
Үйленбей тұрып Үйрен.
Өмір некеден кейін басталмайды
Өмір ажырасумен аяқталмайтыны секілді, некемен де басталмайды. Некеге дейінгі өмір – сахна шымылдығы ашылғанша жарықтар өшірілетін “қараңғы кезең” емес. Бұл да қойылымның бір бөлігі. Бірақ көп адамның өмірінде бұл кезең – некені күтіп, босқа өткізілетін уақытқа айналып кеткен.
“Мынаны қашан істейсің?” деп сұрасаңыз, олар: “Үйленгенде” деп жауап береді.
Ислам тұрғысынан некенің орны қандай екенін бәріміз білеміз. Бірақ сенің өмірің — әлі кездестірмеген адаммен өлшенбейді. Сенің өміріңнің шынайы мәні мен ең ұлы мақсаты Құранда айқын жазылған:
قُلْ إِنَّ صَلَاتِى وَنُسُكِى وَمَحْيَاىَ وَمَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ
“
Айт: Менің намазым да, құрбандығым да, өмірім де, өлімім де — барлығы әлемдердің Раббысы Алла үшін.”
(Құран, 6:162)
Тағы бір жерде Алла Тағала былай дейді:
كُلُّ نَفْسٍ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِ وَإِنَّمَا تُوَفَّوْنَ أُجُورَكُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَـٰمَةِ فَمَن زُحْزِحَ عَنِ ٱلنَّارِ وَأُدْخِلَ ٱلْجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ وَمَا ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَآ إِلَّا مَتَـٰعُ ٱلْغُرُورِ
“
Әрбір жан өлімнің дәмін татады. Қиямет күні ғана сендерге амалдарыңның толық сыйы беріледі. Кімде-кім Тозақтан аман қалып, Жәннатқа кірсе, расында, ол – жетістікке жеткен жан. Ал бұл дүниенің өмірі — алдамшы қызық қана.”
(Құран, 3:185)
Сондықтан жалғызбын деп, осы өмір кезеңіңді елемей, мән бермей босқа өткізбе.
Жаңа хоббимен айналыс, ізгі достар тап, мамандығыңды дамыт, денсаулығыңды түзет, бойыңдағы күнәлар мен жаман әдеттермен күрес, болашақ бала-шағаң үшін пайдалы білім жина, мешітпен қайта табыс, үммет мәселелеріне уақыт пен мал-мүлікіңді арна.
Ересек адамша сөйлесуді, төсегіңді жинауды, бөлмеңді таза ұстауды үйрен.
Ең бастысы – осы кезеңді иманыңды күшейту мен Алламен жақсы қарымқатынас құру үшін пайдалан.
Себебі, егер өзіңді танымастан, өзгемен өмір сүргің келсе, сен некеге кірмей жатып-ақ, некеңнің сәтсіз болуына жол аштың деген сөз.
[
✍🏻
Ұстаз Али Хаммуда]
Если мужчина стремится «усовершенствовать» женщину… он рискует сломать её.
В Исламе женщина - это
аманат
, доверие, вручённое мужчине от Всевышнего. Она не проект, который нужно «переделать». Она - уже создана совершенной в своей природе.
Некоторые мужчины, полюбив женщину, начинают думать, что их задача - «улучшить» её. Сделать строже, спокойнее, хозяйственнее, молчаливее, скромнее. И так до полного подавления её естественности. Но Ислам не учит этому.
Пророк Мухаммад (мир ему и благословение) сказал:
«Женщина создана из ребра, и самое изогнутое в нём - его верхняя часть. Если ты попытаешься выпрямить её - сломаешь, а если оставишь - будешь наслаждаться её кривизной».
(аль-Бухари и Муслим)
Это - не упрёк, а напоминание: женщина — не для того, чтобы её ломали. А чтобы её
бережно направляли, мягко наставляли
, с уважением и добротой. Наставление в Исламе - это не давление и не крик. Это -
мудрость, терпение и искреннее желание добра
.
Аллах говорит в Коране:
«Призывай к пути Господа твоего с мудростью и добрым увещеванием…»
(Сура «Ан-Нахль», 16:125)
Мужчина, который любит по-Сунне, не унижает. Он не давит, не грубит, не пытается переделать. Он помогает расти, не ломая корней. Он охраняет, не ограничивая.
Истинная мужественность - не в том, чтобы формировать женщину под себя. А в том, чтобы
поддержать её в пути к Аллаху
, такой, какой Её создал Тот, Кто не ошибается
💬
Ер адам әйелімен бірге мейрамханаға барып, арафатын шешіп, онымен кабинаның сыртқы көрінісін жауып тастады.
❗️
Сонда әйелі никабын көтеріп, өзге еркектер оған қарамаған түрде, емін еркін әрі тыныш тамақ іше алады.
❗️
Бұл (мұсылман) ерлердің әйелдерін қалай құрметтейтінің және қорғайтынының тамаша көрсеткіші, қызғаныштың өте лайықты үлгісі және керемет көрінісі!
О Аллаһ, Сен - Өте Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені кешіре гөр!
🌘
Рамазан айының қалған бөлігінде құлшылығыңызды жаңарту үшін мына кеңестерді ұстануға болады:
1. Рамазанның қасиетін еске алып, ораза мен түнгі намаздың үлкен сауаптарын ойлаңыз.
2. Құлшылықты әртүрлі етіп жасаңыз: намаз, Алланы еске алу, Құран оқу және садақа беру сияқты.
3. Өз айналаңызды дұрыс жолмен жүрген адамдармен қоршаңыз, олар сізге Аллаға құлшылық етуде көмек береді.
4. Алладан көмек сұрап, оған құлшылық етуді жеңілдетуін тілеңіз.
5. Уақытыңызды тиімді ұйымдастырыңыз, себебі Рамазан айында әр сағат қымбат.
6. Рамазанның жақындап аяқталатынын ескеріп, қалған уақытты жақсы пайдалану керек.
7. Соңғы он күнді ерекше құлшылыспен өткізіңіз, өйткені олар Рамазанның ең сауапты күндері.
8. Құлшылыққа көңіл бөлу үшін бөгде нәрселерден аулақ болыңыз.
9. Барлық ісіңізде Аллаға жақындауды мақсат етіп, олардың сауаптарын ұмытпаңыз.
10. Мешіттер - Аллаға жақын жүретіндердің мекені, бос уақытта оларды жиі барып, құлшылық етіңіз.
🖋
Шейх Мухаммад ибн Галиб Умари
Сағаттап телефонмен отыратын әкеден салиқалы ұрпақ өсіре алмайды.
Бір күнде сериалдың бірнеше бөлімін көрген анадан салиқалы ұрпвқ өсіре алмайды.
Бауыржан Алиұлы (Аллаһ рақымына алсын)
ер адамның кім екенін білу үшін оның сөзіне емес, мақсаты мен сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекетіне қарау керек шығар бәлки…
Егер біреу қызыңа құда түсе келсе, ең бірінші сұрайтын сұрағың осы сұрақ болсын:
“Сен таң намазын қайда оқисың?”.
Бұл сұрақты жігіттің қандай мамандықта оқитынынан, қанша ақшасы барынан немесе жеке үйі бар-жоғынан бұрын қояды.
“Сен таң намазын қайда оқисың?” – деп сұрау арқылы, оның жамағатпен намаз оқитынын немесе оқымайтыны белгілі болады. Егер ол таң намазын мешітте оқыса, бұл жігіт үш-төрт маңызды сынақтан өткенмен тең.
“Мүмкін ол саған өтірік айтып, мен мешітте оқимын дер? Онда одан: ‘Қай мешітте оқисың?’ – деп сұра. Таң намазында оны мешіттен көріп, расында намаз оқитындығына көз жеткіз.”
Бұл әрекет дұрыс па? Иә, дұрыс. Неге? Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мешітке бару – иманның белгісіне жатқызған.
Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһулла)
“-баланы тәрбиелеу, оның анасын / әкесін таңдаудан басталады.”
Құран жаттаған немесе осы жолға шыққан жанға үйлену, тұрмысқа шығу - тек онымен бір үйді бөлісу деген сөз емес. Бұл мақсатты, миссияны және Жәннатқа апаратын жолды бөлісу деген сөз.
Өмірде бірге отырып, Құранды қайталаудан, Алланың сөздерін бір ауыздан жатқа оқудан және осы асыл байланысты сақтауда бір-біріңізге тірек болудан артық ештеңе жоқ. Ол Аллаһпен байланыстарыңызды нығайтады және сол арқылы бір-біріңізбен қарым-қатынастарыңызды да нығайтады. Сіздер бөлісетін сүйіспеншілік тақуаның негізіне құрылғандықтан тереңірек және мағыналы болады.
Алла тағала сіздерге перзенттерді нәсіп еткен сайын бұл Құран ошағы мен махаббат сол балалардың да болмысының бір бөлігіне айналады.
Бұдан кейін өмір алға жылжыған сайын, балаларыңыз ер жетіп, жұбайыңызбен бірге қалған кезде, әр таң сайын бір-біріңізбен Құранды қайталау үшін оянғаннан артық не бар? Аллаһ сіздерді Өзіне қайта шақырғанға дейін осы берекелі іс-әрекетті жалғастырудан артық не бар? Құранға негізделген неке - бұл дүниеден де тыс мәңгілікке жалғасатын байланыс.
автор: ұстаз Абу Бакр Зоид
аударған: aspire to inspire