
Әмсилә أمثلة
Каналдан сарф(морфология) пәніне қатысты сабақтар таба аласыздар.
📝
Каналды жүргізетін:
– University of Jordan, Шариғат факультеті, бакалавр (2014–2017).
– WISE, Ханафи фиқһ факультеті, бакалавр (2017–2020).
Шейх Әлидің шәкірті
Әкімші:
@Doszhanyerkinuly
Әрекетке – берекет
Топпен сабақ алып жатырған студенттеріміздің үй жұмыстары.
3
1⃣
Кері қайтару, тоқтату — رَدَّ
Түбірі
: ر د د
Мағынасы
: қайтару, кері бұр, жолын кесу; бір күйге қайта түсіру.
Құранда
:
«فَرَدَدْنَاهُ إِلَى أُمِّهِ» — «Оны анасымен қайта қауыштырдық.» (Қасас, 13)
«وَلَوْ رُدُّوا لَعَادُوا لِمَا نُهُوا عَنْهُ» — «Егер қайтарылса да, өздеріне тыйым салынған нәрсеге қайта оралар еді.» (Әнғам, 28)
Кең түсіндірме:
«Радда» (رَدَّ) – бір нәрсені артқа бұру, «тоқтату» немесе алдыңғы қалпына қайтару. Құранда әрі нақты (біреуді орнына қайтару), әрі ауыспалы (ақиқатқа қайтару, үкімді Аллаға қайтару) мағыналарында келеді: «…فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ» (Ниса, 59).
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Жүрістің/әсердің бағытын кері қайтару, яғни «тоқтатып, бастапқы орнына салу».
Құран Кәрімнен кері қайтаруға сенбеген жәйттерше істелген, әрі кері қайтуы қиын, соған қарамастан қайтару. Сол секілді мұсылман адамның діннен шығуы өте қиын, өйткені бұл шынайы дін, сондықтан оған ридда «ردة» - деп айтылады.
3
2⃣
Ризық беру, қамтамасыз ету — رَزَقَ
Түбірі
: ر ز ق
Мағынасы
: ризықтандыру, күнкөріс беру; (кең) ғылым, игілік, нығмет беру.
Құранда
:
«وَاللَّهُ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ» — «Алла қалағанын есебісіз ризықтандырады.» (Бақара, 212)
«وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ» — «Оларға бергенімізден (Алла жолында) жұмсайды.» (Бақара, 3)
Кең түсіндірме
:
«Разақа» (رَزَقَ) – тек «тамақ/мал-мүлік» қана емес, барлық пайдалы сый/мүмкіндік. Құранда дүнияуи және рухани қамту ретінде, соның ішінде ілім мен жетекшілікті де «ризық» деп сипаттайды.
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Тіршілікті үзіліссіз қамтамасыз етету — «
қажетін уақытылы жеткізу
».
3
3⃣
Жорамалдау, дәлелсіз айту — زَعَمَ
Түбірі
: ز ع م
Мағынасы
: (көбіне) дәлелсіз айту, жорамалдау, бекер сендіру; кейде — «кепілдік беру» (жанама мағына).
Құранда
:
«زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنْ لَنْ يُبْعَثُوا» — «Кәпірлер қайта тірілмейміз деп жорамалдады.» (Тәғабун, 7)
Кең түсіндірме
:
Құранда «зағама» көбіне айғақсыз талап/мәлімдеме үшін қолданылады; яғни сөзі бар, дәлелі жоқ. Кей контексте «зә’им» — «кепіл болушы» мағынасын да береді (Юсуф, 72).
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Ішінде барын толық ашпай, сығымдалған/жасырын нәрсені білдіру → сыртта сөз, ішінде айғақ жоқ.
Бір нәрсеге көз тігіп, міне осы орындалады деген сәтті керсінше болуы.
3
4⃣
Жойылу, орнынан жылжу — زَالَ
Түбірі
: ز و ل
Мағынасы
: қозғалып кету, орнынан ауытқу/жылжу, жойылу.
Құранда
:
«إِنَّ اللَّهَ يُمْسِكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ أَنْ تَزُولَا» — «Аспандар мен жердің жойылып кетпеуі үшін Алла оларды ұстап тұр.» (Фатыр, 41)
Кең түсіндірме
:
«Зала» (زَالَ) — біртіндеп, елеусіз қозғалу (мыс., күннің «зәуәл» уақыты — орнынан еппен ауытқуы). Құранда көбіне құрылымның бұзылуы/жойылуы қаупін білдіреді.
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Тұрақты нүктеден босап, сырғу/ауытқу — орнықтылықтан айырылу.
3
5⃣
Сәжде ету, мойынсұну — سَجَدَ
Түбірі
: س ج د
Мағынасы
: еңкею, сәжде қылу; (кең) бағынышу, кішіпейілділік таныту.
Құранда
:
«فَاسْجُدُوا لِلَّهِ وَاعْبُدُوا» — «Аллаға сәжде қылыңдар әрі Оған құлшылық етіңдер.» (Нәжм, 62)
(Сондай-ақ: «وَاسْجُدْ وَاقْتَرِبْ» — «Сәжде қыл да жақында!» (Ғалақ, 19))
Кең түсіндірме
:
«Сәжада» (سجد) — денемен еңкею арқылы жүректің бағынуын білдіру. Құранда адамдардың таңдауымен жасалатын сәжде және бүкіл жаратылыстың мәжбүрлі бағынуы қатар айтылады (Рағд, 15).
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Жоғары тұрғанды төмен түсіру/еңкейту → дене қимылымен көрінген рухани мойынсұну.
Тағзым етудің денемен істеуге болатын ең көркем шыңы, өйткені ұлы болған басыңды еңкейтіп жерге қоясың, ал егер оған жүрек қосылса (хушуғ) ең толық түрде тағзым болмақ, сондықтан да сәжде етте жақында - деген.
Шынайы түрде өзіңнің дәрменсіз екеніңді көрсету, әрі мойындау.
Құран Кәрімнен алынған 500 етістік
Наху ілімін бастаушыларға сүйінші!
Ең алғашқы баспалдақ — «الآجرومية» кітабына жазылған «әт-Таудих» дәрістері тегін болады!
Ілім іздеушілер пайдалы болсын деп, таратып бөлісіп жіберіңіздер.
https://youtu.be/RPiWYVh3Kus?si=EuVrJkzk2jx-en_z
Шейх Әлидің ілім жолындағы еңбегі
Арабтарда бір мақал бар: «مزمار الحي لا يطرب» – «Өз ауылындағы сыбызғышы әсер етпейді» деген мағына береді. Шейх Әли де осыны жиі айтып отырады: ғалымды көбіне өз жерлестері бағаламайды. Расында, адам өмірден өткен соң ғана жұрт «пәленше шейх رحمه الله ұстазымыз еді» деп еске алады, ал тірісінде оның бір сабағына да қатыспай кеткендер аз емес.
Алайда шейх Әлидің іліміне шынайы құштар шәкірттер дүниенің түкпір-түкпірінен келіп, одан сабақ алуда. Мысалы, Батыс елдерінен келген шәкірттер барлық істерін тастап, арнайы Иорданияға 3–4 жылға келіп білім алады. Қазіргі таңда тіпті АҚШ-тан келген бір дәрігер жігіт шейх Әлидің нұсқауымен жүйелі түрде дәрістер тыңдап жүр. Қысқа уақыт ішінде YouTube арнасындағы сабақтарды рет-ретімен оқып, қазіргі жоғары деңгейдегі дәрістерге қатысу деңгейіне жеткен.
Бүгінде шейх Әли араб тілі мен Тәпсір саласында ең жоғары деңгейде дәріс беріп жүр.
Оқытылатын негізгі кітаптар
Наху ілімінде – «әд-Дурр әл-Масун» (الدر المصون), авторы ас-Самин әл-Халаби;
Бәлаға ілімінде – «әл-Мұхтасар» (المختصر شرح تلخيص المفتاح), авторы Сағдуддин әт-Тәфтазани.
Оқыту әдісі
Шейх Құран Кәрімнің бәлағасына айрықша мән береді. Әр аятты түсіндірген кезде оған қатысты тақырыпты «Мұхтасар әл-Мағани» кітабымен байланыстырып отырады. Осы тәсілдің арқасында Бақара сүресін аяқтағанша бүкіл кітап та қамтылады. Сабақ барысында шейх көптеген қосымша мәліметтер келтіріп, шәкірттің ілімін тереңдетеді.
Тәпсір саласы
Тәпсір ілімінде шейх Әли «Тәпсір ән-Насафи» (النسفي) кітабы бойынша дәріс береді. Фатиха сүресінен Сәжде сүресіне дейінгі сабақтарда әр аятқа шамамен бір сағаттан уақыт бөлінеді. Әр дәрістің алдында шейх 10–14 сағат бойы дайындалып, тақырыпты жан-жақты зерттеп, 100-ден аса тәпсір кітабын ақтарады.
Сәжде сүресінен Нас сүресіне дейінгі сабақтардың барлығы шейхтың YouTube арнасында ашық түрде жарияланған.
Қазіргі таңда толық 30 параның дауыстық жазбалары да қолжетімді.
Сабақтарға қатысу мүмкіндігі
Шейх Әлидің дәрістеріне Zoom (
https://ar.seekersguidance.org/
) платформасы арқылы тікелей қатысуға мүмкіндік бар.
Сабақтар әр апта сайын сенбі, жексенбі және сейсенбі күндері,
Иордания уақытымен 21:00–23:00 аралығында өткізіледі.
Қорытынды
Шейх Әлидің сабақтарын жүйелі түрде тыңдау – Тәпсір іліміне қызығушылар үшін таптырмас мүмкіндік. Оның арнасында тәпсіршіге қажет барлық негізгі ғылымдар қамтылған, әрі бұл еңбек әлі де толықтырылып келеді.
Шейх Әли – 30 жылдан астам уақыт бойы ілім жолында табанды еңбек етіп келе жатқан ұстаз. Оның ілім жүйесі – араб тілі мен Тәпсірді терең меңгергісі келген әрбір шәкірт үшін баға жетпес қазына.
Көп шәкірт:
— Ұстаз, нахву ғылымынан тегін дәріс шығарасыз ба? — деп жиі сұрайды.
Шынында, мен бұрыннан тегін сабақтар шығаруды ниет еткенмін. Бірақ бір сөз есіме түседі — Әли Һәни (хафизаһулла) айтатын:
“Батыс елдері тегін дүниенің қадірін білмейді. Бір нәрсені қымбат етсең ғана бағалайды.”
Қарап тұрсам, біз де соған ұқсап барамыз. Тегін нәрсе ұсынсаң — қадірі болмайды, ал ақылы етсең — «білімді сатып жатыр» деп шыға келеді.
Соған қарамастан, егер шын сұраныс болса, “Таудых” кітабынан дәрістерді арнада бөлісіп отыруды ойлап жүрмін.
Дәрістерді шығарайын ба?
араб тіліндегі жиынтық (жинақтық) есімдердің — яғни аздық көпше түрлерінің уәзіндері (үлгілері) көрсетілген.
Олар 10-нан аз нысандарды (заттарды) білдіретін көпше түрлер, яғни жам‘ қилла (جَمْعُ قِلَّة) деп аталады.
Бұл өлең жолында
«әлфияда» (Ибн Маликтің «Әлфиясында»)
оннан аз мөлшерді білдіретін сөздердің көпше түрінің төрт өлшемі (уәзіні) өлең түрінде берілген. Олар:
أَفْعِلَةٌ, أَفْعُلُ, فِعْلَةٌ, және أَفْعَالٌ.
Осы төрт уәзін араб тілінде «жам‘ қилла» — аздық көпше түрі деп аталады.
«الأمثلة جمع مثال وهو مصدر من المثال بمعنى المفعول ههنا...»
«Әл-амсила» — «мисал» сөзінің көпше түрі, ал «мисал» өзі «мысал келтіру» мағынасындағы масдар. Мұнда ол «мефъуль» (істің объектісі) мағынасында қолданылады.
Яғни, бұл сөйлем араб грамматикасында «الأمثلة» сөзінің түбірі мен грамматикалық қызметін түсіндіреді: ол «мисаль» (мысал) сөзінен шыққан, ал бұл жерде «мысал келтірілген нәрсе» деген мағынада (етістіктің әсеріне ұшыраған нысан ретінде) пайдаланылады.
Себебі бұл жерде «мысал» (المثال) болу үшін «فعل – يفعل – فعلاً – فهو فاعل – وذاك مفعول» үлгісін келтіру қажет еді.
Алайда кітапта бірден осы өлшемге (уәзінге) түсетін мысалдар келтірілген: «نصر – ينصر – نصراً – فهو ناصر – وذاك منصور».
Сосын: «أمثلة» — жәм‘у қилла (جمع قلة), яғни аздықты білдіретін көпше түр.
Араб тілінде 10 нан аз мөлшерді білдіру үшін осындай көпше түрдің уәзіні (үлгісі) қолданылады.
Неліктен ол бұлай деді?
2
6⃣
Көрсету, жол сілтеу — دَلَّ
Түбірі
: د ل ل
Мағынасы: нұсқау беру, белгі көрсету, жол сілтеу, бір нәрсеге дәлел болу.
Құранда
:
«مَا دَلَّهُمْ عَلَى مَوْتِهِ إِلَّا دَابَّةُ الْأَرْضِ»
«Оларға оның өлімін тек жердің жәндігі ғана білдірді.»
(Сәба, 14)
Кең түсіндірме
:
«Далла» (دَلَّ) – бастапқыда «жол көрсету», «бір нәрсеге апаратын белгіні көрсету» деген мағынада.
Құранда көбінесе біреуге бағыт көрсету, айғақ болу, немесе бір нәрсенің белгісінен оны тану мағынасында келеді.
Мысалы, адамның қозғалысы оның тірі екенін «دل على حياته» – «тірі екеніне дәлел болды» дейді.
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Бір нәрсенің ізімен не белгісімен басқа нәрсеге апару – яғни «белгі арқылы тану».
2
7⃣
Еске алу, айту — ذَكَرَ
Түбірі
: ذ ك ر
Мағынасы: еске алу, ауызға алу, ұмытпау, дәріптеу.
Құранда
:
«فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ»
«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын.»
(Бақара, 152)
Кең түсіндірме
:
«Закара» (ذَكَرَ) – есте сақтау мен айту мағынасын қамтиды.
Бұл түбірден «ذِكْر» (есте сақтау, Құранның атауы), «تَذْكِير» (еске салу), «ذِكْرَى» (еске алу) сөздері тарайды.
Құранда «есте сақтау», «Құдайды еске алу» және «Құран» мағынасында кең қолданылады.
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Бір нәрсенің есте сақталып, ұмытылмай ауызға алынуы – яғни «есте және тілде тұрақтау».
2
8⃣
Дәмін тату, сезіну — ذَاقَ
Түбірі
: ذ و ق
Мағынасы: дәмін сезу, сынау, бастан кешу.
Құранда
:
«لِيَذُوقُوا الْعَذَابَ»
«Азаптың дәмін татсын.»
(Ниса, 56)
Кең түсіндірме
:
«Зақа» (ذَاقَ) – заттың дәмін сезу арқылы оның табиғатын тану.
Құранда «азаптың дәмін тату» немесе «рақымның дәмін тату» деген сияқты ауыспалы мағынада жиі қолданылады.
Яғни физикалық түйсік рухани/психологиялық тәжірибеге ауысады.
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Ішкі сезім арқылы танып-білу – «тәжірибе арқылы тану».
2
9⃣
Өсу, көбею, биіктеу — رَبَا
Түбірі
: ر ب و
Мағынасы: көбею, өсіп-өну, биіктеу, арту.
Құранда
:
«فَإِذَا أَنْزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاءَ اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ»
«Біз жаңбыр жаудырғанда, жер дірілдеп, бөртіп көтеріледі.»
(Хаж, 5)
Кең түсіндірме
:
«Раба» (رَبَا) – табиғи өсу, бөрту, ұлғаю.
Осыдан «رِبَا» (өсім, артық ақы) және «رَبْوَة» (төбе) сөздері шыққан.
Құранда «жердің көтерілуі», «мал мен байлықтың көбеюі» немесе «өсімқорлық» мәндерінде кездеседі.
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Көтерілу мен ұлғаю – яғни ішкі қуат арқылы сыртқа өсу.
3
0⃣
Тас ату, ғайбаттау, жорамал айту — رَجَمَ
Түбірі
: ر ج م
Мағынасы: таспен ату; (ауысп.) ғайбаттау, айыптау, болжам айту.
Құранда
:
«لَتَكُونَنَّ مِنَ الْمَرْجُومِينَ»
«Сен таспен атылғандардың бірі боласың!»
(Шуара, 116)
Кең түсіндірме
:
«Ражама» (رَجَمَ) – бастапқыда «тас лақтыру» деген нақты әрекет.
Кейін мағынасы кеңейіп, «сөзбен атқылау» (жала жабу), «болжап айту» (رجماً بالغيب – «жорамалдау») сияқты мағыналар алған.
Құранда физикалық (таспен жазалау) және рухани (жорамал айту) мағыналар қатар кездеседі.
Түбірдің түпкі мағынасы
:
Ауыр нәрсені лақтыру – яғни «қатты соққы беру, не сөзбен, не тастай».
Құран Кәрімнен алынған 500 етістік