
Әмсилә أمثلة
📱
«
Al Mughni Quran Verbs App
» — Құран етістіктерін үйренуге арналған қосымша
Бұл файл — Құран Кәрімде кездесетін етістіктердің сарфын (морфологиясын) үйренуге арналған арнайы
дербес веб-бағдарлама (HTML App)
.
🔹
Басты артықшылықтары:
351 негізгі етістік:
Құрандағы етістіктердің барлық түрлеріне қатысты мысалдар мен олардың түрлену кестелері топтастырылған.
Толықтай офлайн:
Файлды бір рет жүктеп алсаңыз болғаны, интернетсіз-ақ кез келген уақытта жұмыс істейді.
Барлық құрылғыға ыңғайлы:
Телефоннан, планшеттен немесе компьютерден браузер арқылы (Chrome, Safari т.б.) оңай ашылады. Ешқандай қосымша орнатуды қажет етпейді.
Іздеу және сарф кестесі:
Қажетті етістікті жылдам табуға, өткен/осы шақтарын және бабтарын қарап, жаттауға өте қолайлы.
💡
Бұл 351 етістікті жаттап, меңгеріп алсаңыз — Құран Кәрім аяттарын оқығанда етістіктерді бірден танып, мағынасын түсіну әлдеқайда жеңілдейді.
📥
Қалай қолданады?
1. Файлды құрылғыңызға жүктеп алыңыз.
2. Үстінен басып, кез келген браузермен ашыңыз.
Бұл жинақта
Құран Кәрімде кездесетін етістіктердің әр түріне мысалдар берілген. Осы 351 етістікті жаттап алсаңыз, Құрандағы етістіктерді танып, мағынасын түсіну әлдеқайда жеңілдейді.
Бұл — Құран Кәрімді түсіну жолындағы алғашқы қадамдардың бірі.