
SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
Әңгіме барысында қос тарап халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
https://t.me/sn_kz
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде сарбаздың жақ сүйегі сынған
Гвардейск гарнизонының әскери полициясы күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен сарбаз Алматыдағы Әскери-клиникалық госпитальға жатқызылып, медициналық бақылауда.
Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар және медициналық көмек көрсету кезінде кемшілік жіберген лауазымды тұлғалар уақытша қызметтен шеттетілді.
Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркеліп, жан-жақты тексеріс жүргізілуде. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады, жағдай Қарулы күштер басшылығының бақылауында.
https://t.me/sn_kz
Шымбұлақта төтенше жағдай: қар көшкіні салдарынан адам зардап шекті
Шымбұлақ тау-шаңғы курорты маңында қар көшкіні жүріп, бір адамды қар басып қалды. Күні кеше екі фрирайдер курорт аумағынан тыс жерде сырғанауға шыққан. Алайда олардың бұл әрекеті күтпеген жағдайға ұласты — тау бөктерінде қар көшкіні жүрген.
Санаулы секундтың ішінде спортшылардың бірі қалың қар астында қалып қойған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ер адамды аман-есен қар астынан шығарып алды.
https://t.me/sn_kz
Қазақстандық кикбоксинг аңызы Сабыржан Махметов өмірден өтті
Қазақстандық кикбоксингтің көрнекті өкілі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ бапкер Сабыржан Махметов өмірден өтті. Қаралы хабарды журналист Қанат Ескендір жеткізді.
Сабыржан Махметов «Жекпе-жек» федерациясының президенті қызметін атқарып, қазақ кикбоксингінің дамуына зор үлес қосты. 90-жылдары қылмыс әлемімен байланысы үшін айыпталып, 7 жылға сотталып, оның 6 жылын түрмеде өткізген.
https://t.me/sn_kz
Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде
жаңбыр мен қар жауып
, солтүстік-батыста
қар қатты жауады
, оңтүстікте
күшті жаңбыр болады
.
Тек
елдің шығыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы
күтілуде.
Республика бойынша
тұман және желдің күшеюі
де болжануда.
Астана, Алматы, Шымкент
және
16 облыста ескерту жарияланған
.
https://t.me/sn_kz
Алматылықтар Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Қазақстандықтар мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы жеңісінен кейін Денис Тенді еске алды.
Әлеуметтік желі қолданушылары марқұм спортшының ел спортына қосқан үлесін атап өтуде.
Алматы тұрғындары Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Кейбірі ескерткіш маңынан видео да жариялаған.
https://t.me/sn_kz
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып,
195.2476
ұпай жинады.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.
https://t.me/sn_kz
Нұрлан Сабуровқа Украинада қылмыстық іс қозғалды
Украинаның Қауіпсіздік қызметі қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы адвокат Евгений Пронин хабарлады.
Тергеу Украина Қылмыстық кодексінің 111-2 бабы («Агрессор мемлекетке жәрдемдесу») бойынша жүргізілуде. Адвокаттың мәліметінше, Сабуров ресейлік қарулы құрылымдарға материалдық көмек көрсетуі мүмкін деген күдік бар.
Егер айып расталса, оған Интерпол арқылы халықаралық іздеу жариялануы ықтимал.
https://t.me/sn_kz
Геннадий Головкин Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтады
Чемпионның айтуынша, бұл — жылдар бойғы еңбектің, мінездің, тәртіптің және өзіңе соңына дейін сенудің нәтижесі.
"Михаил, сені тарихи Олимпиада алтынымен шын жүректен құттықтаймын!
32 жылдан кейін Қазақстанның Әнұраны қысқы Олимпиада ойындарында қайтадан шырқалды.
Сен бүкіл әлемге нағыз кәсіби спортшы екеніңді дәлелдеп, еліңе орасан зор мақтаныш сыйладың.
Олимпиадалық жолдан өткен адам ретінде бұл жеңістің бағасын жақсы түсінемін", - деді ол.
https://t.me/sn_kz
«Не деген мереке!»: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 2026 жылғы Қысқы Олимпиада чемпионы атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровті тарихи жеңісімен құттықтады. Ол спортшының табандылығын атап өтіп, бұл жетістік
Қазақстан үшін зор мақтаныш екенін айтты.
Сонымен қатар Димаш чемпионға құрмет ретінде көлік сыйлайтынын мәлімдеді.
https://t.me/sn_kz