SABANBAY
Ұстаз Ерлан Ақатаев: Рамазанның соңғы күндерінде балаларыңыз үшін мына дұғаны жасаңыз
Я, Раббым!!!
Қызымды, ұлымды маған өзің аманат еткендей, оларды өзің қорға, қамқорыңа ал!
*Раббым!*
Мені балаларыммен сынама!!!
*Я, Раббым!!!*
Оларды ашық немесе жасырын жасалған әртүрлі күнәлардан қорға, алыстат!
*Я, Раббым!!!*
Оларды Кітабына қызмет ететін, дінін шын жүректерімен сүйетін, ғибадаттарына барынша мұқият қарайтын, көркем мінезбен безендірілген Салих құлдарыңнан қыл. Дүниедегі ең бақытты және молшылық, кеңдік ішінде өмір сүрген адамдардың қатарында болуларын нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Оларды харам нәрселерден қорға және өзіңнен басқаға мұқтаж етпе!
*Я, Раббым!* Кітабыңды қорығаныңдай оларды да шайтанның арбауынан қоры!
*Я, Раббым!!!*
Оларды ең қайырлы келбеттермен, ең таза мінез құлықпен , саған деген сеніммен рызықтандыр!
*Я, Раббым!!!*
Оларды түрлі аурулардан қорға. Олармен бірге бақытты өмір сүруімізді нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Өмірде олардың жақсылықтарымен мені бақытқа бөле және өлімімнен кейін де олардың дұғаларымен мені жарылқа!
*Я, Раббым!!*
Жүрегімнің бірер паршасы болған балаларымды саған аманат еттім. Әр нәрсе Саған аян. Ұлы да Асқақ мәртебеңе лайық түрде оларды қорға!
*Я, Раббым!*
Балаларымызды әртүрлі жамандықтардан, қауіптерден, арам пиғылдардан алыстат. Оларға Ислами сана нәсіп ет. Өзіңе құл, *Пайғамбарына* (с.ғ.с) үммет ет!
*Я, Раббым!*
Ақылдарын әртүрлі бос нәрселерден тазала. Aқыл мен парасат иесі болуларын нәсіп ет!
*Я, Раббым!*
Нәпсі азғындығына жол берме, оларға дұрыс жол көрсет!
*Я, Раббым!*
Оларға мейіріміңді төк. Оларға ұзақ, бақытты өмір бер.Өмірлерінің соңына дейін тура жолыңнан тайдырма және ризашылығыңа бөле!
*Я, Раббым!*
Оларға ата - аналарына, барлық *Мұхаммед*
❤️
(с.ғ.с) үмметіне жақсылық жасайтындай, қайырлы болатындай көркем мінездер нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Бауырлар арасындағы бауырмалдықтарын, махаббаттарын, тазалықтарын арттыр. Бір- біріне жақындастыр. Соңғы демдеріне дейін иман мен Құран жолымен жүруді бұйырт!
*Я, Раббым!*
Біле тұра айта алмаған, түсіне тұрып жеткізе алмаған адами қасиеттердің ең кемелін бүкіл мұсылман бауырларымның балаларына және өзімнің балаларыма да нәсіп ет!
*Я,Раббым!*
Саналарын қайырлы болатын нәрселермен рызықтандыр
🤲
Құнды білімді, пайдалы ақпаратты немесе ақылды түсінетін адам үшін ол
маржан
(асыл тас) сияқты қымбат. Ал мәнін ұқпайтын, надан адам үшін ол ешқандай құны жоқ, арзан дүние болып көрінеді. Сондықтан БІЛГЕНГЕ МАРЖАН
✨
🤍
Ертең ауыз ашар сәтте дұғалар қабыл болатын уақыт бар. Сол кезде барлығымыз бірге соғыстардың тоқтауын тілейік! Біз, аналар, өмірге адам әкелудің қаншалықты қиын екенін білеміз. Бейбіт заманды біз шырылдап тілемесек, кім тілейді?!
Почему выкладываю чтение Корана?
1. Кто-то увидит фото и тоже захочет открыть книгу, которую давно откладывал. Призываю личным примером.
2. просто нести покой в ленту соцсетей, переполненной суетой и ненужной дуньей через короткие аудио, которые идут вместе с фото.
3. напоминание о том, что за чтение 1ой буквы из Корана записывается 10 сауабов в обычные дни. Некоторые ученые указывают, что в Рамазан сауаб за одну букву может возрастать от 700 до тысячи и более. Чтобы вы не тратили зря ни минуты в месяц Рамадан. Считайте, что это ваш возможный билет в Рай.
4. это единственная книга, которая будет заступаться за вас, сразу же после ваших похорон.
5. Ляйлятуль-Кадр (Ночь Предопределения, Қадір түн): Чтение Корана в эту ночь приравнивается к чтению на протяжении 83 лет (1000 месяцев). Точное количество сауабов здесь не поддается человеческому счету - это безграничная милость.
Бүгін кеш, яғни күннің батуымен басталатын Қасиетті Бәраат түні баршамызға құтты, берекелі болсын!
БӘРАТ ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ:
Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Шағбан айының жартысы болғанда, түнде құлшылық жасап (намаз оқып), күндіз ораза ұстаңдар».
Бәрат түнінің кей ерекшеліктері мыналар:
Хикметі бар барлық іс – пенделердің ризықтары, ажалдары және басқа істері – осы түнде анықталады, жазылады.
Осы түнде ғибадат жасаудың сауабы мол. Мүміндер кешіріліп, күнәлары өшіріледі.
Ардақты Пайғамбарымызға ﷺ толық шапағат құқығы осы түнде берілген.
Пайғамбарымыз ﷺ Шағбан айының он үшінші түнінде Алла Тағаладан үмметі үшін шапағат сұраған. Алла Тағала үмметінің үштен бірі үшін шапағат етуге рұқсат етті. Он төртінші түні, қалған үмметі үшін шапағат сұрады. Алла Тағала үмметінің үштен екісіне шапағатқа рұқсат берді. Он бесінші түні, қалған үмметі үшін шапағат сұрады. Алла Тағала – түйенің иесінен қашқанындай Алладан қашатындардан бөлек – үмметінің бәріне шапағат етуіне рұқсат берді.
Дана халқымыз:
Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, АЛЛА МЕНІ КЕШІРСІН. Ал, өтірікші болсаң, АЛЛА СЕНІ КЕШІРСІН”. ШӘКӘРІМ Қ.
https://www.instagram.com/reel/Cr1IOIzgpNi/?igsh=MWU5bTZzamhxOHF2Zg==
Біз бұл өмірге ең басты сый Жәннат үшін келдік.
Жыл қорытындыңды кім не сатып алды, қаншаға алды деген сияқты дүниелермен бөлісетін адамдармен салыстырма.
Егер сен ештеңең болмаса да өз қадіріңді білсең, онда сенде барлығы бар.
Наши души пришли в эту жизнь за главным призом - Раем. Не сравнивайте свои итоги года, с теми, кто делится тем, что купил, за сколько и прочее подобное. Если ты знаешь свою ценность не имея ничего, ты имеешь все.