Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Olzhas Hanafin

Olzhas_Khanafin
📚 Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Подписчики
11 400
24 часа
30 дней
Просмотры
2 284
ER
21,16%
Посты (30д)
10
Символов в посте
329
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
April 18, 17:57

Бір ұстазым айтқан еді: “Самолет секілді болыңдар. Ол аспанда ұшқанда дауысы бізге бер жақтан естіліп, самолет болса аспанда ұшып бара жатады. Сендердің де амалдарың сондай болсын, адамдар ол жайлы біле бастаған кезде, сендер басқа іске кірісіп кеткен болыңдар”.
✍🏻
Олжас ұстаз(рахимаһулла)

April 17, 10:11

الأدبُ يسترُ قليلَ العلم، والعلمُ لا يستر قليلَ الأدب. وفقدُهما عَراء، وجمعُهما ثراء.
Әдеп(көркем мінез) білімнің аздығын жасырады. Ал ілім болса әдепсіздікті жасыра алмайды. Екеуін де жоғалту жалаңаштық. Ал екеуіне де ие болу байлық.
Шейх Махмуд Дахла حفظه الله

April 12, 16:49
Файлы недоступны
6
Открыть в Telegram

Қазақ тілде алғаш “Сынақ” тақырыбында жазылған кітап жарық көрді
😍
📚
Бұл кітапты тек өзіме оқуға алған болатынмын. Алайда көптеген пайда, хәліме жеңілдік тапқан соң сіздерге де ұсынуды жөн көріп отырмын.
💡
Бұл кітапта:
-сынақтың сырлары, -түрлері(қарыз, ауру, жалғыздық, отбасы сынағы т.б)
-сынақ не үшін келеді
-қандай дұға айтамыз
-сынақтың пайдасы,-
тақырыптары қозғалған.
✍🏻
автор: Ержан Бақытжанов ұстаз.

Кітап діни сараптамадан өткен
💰
4990тг
📍
Шымкент қаласы
📦
басқа қалаға почтамен жіберу бар
📲
8747 681 9163(ватсап)

April 10, 08:08

Құранды мән беріп оқысаңыз, Алла Тағаланың бізді ақыретпен қаншалықты байланыстырып жатқанын байқайсыздар. Себебі ақыретте қайта тірілетінін және есепке тартылатынын шынайы сезінген адам өзіне, өзгелерге зұлымдық жасауы мүмкін емес.
Өзіне зұлымдық жасау-Аллаға күнә жасаумен болса, өзгелерге зұлымдық жасау- адамның хақысына кіру арқылы болады.
🔖
Ханафин Олжас рахимаһулла

April 10, 07:46

Кейбір ағымдар ұқсап фиқһты түбегейлі жоққа шығарып, әрбір нәрсеге дәлел сұрай беру дұрыс болмағандай, дәл солай “тек фиқһты ғана айту керек” деген пікір жақсы емес.
Құран мен сүннет халықтың жүрегінде ерекше орын алуы керегі сөзсіз. Құран мен сүннетке махаббаты жоқ адам діннен безіп кетуі әбден мүмкін.
🔖
Олжас Ханафин (рахимаһулла)

April 10, 07:21

Дінді қаттылықпен жеткізуден ешқандай пайда жоқ. Шейх Мухаммад Аууаманың حفظه الله “шәкірт тек ұстаздан сабақ алуымен шектелуі дұрыс емес, бәлки тәрбиесін де алуы қажет. Тәрбиесін алуы үшін ұстаздың қасында жүруі керек” деген сөзінің қаншалықты актуалды екеніне көзім жетті.
🔖
Олжас Ханафин(рохимаһулла)

April 07, 11:01

Білімді кісілердің алдында отырып, дәрісіне қатысып қалыңыздар. Асылы адамдар арнайы қыдыру мақсатында Алматы секілді қалаларға барады. Ал сіз тек қыдыру емес, бәлки Алматыдағы (қәзір Шымкентте) Ерсін ұстаз секілді ұстаздардың мәжілісіне қатысу үшін барыңыз. Ұстаздардың қадірін тірі кезінде білейік.
🔖
Олжас ұстаз р.һ

April 07, 10:50

Кісінің бойынан құлшыныстың кетуі- Алланың тауфиғы(көмегі) жоқтығының белгісі
🪶
Олжас Ханафин ұстаз рахимаһулла

April 07, 10:48

Бұл өмірде пайдалы ілім үйрену бір бақыт болса, оған амал ету негізгі бақыт.
Тозақтың үстімен өзгелерді өткізіп, өзі тозаққа түсетін көпір болудан Алла сақтасын.
🪶
Олжас Ханафин ұстаз (Алла рақым етсін)

March 31, 04:52

الرجاء ما قارنه عمل و إلا فهو أمنية
Ибн Атоилла ас-Сакандари айтады: “Алланың рахымын мен кешірімін үміт ету амалмен болады. Амал жоқ болса ол жәй ғана бос арман.” Құдай өзі кешірер деп намаз оқымау, күнә жасау үлкен қателіктердің бірі. Көпшілігіміз Алла кешіреді деген үмітпен амал етпей жүре береміз. Хасан әл-Басри айтады: “Алла кешіреді деп алданған қаншама адамдар бар. Олар қайтыс болғанда қап-қап күнәмен дүниеден өтеді. Егер имандарында шынайы болғанда, оларда қап-қап күнә емес, сауап болар еді.”
Алла баршамызды кешірсін. Әмин
🤲
🪶
Олжас Ханафин ұстаз рахимаһулла