Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

QYZMET NEWS

qyzmet_news
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңалықтары Новости Агентства РК по делам государственной службы https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk
Подписчики
7 870
24 часа
30
30 дней
-30
Необычное падение (24 часа)
Просмотры
423
ER
4,27%
Посты (30д)
15
Символов в посте
1 696
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Политика
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Государственный и публичный сектор
Краткое описание
February 16, 09:47
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

✍🏻
Абай Құнанбайұлы

February 13, 15:14

«Адал азамат» как принцип трансформации государственной службы
🔹
Председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай продолжает встречи с государственными служащими центральных государственных органов, выстраивая прямой профессиональный диалог о предстоящих изменениях в сфере государственной службы.
🔹
Очередные встречи прошли в Министерстве сельского хозяйства и Министерстве финансов. Открытый формат позволил обсудить актуальные вопросы, волнующие работников соответствующих отраслей.
🔹
Дархан Жазықбай акцентировал внимание на тезисах Президента Касым-Жомарта Токаева, озвученных на V Национальном курултае, в части повышения культуры организации работы в государственном секторе. Он представил ключевые направления дальнейшего развития государственной службы и обозначил приоритетные задачи на предстоящий период.
🔹
Отдельное внимание было уделено системной работе по формированию человекоориентированного сервисного аппарата. Речь идёт о повышении качества государственных услуг, обеспечении открытости и доступности госорганов, совершенствовании процедур отбора на государственную службу и цифровизации кадровых процессов.
🔹
Было отмечено, что принципы «Закон и порядок», «Слышащее государство» и «Адал азамат» формируют ценностный каркас Справедливого Казахстана, где государственный служащий выступает проводником общественных интересов.
🔹
Председатель Агентства представил новеллы проекта нового закона «О государственной службе», направленные на институциональное закрепление человекоориентированной модели поведения государственных служащих, По его словам, современный государственный служащий – это профессионал с высокими компетенциями и личной ответственностью, способный работать в условиях высокой общественной чувствительности.
🔹
Государственные служащие сегодня - это не просто исполнители государственной политики Президента, а ключевая сила для перехода к новой конституционной модели и утверждения её ценностей в системе государственного управления. Именно их последовательная работа стала одним из факторов широкой общественной поддержки проекта Конституции, вынесенного на общенациональный референдум.
🔹
Дархан Жазықбай также подчеркнул важность просветительской работы по предупреждению коррупционных рисков, отметив, что формирование культуры нетерпимости к коррупции должно начинаться с семьи и системы образования.
🔹
В ходе встреч были представлены меры по внедрению гибридной модели государственной службы, привлечению профессиональных кадров из частного и квазигосударственного секторов, а также по укреплению принципов открытости и меритократии посредством цифровой системы отбора «Е-қызмет».
🔹
По итогам встреч участники задали вопросы и высказали свои предложения по дальнейшему совершенствованию государственной службы.

February 13, 15:14
Файлы недоступны
3
Открыть в Telegram

February 13, 15:13

«Адал азамат»: сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппараттағы қызметшілердің болмысы
🔹
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың орталық мемлекеттік органдардың қызметшілерімен кездесуі жалғасуда.
🔹
Агенттік Төрағасы Ауыл шаруашылығы мен Қаржы министрліктерінің қызметшілерімен жүздесті. Кездесу сала қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелер көтерілген, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу алаңы ретінде өтті.
🔹
Іс-шарада Дархан Жазықбай Президенттің V Ұлттық Құрылтайдағы мемлекеттік сектордағы жұмысты ұйымдастыру мәдениетін жақсарту жайлы пікірінің маңыздылығына назар аударып, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту жолдары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді таныстырды.
🔹
Сондай-ақ, адамға бағдарланған сервистік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру және саланы цифрландыруға бағытталған жүйелі жұмыстарға тоқталды.
🔹
Сонымен қатар «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» қағидаттарын орнықтыру Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың іргелі негіздері екенін атап өтті.
🔹
Агенттік Төрағасы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының адамға бағдарланған үлгісін бекітуді көздейтін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасының жаңашылдықтарымен бөлісіп, мемлекеттік қызметші кәсіби, жауапты және қоғамға үлгі болатын тұлға болуы тиіс деді.
🔹
Мемлекеттік қызметшілер Президенттің мемлекеттік саясатын сапалы іске асырып қана қоймай, жаңа конституциялық модельдің құндылықтарын орнықтырушы негізгі күш ретінде айқындалды. Нәтижесінде, Жалпыхалықтық референдумға шығарылған Конституция жобасы кең қоғамдық қолдауға ие болды.
🔹
Дархан Жазықбай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы ағартушылық жұмыстардың маңызын атап өтіп, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары мектеп қабырғасынан және отбасы институтынан басталуы қажет екенін жеткізді.
🔹
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізу, жеке және квазимемлекеттік сектордан кәсіби кадрларды тарту, сондай-ақ «Е-қызмет» цифрлық іріктеу жүйесі арқылы ашықтық пен меритократияны күшейтуге бағытталған шаралар таныстырылды.
🔹
Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

February 13, 15:13
Файлы недоступны
4
Открыть в Telegram

February 13, 12:01

В Сенате обсудили ход реализации
антикоррупционной политики
🔹
Заместитель председателя Агентства по делам государственной службы Республики Казахстан Салауат Муксимов выступил на заседании Сената с докладом о ходе реализации антикоррупционной политики.
🔹
В прошлом году в соответствии с Указом Президента Агентству были переданы полномочия по формированию и реализации антикоррупционной политики, развитию антикоррупционной культуры и профилактике правонарушений. В настоящее время работа в данном направлении ведётся системно.
🔹
В своём выступлении Салауат Сыйлыбайұлы отметил, что в рамках реализации Концепции антикоррупционной политики из запланированных 61 мероприятия выполнено 46 (75%). По его словам, цифровизация и дебюрократизация становятся ключевыми направлениями реформ. В настоящее время государственные органы проводят работу по оптимизации и автоматизации государственных услуг с внедрением технологий искусственного интеллекта.
🔹
Кроме того, на платформе «Цифровой тенге» реализуется пилотный проект «окрашивания денег», позволяющий отслеживать движение бюджетных средств до конечного получателя. Данная инициатива направлена на повышение прозрачности финансов и обеспечение их целевого и эффективного использования.
🔹
По результатам мониторинга 2025 года выявлено 122 факта нарушения требований Закона «О противодействии коррупции»: 13 человек привлечены к административной ответственности, 58 — к дисциплинарной ответственности. 43 лица освобождены от государственной службы. В рамках внешнего анализа коррупционных рисков выдано 655 рекомендаций, из которых исполнено 57%.
🔹
В настоящее время в Парламенте рассматриваются два законопроекта, направленные на усиление противодействия коррупции. Также разработан проект закона «О государственной службе Республики Казахстан» в новой редакции. В нём пересматриваются ценности государственной службы и на законодательном уровне закрепляются требования к морально-этическому облику государственных служащих. Вводится модель клиентоориентированного поведения, реформируется институт уполномоченного по этике и усиливаются механизмы профилактики правонарушений.
🔹
Агентство продолжит реализацию международных рекомендаций и системную работу по дальнейшему совершенствованию антикоррупционной политики.

February 13, 12:01
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

February 13, 12:01

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысы талқыланды
🔹
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүкісімов Сенат отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
🔹
Өткен жылы Президент Жарлығына сәйкес Агенттікке жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу өкілеттіктері берілген болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.
🔹
Салауат Сыйлыбайұлы өз баяндамасында Жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында жоспарланған 61 іс-шараның 46-сы орындалғанын (75%) атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру және бюрократиядан арылту реформалардың негізгі бағытына айналуда . Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстарын жүргізуде.
🔹
Сонымен қатар, «Цифрлық теңге» платформасында бюджет қаражатының қозғалысын соңғы алушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «ақшаны бояу» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл бастама қаржының ашықтығын арттырып, олардың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
🔹
2025 жылғы мониторинг нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын бұзудың 122 фактісі анықталып, 13 адам әкімшілік, 58 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 43 тұлға мемлекеттік қызметтен босатылды. Жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулар аясында 655 ұсыным беріліп, оның 57%-ы орындалды.
🔹
Қазіргі уақытта Парламентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған екі заң жобасы қаралуда. Сондай-ақ жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы әзірленді. Онда Мемлекеттік қызметтің құндылықтары қайта қаралып, моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде бекітіледі. Клиентке бағдарланған мінез-құлық моделі енгізіліп, әдеп жөніндегі уәкіл институты реформаланып, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері күшейтіледі.
🔹
Агенттік халықаралық ұсынымдарды іске асыруды жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

February 13, 12:01
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

February 12, 12:57

🔹
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов «Atameken Business» телеарнасының «Жемқорлыққа жол жоқ» бағдарламасына сұхбат берді.
🔹
Сұхбат барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысуға дайындығына арналған әлеуметтік зерттеудің қорытындылары, сондай-ақ Агенттіктің осы бағыттағы атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары сөз болды.
Сұхбатқа сілтеме:
https://youtu.be/BMnomC6xdg4