
Шылғау
Көп досы бардың жан досы болмайды
Екі қорғаушының екі қателігінен Барса екі гол жіберді.
Тең ойын еді...
Түнгі сағат 2.16 Қар қызын аяқтадым.
Өркениеттің қас жауы надандық.
Римді құлатқан варварлар.
Еуропаның да түбіне Африкалық босқындар жетіп жатыр.
Кешкісін жұмыстан келгенде подьездің алдында екі орысты азаматтық киімдегі жігіттер ұстап тұр екен.
Сосын көтім қышып неге ұстап алғансыңдар деп барып дікеңдегем. Документін көрсетті оперлар екен. Тыныш кіре берсейш деді.
Сомен кіріп кеттім. Бір сағаттан кейін есіктің қоңырауы шырылдады. Кім десем, полиция есікті ашыңыз дейді.
Бләәә артым шапалақ ұрған ааай!
Біраз күттім де келмегесін өзім есік алдына шықтым. Шықсам есіктің алды толған адам. Топырлаған полиция.
Мен келгендегі екеуі де тұр екен орыстарды ұстап. Сөйтсем жаңбыр қатты жауып да суға малшынып подьезге кірейік деп есікті аштырыпты.
Уф, дегенсің ғой әкең. Бірақ мен кіргенде олар алыста тұрған, менің квым номерін қалай жаттай қойған деп таң қалдым.
Брат зонтик болса әкеп берші деді. Үйге жүгіріп кіріп әкеліп бердім. Содан жәймен әңгімелестік.
Екі закладчикті ұстап алыпты.
Сенімдеріне кірдім ба әйтеуір бір сағат жандарында тұрып аналарды тінтігенін қарап тұрдым.
Қыз таза шықты. Жігіттің қалтасынан оралған дофига закладка табылды.
Алла сақтасын дейсің. Байғұстың алдағы кемі 10 жылы түрмеде өтеді ғой.
Жеңіл ақша деп ілініп кететіндер көп қой. Абайлап жүрейікші. Іні қарындастарыңа да қолдан келгенше ескертіңдер.
Бұларды бір айдан бері бақыладық дейді. Білінбей бір екі рет істеймін де қоямын деген жоқ. Оларда бәрі бақылауда.
Біздің есік алдында екеуін ұстап жатыр, ар жағынан қабарласып жақын маңнан тағы да ұстадық деп жатты
Жалпы бақсы, балгерлік деген қызық дүние ғой.
Атамның нағашыларында үлкен бақсылар болған екен. Айтқаны айдай келетін кісі болыпты.
Сол кісі бақсылығым баламның балаларының біреуіне қонады деген.
Сөйтіп атамның нағашы жағынан бір кісіге жастау кезінде бойына қонған. Ол кісі арасында арақ ішкен сайын үйді бық-пырт қылып жынататын. Мынау ішімдегі ішпе деп жатыр деп айғайлайтын көрінеді. Соған да қоймай ішіп бақсылығы ұшып кетіпті.
Сомен атамның бөлесі сынықшы, қолының қуаты бар кісі еді.
Кеше сол бөлесінің бір ұлы қайтып бүгін соның жаназасына барып келді.
Сөйтсе қайтқан кісіге сол бақсылық қоныпты. Бұл да оған ие бола алмаған. Ішсе ішіндегісімен төбелеседі екен.
Біраз бұрын ішкенде дегесі бір уыс боп құрысып қалып әрең жанын алып қапты. Енді ішсең өлесің деген.
Сомен бір той томалақта ішіп қойып үйіне кеп бір аптадан соң қайтып кетіпті.
Бойына қонғанға ие бола алмады жарықтық дейді...
Не оны құрықтап құлдай жұмсайсың, не ол сені иектеп түбіңе жетеді.
Жаңа жатсам атам келіп "оттығыңды берші" дейді.
- Үй, қалай болар екен деп, сәл қипақтап мойындамайын ба десем.
- Шегетініңді білмейді ғой деймісің, өзімдікін таппай қойдым, әкел дейді.
Амал жоқ қалтамнан алып бердім.
Бұл енді қай деңгей екенін де білмеймін.
#хаха
Бүгін темекі сұраған 4 адамға 4 штук темекі бердім. Сауап боп санала ма екени а?
#хаха
Ол кезде күн де ұясына еріне бататын. Таң да асықпай ататын. Гүлдер де түрлі түсті сияқты еді...
Адам балалығын да, мектепті де, тіпті студенттік шағын да емес, бақытты болған кезін сағынады екен ғой...