
Нұрлыбек Кеңес
📍
Мән берілетін маңызды мәселе:
Имамға
лұқма беру
— яғни имам намаз ішінде қырағат кезінде қателесіп не ұмытып қалғанда, артындағы жамағат сол аятты айтып имамның есіне түсіреді.
Бірақ көпшілік қауым мән бермейтін бір жайт бар:
Жамағат имамға лұқма берген кезде
Құран оқу ниетімен емес
, тек
еске салу мақсатымен
айтуы керек. Себебі, имамға ұюшы адамға намаз ішінде Құран оқуға тыйым салынған.
Сондай-ақ, имам қателескен сәтте
бірден лұқма беру — мәкруһ
, яғни шариғатта
ұнамсыз, дұрыс емес амал
болып саналады. Өйткені, имамның өзі қателігін есіне түсіріп, түзетуі немесе рукуғке баруы мүмкін. Ал имам қателескенде сол аятты оқып тұрып, ұзақ тұрып қалу да мәкруһ, егер ол парыз көлеміндей қырағат оқып қойса, онда басқа сүреге өтуі немесе рукуғке баруы тиіс.
📚
Хашия Тахтауи
📌
Мұсылмандардың пікірлері мен көзқарастары әртүрлі болуы мүмкін. Алайда бұл айырмашылықтар олардың жүректерінің бірлігін бұзбауы керек. Өйткені мұсылмандарды біріктіретін ең ұлы байланыс — Аллаға деген махаббат пен иман бауырластығы.
Пікірлеріміз әртүрлі болғанымен, жүректеріміз бір болсын. Бір-бірімізге деген құрметіміз бен бауырластығымыз жеке көзқарастарымыздан биік тұрсын. Себебі жүректерді біріктіретін нәрсе — ортақ пікір ғана емес, ең алдымен Аллаға деген шынайы махаббат.
📖
«Расында, мүміндер — бір-біріне бауыр». (Хужурат сүресі, 10-аят)
📌
Хайыз және нифастағы әйелдің мәселесі:
Хайыз немесе нифас жағдайындағы әйелдің пісірген тамағы, иленген қамыры, ішкен суы және қолданған басқа да заттары мәкруһ саналмайды. Олардың барлығы таза үкімінде болады.
Сондай-ақ, ер адамның әйелі хайыз кезінде оның төсегінен бөлініп, бөлек төсекке немесе бөлек бөлмеге жатуы дұрыс емес. Өйткені мұндай әрекет яһудилердің іс-әрекетіне ұқсау болып табылады.
📚
«әл-Хазр уәл-Ибаха»
Имам Нәхләуи رحمه الله.
📍
Жиі қойылатын сұрақтардан:
Егер адам төрт рәкағаттық парыз намаздың үшінші немесе төртінші рәкағатында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре (зәмм сүре) оқып қойса — бұл намазды бұзбайды, сәһу сәжде де жасалмайды, және мәкруһ те емес…
📚
Дәлел ретінде “الدر المختار” мен “رد المحتار” (Ибн Абидин) кітаптарында былай делінген:
“ولو قرأ في الثالثة أو الرابعة سورة لا يسجد للسهو، ولا كراهة.”
(Егер адам үшінші не төртінші рәкағатта сүре оқып қойса — сәһу сәжде жасалмайды және мұндайда мәкруһ жоқ.)
📌
Хайыз мәселесінде маңызды үкім:
Егер әйел адам таза күйінде ұйықтап, оянған кезде хайыз көрсе — онда хайыздың басталуы оянған сәтінен бастап есептеледі.
Сол секілді, егер әйел адам хайыз күйінде ұйықтап, оянғанда таза екенін көрсе — ихтият (сақтық) ретінде оның тазалығы ұйықтаған сәтінен бастап есептеледі.
Осы негізге сәйкес:
Мысалы, бесін намазы уақыты кірген кезде әйел таза болып, кейін ұйықтап қалады. Бесін уақыты шығып кеткеннен кейін оянғанда хайыз болып шықса — оған бесін намазының қазасын өтеу міндет болады. Себебі оның хайыз уақыты оянған сәтінен басталды деп үкім беріледі.
Сол сияқты, егер бесін намазы уақыты кіргенде әйел хайыз болып ұйықтап қалып, оянғанда таза екенін көрсе — бұл жағдайда жоғарыда айтылғандай ихтиятты ұстана отырып, тазалығы ұйықтаған сәтінен басталды деп есептеледі. Сондықтан да намаз қазасын өтеу міндет болады.
📚
Хашия ибн Абидин
📌
Тырнақ алу әдебі
Тырнақты жұма күні алу — мұстахаб амал, яғни сауапты іс.
Ал егер тырнақты өте ұзақ уақыт алмай, жұмадан жұмаға дейін немесе одан да көп уақытқа себепсіз кешіктірсе, бұл мәкруһ (ұнамсыз) амалға жатады.
Сондай-ақ алынған тырнақ пен денеден алынған түктерді дәретханаға, жуынатын орынға немесе лас жерге тастау да ұнамсыз саналады. Оларды жерге көміп тастаған абзал. Егер көму мүмкін болмаса, басқа жерге тастауға болады. Дегенмен, ең жақсысы — көміп қою.
Ескерту:
Кейбір кітаптарда оларды лас жерге тастаудың ауруға себеп болуы мүмкін екені айтылған, бірақ бұл діни тұрғыдан нақты дәлелденген үкім емес.
📚
әл-Хазру уәл-Ибаха
Имам Нәхлауи رحمه الله
(بتصرف)
📌
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ, құрметті оқырмандар!
📚
Алла қаласа, бұдан былай парақшамызда фиқһи үкімдерге қатысты жазбаларды жүйелі түрде жариялап отырамын.
📍
Ең алдымен, дәрет, хайыз, ғұсыл секілді тазалыққа қатысты мәселелерден бастап, одан әрі рет-ретімен намазға қатысты тақырыптарды қамтып, әрбір мәселені түсінікті әрі жүйелі түрде баяндауға ниеттімін.
☑️
Мақсатымыз — дініміздің үкімдерін дұрыс үйреніп, күнделікті өмірімізде амал етуге қажетті білімді бірге меңгеру.
Сіздерден өтінішім — парақшамызға қолдау білдіріп, жазбаларды оқып, пайдалы деп тапсаңыздар, өзгелермен де бөлісіп отырыңыздар.
🤲
Алла Тағала бұл істі берекелі етіп, баршамызға пайдалы білім нәсіп етсін әрі үйренген білімімізге амал етуді жазсын!
والله الموفق والمستعان
Ең әуелі өзіңе көңіл бөл. Себебі бос ыдыс басқаға құя алмайды.
©️
Әдһам Шарқауи
Шайтан үшін мүміннің мұңаюынан артық сүйікті нәрсе жоқ.
Ибн Қайим (Алла оны рақымына алсын)
«Уайымдама! Шүбәсіз, Алла бізбен бірге!»
📖
«Тәубе» сүресі, 40-аят.
Уақыттың қадірін білгің келсе, оны бос нәрсемен өткізіп алған адамнан сұра!
Мұхаммед Ғазали (Алла рахым етсін)