
ЖАУЫНГЕР
🧨
ҚУАТ ХАМИТОВ ТАҒЫ ДА ҚР ҰҚК-НІ СЫНҒА АЛДЫ
📣
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов (28-8-2) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын сынға алды.
🗞
ҰҚК өткен жылы Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатқан «Вагнер» ЖӘК жауынгерлеріне 10 мотоцикл сыйлаған комик Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық комикке Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған болатын.
🗣
«Нұрлан Сабуров бауырымыздың ақшасы бар, жағдайы көп. Ондай жағдайымен Дубайға да кетіп қалса болады ғой. Соны енді: "Қазақстан Отаным ғой, туған жерім ғой" деп келді. Дубайдың орнына Алматыны таңдап жатса, туған елін таңдап жатса, сендер енді тексеріспен, болмайтын нәрсеге тиісіп жатсыңдар. Кішкене адамгершілік деген нәрсе болу керек, жігіттер, олай болмайды ғой. Қазақтарға жау керек жоқ, біз бір-бірімізге жаумыз. Қайда бара жатырмыз деп кішкене ойлану керек»,- деп мәлімдеді файтер өзінің Instagram парақшасында.
ℹ️
Бұған дейін Хамитов ҰҚК-ге үндеу жасап, ведомствоны оның жекпе-жектерін тоқтатудан гөрі маңыздырақ істермен айналысуға шақырған еді.
🥊
14 ақпанда Хамитов Батумиде жекпе-жек өткізіп, бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
❓
«Найманның» сөзімен келісесіз бе?
#нашбоец
#хамитов
#сабуров
#кнб
#қуатхамитов
🔥
ДАНА УАЙТ: АҚ ҮЙДЕГІ UFC ТУРНИРІНІҢ КАРДЫ ДАЙЫН
✅
UFC боссы Дана Уайт мерекелік шараның барлық жекпе-жектері белгіленгенін растады.
🗣
«Бізде екі нұсқа бар. Матчмейкинг процесі басталып кетті. Ақ үйдегі турнирдің кардын өткен аптада бекіттік. Бұдан артық ештеңе айтпаймын», — деді UFC президенті Zuffa Boxing 03 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.
ℹ️
Сыбыстарға қарағанда, турнирдің басты жекпе-жектері Илия Топурия — Джастин Гейджи және Ислам Махачев — Иэн Гэрри болуы мүмкін.
❓
Турнирде қандай жекпе-жектерді көргіңіз келеді?
#нашбоец
#топурия
#махачев
#ufc
#мма
🔥
ТОПУРИЯ VS ГЕЙДЖИ — АҚ ҮЙДЕГІ МЕЙН-ИВЕНТ ПЕ?
🇺🇸
UFC жеңіл салмақ чемпионы Илия Топурия мен осы дивизионның уақытша чемпионы Джастин Гейджи арасындағы жекпе-жекті 14 маусымға жоспарланған Ақ үйдегі турнирдің басты оқиғасы ретінде қарастыруда. Шоу АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай ұйымдастырылмақ.
🗞
Бұл туралы испаниялық журналист Альваро Кольменеро хабарлады. Оның мәліметінше, матчмейкерлер бұл айқасты тарихи кештің мейн-ивентіне қоюды көздеп отыр.
🥇
Илия Топурия кәсіби мансабында әлі жеңіліс дәмін татпаған, жеңіл салмақ титулының иегері және қазірдің өзінде ұйымның ең көп талқыланатын чемпиондарының бірі.
⚡️
Джастин Гейджи бұған дейін UFC-дің уақытша чемпионы болған және әлі де 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең қауіпті файтерлердің бірі санатында.
ℹ️
Бұл мәлімет Ислам Махачевтің менеджері Әли Абдель-Азиздің сөздерімен үндеседі. Ол жартылай орта салмақ чемпионының қарсыласы нағыз жартылай орта салмақ өкілі болатынын, бірақ ол Топурия емес екенін айтқан еді.
❓
Сіз үшін қай жекпе-жек қызықтырақ?
#нашбоец
#Топурия
#Гейджи
#ufc
#мма
🔥
ACA VS HARDCORE: ТЕҢ ТҮСТІ
🇷🇺
ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев пен Hardcore басшысы Анатолий Сульянов арасындағы екі жылға созылған текетірес өз мәресіне жетті. Бірақ жеңімпаз анықталған жоқ.
🥊
Мәскеудегі Ground Zero Championship турнирінің басты жекпе-жегі екі раундқа созылып, тең аяқталды. Регламент өте қатал болды: мұнда төрешілер шешімі қарастырылмаған, тек мерзімінен бұрын (нокаут немесе қылқындыру) жеңіске жету керек еді.
🎯
Белдесу барысында Бадаев белсендірек көрінді: үнемі қысым көрсетіп, екінші раундта екі рет тейкдаун жасады. Алайда басымдықты толық пайдалана алмады.
🛡
Сульянов болса, керісінше, тек қорғанысқа иек артты — қарсыласын жақындатпай, қашықтықты бақылауда ұстауға тырысты.
🗣
Финалдық сиренадан кейін эмоциялар бәрін айтып тұрды: Бадаевтың нәтижеге көңілі толмағаны анық байқалса, Сульянов керісінше, барынша риза кейіп танытты.
💥
Жекпе-жектен соң жаңа мәлімдеме жасалды: Сульянов келесі қарсыласы ретінде Александр Шлеменконы көргісі келетінін айтып, оны Ground Zero-ның екінші турниріне қатысуға шақырды.
❓
Бұл шынайы спорт па, әлде хайп үшін жасалған ба?
#нашбоец
#бадаев
#сульянов
#аса
#грэпплинг
🔥
ТОПУРИЯНЫҢ БАПКЕРІ: ИЛИЯ ЦАРУКЯНДЫ НОКАУТҚА ТҮСІРЕДІ
🇪🇸
Жеңіл салмақтағы UFC-дің жеңілмеген чемпионы
Илия Топурияның
бапкері —
Хави Климент
— «Матадор» мен 70 келіге дейінгі дивизион рейтингінің екінші нөмірі
Арман Царукян
арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді.
🗣
«Арман — Топуриямен жекпе-жекке шығу үшін барын салып жүрген жігіт. Дегенмен, Царукян UFC-де бірнеше қателік жіберді, енді Дана оны сол үшін жазалап жатыр. Арман біртіндеп үміткерлер қатарына қайта оралуда. Топурия мен Царукян жекпе-жегінің идеясы тартымды естіледі, біз бұл кездесуден бас тартпаймыз. Шын мәнінде, біз онымен жұдырықтасқымыз келеді.
Бірақ Арманның бойынан Илияны жеңе алатындай күш көріп тұрған жоқпын. Топурия оны менталды түрде әбден қажытар еді. Ол Илияны жеңуге тырысады, бірақ қолынан ештеңе келмейді. Бұл — ММА, күрес емес. Мұнда сені соққыға жығады. Арман Илияның деңгейінде емес. Топурияның Царукянды нокаутқа түсіргенін көреміз бе? Әрине», — деп Клименттің сөздерін
Abc.es
порталы келтіреді.
❓
Топуриядан болатын нокаут — шынайы сценарий ме, әлде Климент өзіне тым сенімді ме? Қалай ойлайсыз?
#нашбоец
#Топурия
#царукян
#ufc
#мма
🔥
АБДЕЛЬ-АЗИЗ: МАХАЧЕВТІҢ ҚАРСЫЛАСЫ НАҒЫЗ ЖАРТЫЛАЙ ОРТА САЛМАҚ ӨКІЛІ БОЛАДЫ
🇷🇺
Қазіргі чемпион Ислам Махачев келесі жекпе-жегінде Илиа Топуриямен емес, UFC-дің жартылай орта салмақтағы үздік файтерлерінің бірімен кездеседі. Бұл туралы оның менеджері Али Абдель-Азиз мәлімдеді.
🗣
«Анық айта кетейін: Джастин Гейджи келесі кезекте жеңіл салмақтағы даусыз титул үшін жұдырықтасады. Егер Топурия қаламаса, Джастин келесі кезекте кім болса, сонымен толыққанды титул үшін таласады. Ал егер Ислам Топурияны сабап алғысы келсе, оның қайда және қашан болатынын өзі шешеді. Бірақ Исламның келесі жекпе-жегі міндетті түрде нағыз жартылай орта салмақ өкіліне қарсы болады», – деп жазды Абдель-Азиз әлеуметтік желіде.
🥊
Бұған дейін Махачев 14 маусымда Ақ үйде (White House) өтетін мерекелік турнирде Топуриямен жұдырықтасу идеясы өзіне ұнайтынын айтқан болатын.
ℹ️
Жартылай орта дивизиондағы негізгі үміткерлердің қатарында — Камару Усман, Майкл Моралес және Иэн Мачадо Гэрри бар. Сонымен қатар, Топурия үш апта бұрын Пэдди Пимблетті жеңіп, жеңіл салмақта уақытша титулды иеленген Гейджимен белбеулерді біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс.
❓
Ислам Махачевтің келесі қарсыласы ретінде кімді көргіңіз келеді — Усманды ма, Моралесті ме, әлде Гэрриді ме?
#нашбоец
#Махачев
#топурия
#ufc
#мма
🔥
ХАМИТОВ АЛАНДЫ ЖЕҢІП, ШАРА БУЛЛЕТКЕ ҮНДЕУ ТАСТАДЫ
🇰🇿
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Батумиде өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ұзақ үзілістен кейін маңызды жеңіске жетті.
🎯
Жартылай орта салмақтағы кездесуде Хамитов үш раундтық дистанцияны толық өткеріп, бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен сенімді түрде жеңді. Бұл қазақстандықтың кәсіби мансабындағы 28-ші жеңісі. Қазіргі рекорды: 27-8-2.
🥊
Қуат үшін бұл өткен жылдың қазан айында ресейлік Анатолий Бойконы тізе бүктіргеннен бергі ММА ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегі болды. Ал Силва бұған дейінгі кездесуінде Моасир Рошаны сабмишнмен жеңген болатын. Бразилиялықтың жаңа рекорды: 19-12-1.
🗣
Жекпе-жектен кейін Хамитов октагонға ауыр жарақатпен шыққанын мәлімдеді:
«Мен мұнда жарақатпен шықтым — жекпе-жекке бір күн қалғанда тіпті жүре алмай қалдым... Мен егде тартсам да, "Шара Буллетке" үндеу тастағым келеді. Сенің қарап отырғаныңды білемін. Біз сені осында, Bellagio-да күтеміз. Бас тарту қабылданбайды! Мұнда су бар — сенің қарақшыларың жүзіп келе алады. Сосын Bellagio-ны кім басып алатынын көреміз!»
❓
Хамитовқа дәл қазір Шарамен жекпе-жек керек пе?
#нашбоец
#Хамитов
#шарабуллет
#ufc
#мма
🔥
РУЗМАТОВ NAIZA 81 ТУРНИРІНДЕ «КАННСКИЙДІ» ЖЕҢДІ
⚡️
14 ақпанда Қостанайда NAIZA 81 турнирі өтті. Кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы жекпе-жек болды: Самандар Рузматов (6-1) пен Қанат Құлмағанбетов (9-8) өзара мықтыны анықтады.
👊🏻
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен астаналық файтер жеңіске жетті. Самандар бұл жеңісін туған күнін тойлап жатқан жиені Аркадийге арнады.
👀
Жекпе-жектен кейін октагонға жеңіл салмақтағы белбеуге бұрынғы үміткер Тамирлан Саралапов шықты. Ол жартылай орта салмаққа ауысып, осы турнирде жеңіске жеткен болатын. Самандар мен Тамирлан «көз арбасу» рәсімін өткізіп, бірнеше жекпе-жек бұрын Рамазан Гасанов босатқан жартылай орта салмақтағы вакантты белбеу үшін жұдырықтасуға келісті.
❓
Жекпе-жек сіздерге ұнады ма? Кім жаңа чемпион атанады?
#нашбоец
#рузматов
#каннскийфестиваль
#naiza
#мма
🔥
РИЗАБЕК АЙТМҰХАН – SUPER 4 WRESTLING ЧЕМПИОНЫ
🇰🇿
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Бішкекте өткен халықаралық турнирде сенімді түрде алтын иеленді. Жеңісі үшін ол 10 000 доллар сыйақы алды.
🎯
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Айтмұхан ресейлік Алихан Кцоевқа еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен жеңіске жетті және чемпиондық титулды еншіледі.
🥊
Финалға барар жолда біздің балуан Болгария өкілі Ахмед Батаевты 7:5 есебімен қапы қалдырды.
📍
Еске сала кетейік, бұған дейін аталған коммерциялық турнирде Ресей өкіліне қарсы финалдық белдесуді Азамат Дәулетбеков өткізген болатын. Жеңілісіне қарамастан, Дәулетбеков 5 000 доллар табыс тапты.
💬
Келесі жарыс — Мұхамет Мало атындағы еске алу турнирі (25 ақпан – 1 наурыз, Тирана).
❓
Ризабек бұл турнирде де алтын ала ма?
#нашбоец
#Айтмұхан
#ризабек
#күрес
#еркінкүрес
😬
ТОМ АСПИНАЛЛДЫҢ ММА-ДАҒЫ БОЛАШАҒЫНА ҚАУІП ТӨНІП ТҰР
⚡️
Көз жанарына қатысты мәселелерге байланысты спорттық мансабы үлкен сұрақ астында тұрған UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы Том Аспиналл қазіргі жағдайда ММА қауымдастығының көрсетіп отырған қарым-қатынасына көңілі толмайтынын білдірді.
🗣
«Мен ММА-ны жақсы көруді ешқашан тоқтатпаймын, бірақ бұл бизнесті жек көремін. Меніңше, файтерлердің орнын басу оңай және индустрия кез келген мүмкіндікте мұны саған сездіріп отырады. Тіпті, болашақ өміріңе әсер ететін тыйым салынған соққы алсаң да, олар үшін бәрібір. Басқаларға да солай», – деді британдық ауыр салмақ иесі Пэтси Кэрроллға берген сұхбатында.
🥊
Сирил Ганмен болған жекпе-жекте алған жарақаттан кейін салдары өте ауыр болып тұр: қозғалысты бақылау қиындаған, хабарлама оқығанда көз ауырады, бағытты күрт өзгерткенде бас айналады, координация мен қарапайым лапамен жұмыс істеудің өзі қиынға соғуда. Кейде ол балаларымен ойнай алмайды, көлік жүргізе алмайды және өзгелердің көмегіне мұқтаж.
ℹ️
Сыбыстарға қарағанда, UFC басшылығы Аспиналлға белбеуді босатуды ұсынған. Чемпионның жауабы — тек ұйымнан жұмыстан шығарылған жағдайда ғана. Әзірге ресми растау жоқ, бірақ шиеленіс күшейіп келеді.
❓
Денсаулығы бәске тігіліп тұрғанда, файтерден титулдан бас тартуды талап ету әділетті ме?
#нашбоец
#аспиналл
#томаспиналл
#ufc
#мма