Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Тиімді Қазақстан

tiimdiqazaqstan
Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.
Подписчики
3 670
24 часа
-3
30 дней
3
Необычный рост (24 часа)
Просмотры
689
ER
18,77%
Посты (30д)
12
Символов в посте
1 104
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Блог о бизнесе и экономике
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Бизнес и управление
Краткое описание
February 17, 06:58

Соңғы 2 аптадағы жаңалықтар:
• Наурыз мерекесінде 21–25 наурыз аралығында қатарынан 5 күн демаламыз, ал 8 наурызға орай 8 және 9 наурыз күндері екі күн қатарынан
демалыс болады
.
• FlyArystan 1 наурыздан бастап қол жүгінің салмағын 5 кг-нан 7 кг-ға дейін
арттырады
. Өлшемдері 56×23×36 см, ал «бір жолаушыға – бір қол жүгі» ережесі өзгеріссіз қалады.
• Енді ХҚКО қосымшасы арқылы автокөлікке
қалаған нөмірді
онлайн рәсімдеуге болады. Мамандандырылған ХҚКО-ға тек дайын нөмірді алып кету үшін бару керек.
• Отбасы банкінің сыйлықақысы 1 наурызда
төленеді
. Егер салымшы өткен жыл ішінде 786 400 теңге жинаса, 157 280 теңге сыйлықақы алады.
• Теміржол
билеттеріне
15–25 жас аралығындағы жастарға 33% жеңілдік және 60 жастан асқан адамдарға 25% жеңілдік беретін арнайы карталар енгізілді. Оларды қалай рәсімдеуге болатыны
👉
сілтемеде
.
• 14 автожол бөлігінде жол ақысы уақытша тегін болды.
Жолдар тізімі
.
• Шағын және микробизнес өкілдерінің салықтық өсімпұлдары мен айыппұлдары кешіріледі. Ол үшін 2026 жылдың 31 наурызына дейін негізгі қарызды толық төлеу қажет.
Шарттары
.
• ҚР азаматтары үшін Үндістанға 30 күнге дейінгі виза енді
тегін болады
. Оны e-Visa онлайн жүйесі арқылы немесе елшіліктерден алуға болады.
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 16, 07:27
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

Коворкингке қалай тегін баруға болады?
Жауабы — қалалық кітапханаға оқырман билетін рәсімдеу.
«Мұнда интернет өте жылдам, тып-тыныш, әрі кітапханалар қолжетімді жерлерде орналасқан. Кейбір қалаларда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар да бар. Сонымен қатар, өз ноутбугің болмаса, интернетке кіруге болатын компьютерлер қойылған. Және мұның бәрі тегін», — деп
жазыпты
Threads қолданушысы.
Бұл қашықтан жұмыс істейтіндерге, фрилансерлерге және үйден тыс жерде тыныш отырып жұмыс істеу немесе оқу қажет адамдарға өте қолайлы.
Алматыдағы мұндай кітапханалардың мекенжайлары
мына жерде
, ал Астанадағы мекенжайлар
осы жерде
жинақталған. Басқа қалалар бойынша мекенжайларды 2GIS қосымшасынан қарауға болады.
Мұндай мүмкіндік барын білдіңіз бе?
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 15, 09:28

Коммуналдық қызмет құны қанша шықты?
Соңғы кезде, әсіресе Астана мен Алматыда, коммуналдық қызметтердің қымбаттағаны туралы шағымдарды жиі естиміз. Кейбір тұрғындардың төлемі бір жарым-екі есе өскен.
Ресми мәлімет қандай?
Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарифтердің көтерілмегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта мораторий күшінде, сондықтан тарифтерді қайта қарау жұмыстары жүргізілмеген.
Ал
tengrinews.kz-тің
жазуынша, төлем сомасының өсуі жылу энергиясын нақты тұтыну көлемінің артуына байланысты (яғни қаңтар айының суық болуы себепті). Өйткені тұтыну көлемі ауа райына және жылумен қамту режиміне тікелей тәуелді.
Мұндай жағдайда не істеуге болады?
1) Бағаның өсуі қаншалықты негізді екенін анықтап, қажет болса шағым түсіру. Нұсқаулық
👉
осы материалда.
2) Коммуналдық қызметті жоғары кешбэк беретін картамен төлеп, шығынды сәл де болса азайту. Мысалы, Home Credit Bank-тің Arna картасы немесе Forte Blue. Коммуналдық төлемдер үшін кешбэк алудың қазіргі 7 тәсілін
👉
осы жазбада жинақтадық.
Ал сіздерде жағдай қалай?
|
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 14, 07:38
Файлы недоступны
2
1
Открыть в Telegram

Қалай байқамай қалғанымызды білмейміз, бірақ енді Kaspi Дүкенінде
кез келген төлем әдісімен
бонус алуға болады, тіпті бөліп төлеуге де
😮
Бұл Kaspi Gold, Kaspi Red+ карталарымен, сондай-ақ несиеге немесе бөліп төлеуге жасалған сатып алуларға қатысты. Kaspi Жұма кезінде жоғарылатылған бонустар 60%-ға дейін жетеді.
Мұндай тауарлар арнайы «
🔥
» белгісімен көрсетілген:
• Тауар картасында (егер дүкен ең төмен бағаны ұсынған болса);
• Сатушы атауының жанында;
• Немесе «Науқандар» бөлімінде.
Сондай-ақ барлық тиімді ұсыныстарды табу үшін «
🔥
Бонустар»
сүзгісін қолдануға болады. Егер от белгісі болса – демек, кез келген төлем әдісі үшін жоғары бонустар есептеледі.
Жиналған бонустарды Kaspi Дүкенінде, Kaspi Travel-де, «Төлемдер» бөлімінде, сондай-ақ Kaspi QR арқылы сатып алуға жұмсауға болады (яғни, кез келген жерде).
Керемет
👍
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 13, 10:29
Файлы недоступны
3
Открыть в Telegram

Кинодан не көруге болады?
🍿
Егер не көруге болатынын білмесеңіз, 12 ақпаннан бастап кинотеатрларда көрсетіліп жатқан
«Жоқ: үлкен армандаңыз»
мультфильміне баруға болады. Бұл – армандар, табандылық пен биік мақсаттар туралы хикая. Туынды балаларға да, ересектерге де қызықты болады.
Оқиға Уилл атты кішкентай лақ туралы. Ол үлкен спорт әлеміне қадам басады. Кәсіби «зверобол» лигасында жыртқыштар басымдыққа ие, сондықтан Уиллге таланттың дене бітімінен маңыздырақ екенін дәлелдеу керек болады.
Қызықты дерек: кейіпкерлерді белгілі қазақстандық блогерлер мен медиа тұлғалар дыбыстады. Олардың арасында Алина Ким (Хома), Артур Асқарұлы, Алмаз Мержақыпов, Ғалым Қалиакбаров және Шыңғыс Ермек бар.
Билеттерді Freedom SuperApp қосымшасы («Қызметтер» → «Афиша» бөлімі) немесе
Ticketon.kz
сайты арқылы тиімді алуға болады. Freedom карталарымен төлеген жағдайда 22%-ға дейін кешбэк беріледі.
Толығырақ
.
*PR

February 13, 07:28

Үздік науқандар:

Mechta.kz

Kaspi Жұмаға
орай барлық техника мен электроникаға 0-0-24 бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Мысалы:
TCL 65" теледидары
айына 17 920₸,
SAMSUNG кір жуғыш машинасы
10 625₸. Кейбір тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.
Толығырақ
.

Jana Post
— Қытайдан келетін сәлемдемелерді жеткізуге 50% жеңілдік. Төлемді Freedom Mastercard картасымен Apple Pay немесе Google Pay арқылы жасау қажет. Ең жоғарғы жеңілдік мөлшері – 5000₸. Бірнеше тауарды бірге рәсімдеп, бір төлеммен төлеуге болады.
Толығырақ
.

Sinsay
— қызыл бағамен белгіленген екінші тауарға 70% жеңілдік беріледі. Ұсыныс 18 ақпанға дейін жарамды.

Starbucks
— барлық нүктелерде екінші даршын қосылған дольче латте сыйлыққа беріледі. Науқан 15 ақпанға дейін.

Золотое яблоко

ЖАНЫМ
промокоды 30 000₸-ден жоғары тапсырысқа 10%-дан 20%-ға дейін жеңілдік береді (тапсырыс сомасы артқан сайын жеңілдік те артады). 15 ақпанға дейін жарамды.
Тегін мүмкіндіктер:

Жүргізуші куәлігі
— куәлік алуға арналған емтихан сұрақтарының талдауы. Арнайы ХҚКО-ларда өтетін тестілеуге дайындалуға және жол қозғалысы ережелеріндегі күрделі тапсырмаларды түсінуге көмектеседі. Талдауларды
мұнда
және
мұнда
көруге болады.

Несие тарихы
— өз несие есебіңізді «Мемлекеттік кредиттік бюро» сайтынан шектеусіз әрі тегін алуға болады.
Толығырақ
.

Заңгерлік көмек
— әр жұма күні сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін Алматы қаласындағы Dostyk Plaza сауда орталығында қалалық прокуратура өкілдері тегін кеңес береді.
Толығырақ
.
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 12, 08:58

Kaspi Gold 10 000 теңге тұрады ма?
Кешегі Kaspi тарифтеріне қатысты туындаған түсініспеушілік туралы
мына мақаланы
оқуға кеңес беремін.
Біз мұндай мәселелерді 6 жылдан бері зерттеп келеміз. Айтарымыз: мұндай жағдайларда әрдайым «шекті тарифтер» көрсетіледі және көбіне олар өте жоғары мөлшерде белгіленеді.
Алайда іс жүзінде олар ешқашан қолданылмайды. Тіпті 2017 жылғы Kaspi-дің
ресми құжатында
шекті тариф 10 000 теңге деп көрсетілген болатын. Бірақ нақты тариф сол күйі 1995 теңге болып қалды.
Мұндай ереже барлық банкте бар. Өйткені заң бойынша банктер кез келген жағдайда одан асырып ақы ала алмайтын ең жоғарғы шекті мөлшерді көрсетуге міндетті. Сондықтан олар алдағы ондаған жылды ескеріп, үлкен қор (запас) қалдырады.
Тағы бірнеше мысал:
бір банкте алғашқы шотты ашудың шекті мөлшері 1 млн теңге (іс жүзінде тегін). Екінші банкте жеке тұлғалар үшін шот ашудың ең жоғарғы құны 500 мың теңге деп көрсетілген, бірақ мұндай комиссия ешқашан алынбаған.
Демек, шекті тариф – бұл іс жүзінде ешқашан пайдаланылмайтын тек жоғарғы шекара ғана. Егер банк тарифтерді көтеру туралы шешім қабылдаса (шекті мөлшер аясында), ол бұл туралы ресми байланыс арналары арқылы клиенттерге алдын ала хабарлауға міндетті. Бұл бұрыннан қалыптасқан тәртіп.
Ақпарат пайдалы болды ма?
🔥
– иә
👀
– жоқ
Дереккөз
|
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 12, 06:58
Файлы недоступны
2
2
Открыть в Telegram

Киноға екінші билет — тегін
🍿
Freedom SuperApp қосымшасында
1+1
промокоды пайда болды. Промокод арқылы бір билет сатып алсаңыз, екіншісі сыйға беріледі. Жеңілдік «Афиша» бөлімінде жұмыс істейді.
Пайдалану жолы: кез келген сеансты және залдағы екі орынды таңдаңыз. Төлем жасау кезінде
1+1
промокодын енгізсеңіз, бір билеттің құны автоматты түрде шегеріледі.
Науқан
15 ақпанға дейін
(қоса алғанда) жалғасады. Промокодтың белсендіру саны шектеулі.
Сонымен қатар,
Freedom
картасымен төлем жасасаңыз, 22%-ға дейін кешбэк беріледі (деңгейіңізге байланысты).
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 11, 08:58
Файлы недоступны
4
Открыть в Telegram

Пәтерді өрттен ~5-10 мың теңгеге қалай қорғауға болады?
Үйдегі өрт қаупі ең жоғары орындардың бірі – электр қалқаны екенін білесіз бе? Көбіне қысқа тұйықталу мен өрт осы жерден басталады.
Қауіпті азайту үшін модульді аэрозоль орнатуға болады. Оны екі минутта өз бетіңізше қою қиын емес.
Модульдің жұмыс істеу принципі:
температура көтерілгенде арнайы құрам бөлінеді, ол отқа оттегінің келуін тоқтатып, жалынды сөндіреді.
Құрылғыны маркетплейстерден сатып алуға болады. Оны «автономды өрт сөндіру құрылғысы» немесе «аэрозольді өрт сөндіргіш» деген сөздер арқылы іздеңіз.
Бейнеролик пен эксперимент үшін
@raim.merkesh
-ке рақмет
👏
https://t.me/tiimdiqazaqstan

February 10, 07:28

Зейнеткерлер шипажайға қалай тегін немесе жеңілдікпен бара алады?
Digitalbusiness.kz
-тегі әріптестеріміз Астана мен Алматы қалаларындағы зейнеткерлердің шипажайға тегін немесе жеңілдетілген жолдаманы алу жолдарын анықтады. Жолдама беру шарттары зейнеткердің санатына, зейнетақы мөлшеріне және өңірге байланысты.
Астана қаласы:
Жеңілдетілген жолдаманы жасына байланысты зейнетке шыққан азаматтар ала алады. Бұл жағдайда жолдаманың негізгі бөлігін мемлекет төлейді:
• 80% — барлық зейнеткерлер үшін;
• 85% — ең төменгі зейнетақы алатындар үшін (2026 жылы бұл 69 049₸ + базалық зейнетақы 35 596₸).
Тегін жолдамалар келесі санаттарға беріледі:
ҰОС ардагерлеріне, ел аумағынан тыс жердегі соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген ардагерлерге, 1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға және т.б.
Қалай тіркелуге болады?
Өтінім беру
birge.astana.kz
сайтында ЭЦП арқылы онлайн жүзеге асырылады. Өтінім қабылдау шипажайға бару жоспарланған айдан 1–2 ай бұрын, тиісті айдың алғашқы жұмыс күнінде таңғы сағат 08:00-де ашылады.
Зейнеткерлер Щучинск–Бурабай демалыс аймағындағы шипажайға жіберіледі. Кей жағдайларда Қарағанды облысындағы «Балқаш» кешеніне де жолдама берілуі мүмкін.
___________
Алматы қаласы:
Жасына байланысты зейнетке шыққандар, егер жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен (2026 жылы бұл — 152 553₸) аспаса, шипажай шығынын ішінара өтей алады. Бұл жағдайда зейнеткер жолдаманың толық құнын емес, өз зейнетақысының 25%-ын ғана төлейді. Соңғы сома табыс мөлшеріне және комиссияның шешіміне байланысты болады.
Қалай тіркелуге болады?
Өтініш аудандық әкімдікке беріледі. Құжаттарды өтініш берушінің материалдық жағдайын бағалайтын арнайы комиссия қарастырады.
Тегін жолдамалар:
тек
ҰОС ардагерлеріне және мүгедектігі бар адамдарға беріледі.
Шипажайда емделу мерзімі әдетте 14 күнді құрайды. Жол шығындарын жолдама алушы өзі төлейді.
Басқа өңірлердің тұрғындары не істей алады?
Олар тіркелген жері бойынша әкімдікке немесе ХҚКО-на хабарласып, ақпарат ала алады. Мақаланы толығымен
👉
осы жерден
оқуға болады.
https://t.me/tiimdiqazaqstan