып, жаза беріңіз. Ұялсаңыз, жұрт құсап фейктен жазыңыз
🫢
3. Дау-жанжал да көп. Мысалы, бір қазақ "Оренбург - казахская земля" деп жазса, оның астында шайқас басталады. Біреулер "мұндай әңгімені өз тілімізде ғана айтайық, оларға ештеңе дәлелдей алмайсың" дейді.
4. Демек, күнде әйтеуір біреу тіл мәселесін көтереді. Кейде орынды, кейде
қыртқан әңгіме
орынсыз болса да, мұндай талқылардың бар болуын жақсыға жоримын. Тіл туралы талқы бастау үшін Qazaq Birnärse болу шарт емес. Қарапайым адам күнделікті уайымын бөліссе, оған басқасы жауап жазып, екеуіне де ой келуі мүмкін.
Баяғы туитір, бүгінгі Х'те мұндай үрдіс болмаған еді. Бұл ненің белгісі?)
@qazaqlab
Duolingo жыл сайын есеп береді екен. 2015 жылдан бері top-10’да келе жатқан орыс тілі 2023 жылы үздіктер тізімінен түсіп қалыпты. Себебі белгілі.
2022-ге дейін қазақтардың көбі бұл платформада ағылшыннан басқа орыс тілін оқыса, соғыс басталғалы жағдай өзгерген. Жасыл жапалаққа сүйенсек, әлем бойынша орыс тілін үйренушілер саны азайып жатыр.
Қазақстандықтар ағылшыннан кейін қызығушылық танытқан тіл:
2021: орыс тілі
2022: неміс тілі
2023, 2024: француз тілі
(
дереккөз)
@qazaqlab
Есть такое явление (которому стоит дать название), когда ходишь в своём түсініксіз-смешанно-IdentityCrisis пузыре, но вдруг услышишь музыку или увидишь картину, и сразу появляются мурашки по коже, а потом сам не замечаешь, как уже под каким-то рилзом в инстаграме пишешь "
🇰🇿
🇰🇿
🇰🇿
🐺
🐺
🐺
☝️
☝️
☝️
".
Я тоже послушала
эту песню.
Мне очень понравилось. Меня впечатлили комментарии наших, у которых что-то просыпается после 30 летнего "сна" и 30-секундного башкирского видео. Люди пишут такие слова как "история оживает", "зов корней", "древняя сила" и т.д. Башқұрттар настолько были тронуты поддержкой казахов, что запостили отдельный рилз с казахским переводом. Бәріміз ризамыз әйтеуір.
Хотя некоторые пишут, что девушка поёт на башкирском с русским акцентом. Но когда акцент был помехой? Мы тоже не раз поднимали эту тему - говорить вопреки, потому что это нужно ДЛЯ СЕБЯ. Башҡортостан - республика в составе, им это точно нужно для себя.
Хотелось бы, чтобы долгое молчание и неготовность быть за себя всегда приводили к чему-то светлому и свободному. Ну и как канал о языке, хочется, чтобы уже в скором будущем мы поддерживали друг друга уже каждый на своём языке, при этом отлично друг друга понимая.
@qazaqlab
Фруктовый
шай... қалай айтсам екен...*translation fail*
Қазақша білетін адам Қазақстанға келсе, қиналып қалатыны - абсурд шындық. Өйткені мейрамханаларда "фруктовый", "сливки", "с курицей" деген нәрселерді орысша айту әдет болып кеткен.
Мына видеода
танымал мейрамхананың даяшысы "жеміс" деген сөзді бірден айта алмай тұрғанын көріп, біртүрлі болдым. Қиын сөз емес қой. Кез келген аулада "жеміс-жидек, көкөніс" деген жазуы бар дүкен бар шығар. Орысша білмейтін адамға
"Основа чёрный и зелёный"
дейді... "Қара", "көк" дегенді неге қазақша айтпады екен?
Былай қарасаң, мейрамхана концепциясы қазақ мәдениетіне негізделген. Даяшылар жүгіріп жүр, азаннан кешке дейін еңбек. Бастарында тақия. Тек...
Өткенде біздің арнаға бір оқырман "Қазақтар өздері қазақша сөйлемей жатқанда, біз қалай сөйлейміз?" деп жазыпты. "Бізге қарамай, өздерің үйрене беріңдер!" деп қоямын. Сонда да үнемі "фруктовый шай" дегенді ойлап тұрамын.
Ең өкініштісі, дәмханада "Тауық қосылған күріш пен грек салаты" десең, қазақша сайрап тұрған даяшының өзі "Рис с курицей и салат греческий?" деп нақтылайды.
Қазақтың бәрі "жеміс шайы" деп айта алатын заман келер. Оған жеткенше әлі талай өзгеріс, қозғалыс, талқы, коменттерде ұрыс-керіс, "разжигание межнациональной розни" деп жала жабу, тағысын тағы болады. Бұл жолда бәрімізге сабыр мен күш берсін.
@qazaqlab