
Olzhas Hanafin
📚
Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Бөтен елде жүрген адам өзін ешқашан толықтай сол жердің адамы ретінде сезінбейді. Оның жүрегі әрқашан өз отанын сағынып, бір бүйірі сол жаққа қарай тартып тұрады. (Әңгіме бөтен елге уақытша болу ниетімен барған адам жайлы айтылып жатыр) Дәл сол секілді мұсылман адам да бұл өмірде түбі кететінін біліп, оны мәңгі шынайы өмір күтіп тұрғанын сезіну керек.
Бұл дүниеге бола күнә жасап, біреуді ренжітіп, ренжудің қажеті жоқ. Біз бұл өмірден барынша ақыретімізге сауап әкелетін амалдарды жасауымыз керек. Абдулла ибн Омар айтқандай, кеш батса, таңды күтпейік, сауап жинауға, мақсатымызға жетуге әрбір уақытты пайдаланайық.
✍️
Олжас Ханафин ұстаз(рахимаһулла)
Olzhas Hanafin
pinned «
https://t.me/darister_toptamasi
🧕🏻
Нәзік жанға насихат
👳🏼♀️
Ер-жігітке насихат
💞
Үйреніп үйлен Олжас ұстаздың ТОП 3 видеодәрістері, пайда алыңыздар, таратыңыздар!
»
https://t.me/darister_toptamasi
🧕🏻
Нәзік жанға насихат
👳🏼♀️
Ер-жігітке насихат
💞
Үйреніп үйлен
Олжас ұстаздың ТОП 3 видеодәрістері, пайда алыңыздар, таратыңыздар!
Бүгін Олжекенің туған күні екені есімнен шығып кетіпті. Оны кеше қызым “мама, ертең әкетайдың туған күні ғой” деп еске салған…
Ал бүгін:
-бүгін әкетайдың туған күніне не істейміз?
-ештеңе, олай қайтыс болған адамның туған күнін тойламайды
-жоқ садақа бермейсіз ба сонда?
-аа иә беремін ғой
-бүгін көп жақсылық жасайықшы әкетайдың атына, тамақ жасап таратып па…
Қыз деген жанашыр деген осы ғой. Әкетайы екеуі бір-біріне өте жақын еді, қатты жақсы көретін. Әкетайының Мәриямға деген махаббаты ақталды деп қоямын.
Адам жақынын еш жауап күтпей шынайы жақсы көрсе, Алла ол адам бұл өмірден кетсе де дұғасымен, еске алуымен махаббатын жалғастырып қояды. Бірақ бір шарт: риясыз сүю керек…
Ойланып отырсам…
Олжас Ханифин
бауырымыздың қайтыс болғанына бір жыл болып қалыпты.
Кешегі ғана жүргендей еді…
Бірақ уақыт бәрін ұмыттырады екен.
Адамның жүрегі — ұмытуға бейім…
Ғибрат алатын сәт осы:
Бүгін «бауырым», «жаным», «сүйіктім», «балам» дегендер —
ертең сені де, мені де ұмытады…
Өмір ағысымен кете береді.
Сонда кім қалмақ?
Сенің елің емес, естелігің емес…
Саған серік — Алла разылығы үшін жасаған амалдарың ғана.
Сондықтан адамдардың есінде қалуға емес,
Алланың жанында болуға тырыс!
Барзақта көршің – дүние қуғандар емес,
Пайғамбарлар мен ізгілер болсын десең –
бүгінгі күніңді соған арна.
Жақсылық жасап үлгер.
Себебі бұл өмір — қоштасу үшін ғана берілген…
Ал артына ізгілік қалдырған адам —
ешқашан толық өліп кетпейді.
Мүмкін бойдақтың қараңғы түнде оқыған намазынан, сәбидің күлкісі Аллаға жағымдырақ.
✍️
Мустафа ас-Сибаи р.һ
❣️
Олжас ұстазымыздың(رحمه الله)
“Махаббат&бойдақтарға кеңес” атты видео дәрістері
(тегін, барынша таратсақ)
⤵️
https://t.me/boidaktargakenes
Олжас Ханафин ұстаздың(рахимаһулла)
💞
“Махаббат, бойдақтарға кеңес”
💞
атты видео дәрістерін сіздерге тегін ұсынамыз
❕
Барынша таратып жіберсек. Алла разы болсын
🤲
https://youtu.be/J0DkNAizvq8
يَقُولُ يَٰلَيْتَنِى قَدَّمْتُ لِحَيَاتِى
«Қап, әттеген-ай! Дүниеде жүргенде, осынау мәңгілік өмірім үшін дайындық жасасам етті!» – деп аһ ұрады.
«Фәжр» сүресі, 24 аят.
Осы сөзді ақыретте айтпас үшін, қазірден бастап азық жина.
✍️
Олжас Ханафин ұстаз (رحمه الله)
الله أكبر الله أكبر الله أكبر لا إله إلا الله والله أكبر الله أكبر و لله الحمد
“Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар. Ләә иләәһә илләллаһу уәллааһу акбар. Аллаһу Акбар уә лилләһиль хамд”
Арафа күнінен таң намазынан бастап әр 5 уақыт парыз намаздың сәлемінен кейін жоғарыдағы сөзді ер мен әйелдерге бір рет айту міндет. Ұмытып кетсе қазасы өтелмейді. Алайда намаздан тыс уақытта да көп айтқаны жақсы. Алланы ұлықтайтын күндерде Алланы ұлықтауға асығайық.
P/S: Тәкпір ташриқ - намаздан кейін айтылу керек болған тәкпір құрбан айттың 4-ші күннің екінті намазына дейін жалғасады.
✍️
Олжас Ханафин ұстаз(рахимаһулла)