Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Ilim talab etuşi

hanafiit

Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!
https://t.me/sheix_Shannar

Subscribers
972
Post views
83
ER
8,62%
Posts
1 444
October 28, 07:02

📍
Мән берілетін маңызды мәселе:
Егер имам жамағатпен бірге парыз намазын оқып жатқан кезінде,
намаздың ішінде бір сәждені артық жасап қойса
немесе
соңғы отырыста “әт-Тахият” оқу мөлшеріндей отырғаннан кейін ұмытып бесінші рәкағатқа тұрып кетсе
, мұндай жағдайда жамағат имамға
еріп кетпейді
, бәлки
күтуі керек.
Бұл сәтте жамағат
«СубханАллаһ»
деп имамға оның қателескенін білдіреді.
Егер имам
бесінші рәкағаттың сәждесіне бармай тұрып
өз қатесін түсініп,
кері қайтса
, онда
сәлем беріп намазды аяқтайды
, бірақ
уәжіпті кешіктіргені үшін сәһу сәждесін
орындауы қажет.
Ал егер имам
бесінші рәкағаттың сәждесіне барып қойса
, жамағат
имамға ермей
, өздері
сәлем беріп намаздан шығады.
Имам болса, бесінші рәкағатқа тағы бір рәкағат қосып,
алты рәкағат
етіп бітіреді. Мұнда
төрт рәкағаты — парыз
, ал
екі рәкағаты — нәпіл
болып есептеледі.
Осылайша,
жамағаттың да, имамның да намаздары дұрыс
болады.
Алайда жамағат
имамның бесінші рәкағаттың сәждесіне бармағанына дейін
күте тұруы қажет, себебі имамның
қателіктен қайту ықтималдығы бар.
Бұл үкім —
соңғы отырыста “әт-Тахият” мөлшеріндей отырған имамға қатысты.
📚
Хашия Тахтауи

October 27, 09:07
Media unavailable
2
Show in Telegram

📍
Маңызды мәселе:
1-мәселе:
Егер намаз оқушы бірінші саптан бос орын көрсе — мысалы, бірінші қатардағы адамның дәреті бұзылып, ол намаздан шығып кетсе — ал ол орынды ешкім толтырмаса, сонда сен жаңа келіп тұрған болсаң,
екінші саптан асып
, адамдарға
зиян тигізбей
, сол
бос қалған орынды толтырғаның дұрыс
.
2-мәселе:
Намазға келген адам, егер алдыңғы саптар толып, жалғыз өзі артқы қатарда қалса,
екі адам болып қатар тұру үшін
біреудің келуін күткен абзал.
Алайда, егер күтем дегенше
сол рәкағаттан айырылып қалу қаупі болса
, онда ол
алдыңғы саптан бір адамды жеңіл түртіп шақырады
(яғни зиян тигізбейтіндей етіп). Сонда екеуі бірге тұрып намазға кіріседі. Ал алдыңғы саптағы бос орынды сол саптағы басқа адамдар
жылжып толтырады
.
Бірақ,
Хашия Тахтауиде
келгендей, біздің заманымызда
жеке өзі тұрып намаз оқи бергені абзал
, себебі көп адамдар бұл үкімді білмегендіктен, түрткен адамды түсінбей
намазын бұзып қоюы мүмкін
.
📚
Хашия Тахтауи

October 26, 16:24

🌿
Өмірді көркейтетін үш қасиет
:
Адамның көркі — киімінде емес, мінезінде.
Әдеп — иманның айнасы.
Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Адамдардың ең жақсылары — мінезі ең көркем болғандар.»
(Бухари)
Сондықтан өміріңіздің сәні болсын үш әдемі әдет:
1️⃣
Рахмет айту.
Жақсылыққа ризашылық білдірген жанның жүрегі кең болады.
Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Адамдарға рақмет айтпаған — Аллаға шүкір етпеген.»
(Әбу Дәуд)
2️⃣
Кешірім сұрау.
Кешірім сұрау — кішіпейілдіктің белгісі.
Кешірім — ренішті өшіріп, мейірімді көбейтеді.
Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Кім кешірсе, Алла оның дәрежесін көтереді.»
(Муслим)
3️⃣
Рұқсат сұрау.
Бұл — сыйластық пен тәрбиенің белгісі.
Кішіпейіл адам рұқсат сұраудан ұялмайды, себебі ол өзгенің хақысын құрметтейді.
Егер осы үш қасиетті өміріңе сіңірсең,
жаның тыныш, жүрегің таза, ал адамдар арасындағы қарым-қатынасың жылы болады.

Өйткені бұл үш қасиет —
нағыз мұсылманның әдебі мен иманының айғағы.

October 25, 10:28
Media unavailable
1
Show in Telegram

📍
Намаздың әдептерінен:
Намаз кезінде адам есінеген сәтте, оны барынша тоқтатуға тырысқаны абзал.
Өйткені намаз – Алла Тағалаға толық көңілмен құлшылық ету уақыты.
Егер есінегенін ауызымен тоқтата алмаса, онда қолымен немесе жеңімен ауызын жабуына болады.
Ал егер адам есінегенін ауызымен тоқтата алатын болса, бірақ соған қарамастан қолымен немесе жеңімен жапса – бұл
мәкруһ
(құпталмаған іс) болып саналады.
📌
Есінеген кезде шайтанның әсерінен сақтану үшін адам оны барынша тежеуге тырысқаны жөн.
Хашия Тахтауи
📚

October 23, 09:23
Media unavailable
1
Show in Telegram

📍
Ескерілетін маңызды мәселе:
Хиджама (қан алу) жасалғаннан кейін, қалған орынды
ылғалды әрі таза болған үш бөлек мата немесе шүберекпен сүрту
— тазалық үшін жеткілікті саналады.
Себебі, мұндай сүрту
жуудың орнына жүреді
және шариғат бойынша ол жер таза болып есептеледі.
📚
Хашия Тахтауи

October 21, 07:53
Media unavailable
1
Show in Telegram

📍
Ескерілетін мәселе:
Намаз оқушы адам — мейлі жеке өзі оқысын, мейлі жамағатпен бірге оқысын —
Ханафи мәзһабының үкіміне сай
, бірінші рәкағатты аяқтаған соң
екінші рәкағатқа тұрған кезде отырмай
,
бірден тұрып кетеді.
Бұл — Пайғамбарымыз ﷺ сүннетіне сай амал болып есептеледі.
Өйткені намаздың әрбір қимылы — тәртіппен, асықпай, бірақ орынсыз кідіріссіз орындалуы керек.
Егер
жерге сүйеніп тұруға келсек
, адамның
денесінде жарақат, әлсіздік, ауру
немесе басқа да
үзірлі себеп
болса, ондай жағдайда
сүйеніп тұруға рұқсат етіледі.
Алайда ешқандай себепсіз, тек әдетпен немесе жалқаулықпен
сүйеніп тұру

мәкруһ (ұнамсыз)
амал саналады.
Мұндай әрекет намаздың сауабын кемітеді әрі сүннетке сай болмайды.
🔸
Қорытынды:
Намазда әрбір қимылды мүмкіндігінше сүннетке сай орындау — құлшылықтың әдемілігі мен кемелдігіне себеп болады.
📚
Хашия Тахтауи

October 20, 14:45
Media unavailable
1
Show in Telegram

📍
Ескерілетін мәселе:
Көпшілік қауым түгілі, ілім иелерінің өзі мән бермей жүрген бір сүннет бар.
Бұл — жеке намаз оқушының екі жаққа сәлем берген сәтінде, оң мен сол жағындағы періштелерге сәлем ниетімен бұрылуы.
Бұл амал — сүннет болып есептеледі.
Сондықтан жеке намаз оқитын әрбір мұсылман осы сүннетке ерекше көңіл бөліп, оны орындауға тырысуы керек.
📚
Мәроқи Фәләх

October 18, 10:25
Media unavailable
1
Show in Telegram

📍
Ескерілетін мәселе:
Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ есімі аталған кезде оған салауат айту —
мұстахап
, яғни Алла Тағаланың сүйікті амалы болып саналады. Бұл — мүмін адамның Пайғамбарға деген сүйіспеншілігін, құрметін және үмметтік адалдығын білдіретін ізгі амал.
Салауат айту арқылы пенде үлкен сауапқа кенеледі, күнәлары кешіріледі және Алланың рақметі мен берекесіне бөленеді. Сол себепті, Пайғамбарымыз ﷺ есімі айтылған сайын салауат айтып әдеттену — мұсылман үшін көркем мінездің бір белгісі.
📚
Хашия Тахтауи

October 17, 17:39
Media unavailable
1
Show in Telegram

📍
Жиі қойылатын сұрақтардан:
Жамағаттың көптігінен сәжде жасауға орын тапшы болған жағдайда,намаз оқушы кісі
алдыңғы саптағы адамның арқасына сәжде жасауына
кейбір шарттармен
рұқсат етіледі
:
1️⃣
Екеуі
бір намазды бірге өтеп жатқан
болуы тиіс;
2️⃣
Алдыңғы адам
басқа біреудің арқасына сәжде жасап тұрмауы
керек.
Бұл жағдай – намаздың дұрыстығына зиян келтірмейді, әрі
қажеттілік себепті
рұқсат етілген амал болып саналады.
📚
Хашия Тахтауи

October 16, 09:45
Media unavailable
1
Show in Telegram

📍
Ескерілетін жағдай:
Үтір уәжіп намазының үшінші рәкағатында жалпы дұға оқу —
уәжіп
.
Ал көпшілікке мәлім
құнут дұғасын
оқу —
сүннет
болып есептеледі.
Өзіңіз білетін кез келген дұғаны оқуға болады.
Мысалы:
«Роббәнә әтинә фиддунья хасана…»
📚
Хашия Тахтауи