
Нұрлыбек Кеңес
Қабірге дейінгі ризығың Алланың қолында. Еш уайымдама. Қабірден кейінгі болашақ, ол – өз қолыңда. Алла саған тапсырған.
📌
Сапарда сүннет намаздарды оқу мәселесі:
Таңдаулы көзқарас бойынша, сапардағы адам асығыс болмай, өзін қауіпсіз әрі жайлы жағдайда сезінсе, сүннет намаздарды оқиды,сүннет намаздары қысқартылмайды, олар толық күйінде оқылады.
📚
«әл-Лубәб фи Шарх әл-Китәб».
📍
Сапардағы намаз мәселесі:
Сапарда жүрген адамның төрт рәкағаттық парыз намаздарды қысқартып (екі рәкағат етіп) оқу – негізгі үкім.
1. Ұмытып төрт рәкағат оқыса:
Егер адам сапарда жүріп, мысалы, бесін намазының парызын ұмытып төрт рәкағат етіп толық оқып қойса, бірақ екінші рәкағатта «әт-тахият» мөлшеріндей отырып үлгерсе – оның намазы дұрыс болады.
Себебі сапардағы адам үшін екінші рәкағатта отыру – парыз, әрі бұл жерде ол парыз орындалды.
Егер намаз барысында немесе соңында есіне түссе,
сәлемді кешіктіргені үшін сәһу сәждесін жасайды.
2. Әдейі төрт рәкағат оқыса:
Ал егер біле тұра төрт рәкағат етіп оқыса, намазы дұрыс болғанымен, уәжіпті тәрік еткені үшін бұл іс – құпталмайтын, харамға жақын амал болып есептеледі.
Мұндағы тәрік етілген уәжіп –
екінші рәкағаттан кейін сәлем беру.
Сондай-ақ, әдейі тәрік етілген уәжіп үшін
сәһу сәжде жасалмайды.
📌
Екі жағдайда да:
Соңғы екі рәкағат нәпіл намаз ретінде есептеледі.
📚
«Хашия Тахтауи»
Жақынынан айырылғанның бәрі өкінеді. Бірақ сен сол өкінішті жақыныңнан айырылған соң емес, ол жаныңда жүргенде бағалауды үйренген жандардан бол!
📍
Намазда уәжіптерді әдейі тәрк ету мәселесі:
Намаз барысында уәжіп амалдарды әдейі тәрк ету күнәға себеп болады. Мұндай жағдайда:
• Егер намаз уақыты әлі шықпаған болса, намазды қайта оқу — уәжіп.
• Қайта оқылған намаз алғашқы намаздағы кемшілікті толықтырады.
• Ал парыз міндеті бірінші оқылған намазбен-ақ мойыннан түседі.
Егер адам уәжіпті әдейі тәрк етіп, намазын қайта оқымаса:
• Намазы жарамды болады.
• Алайда тәхриман мәкруһ болып есептеледі. Яғни, харамға жақын дәрежеде тыйым салынған амал саналады.
Уәжіпті әдейі тәрк еткен жағдайда сәһу сәждесі жасалмайды. Өйткені әдейі істеу ұмытудан күштірек. Ал күштірек нәрсе әлсіздеу нәрсені түзететін амалмен түзелмейді.
Мағынасы: намаздағы уәжіпті әдейі тәрк ету ұмытып тәрк етуден ауыр. Сондықтан әдейі тәрк етуден туындаған кемшілік сәһу сәждесі арқылы түзетілмейді.
📚
Хашия Тахтауи
📍
Әйел адам хайыз кезінде де Раббысының разылығына жеткізетін амалдардан құр қалмайды…
Әйел адам хайыз кезінде намаз оқымайды. Алайда бұл уақытта да сауапты амалдардан құр қалмайды. Фиқһ кітаптарында айтылғандай, әйелге хайыз уақытында
әр намаз уақыты кіргенде дәрет алып
, намаз оқитын орнына немесе жайнамазына отырып
зікір, тәкбір, тәсбих айтуы – мұстахап (сауапты амал)
болып саналады.
Яғни ол уақытта:
• Алланы зікір ету
• Тәсбих, тахмид, тәкбір айту
• Дұға жасау
сияқты амалдармен айналысуы құпталады.
Кейбір риуаяттарда: егер әйел осылай әр намаз уақытында отырып зікір етсе,
оған ең жақсы оқыған намазының сауабындай сауап жазылады
деп келген.
📚
«Бахр ар-Роиқ»
فليبلغ الشاهد منكم الغائب
(Куә болғандар көрмегендерге жеткізсін)
📍
Мән берілетін маңызды мәселе:
Имамға
лұқма беру
— яғни имам намаз ішінде қырағат кезінде қателесіп не ұмытып қалғанда, артындағы жамағат сол аятты айтып имамның есіне түсіреді.
Бірақ көпшілік қауым мән бермейтін бір жайт бар:
Жамағат имамға лұқма берген кезде
Құран оқу ниетімен емес
, тек
еске салу мақсатымен
айтуы керек. Себебі, имамға ұюшы адамға намаз ішінде Құран оқуға тыйым салынған.
Сондай-ақ, имам қателескен сәтте
бірден лұқма беру — мәкруһ
, яғни шариғатта
ұнамсыз, дұрыс емес амал
болып саналады. Өйткені, имамның өзі қателігін есіне түсіріп, түзетуі немесе рукуғке баруы мүмкін. Ал имам қателескенде сол аятты оқып тұрып, ұзақ тұрып қалу да мәкруһ, егер ол парыз көлеміндей қырағат оқып қойса, онда басқа сүреге өтуі немесе рукуғке баруы тиіс.
📚
Хашия Тахтауи
📌
Мұсылмандардың пікірлері мен көзқарастары әртүрлі болуы мүмкін. Алайда бұл айырмашылықтар олардың жүректерінің бірлігін бұзбауы керек. Өйткені мұсылмандарды біріктіретін ең ұлы байланыс — Аллаға деген махаббат пен иман бауырластығы.
Пікірлеріміз әртүрлі болғанымен, жүректеріміз бір болсын. Бір-бірімізге деген құрметіміз бен бауырластығымыз жеке көзқарастарымыздан биік тұрсын. Себебі жүректерді біріктіретін нәрсе — ортақ пікір ғана емес, ең алдымен Аллаға деген шынайы махаббат.
📖
«Расында, мүміндер — бір-біріне бауыр». (Хужурат сүресі, 10-аят)
📌
Хайыз және нифастағы әйелдің мәселесі:
Хайыз немесе нифас жағдайындағы әйелдің пісірген тамағы, иленген қамыры, ішкен суы және қолданған басқа да заттары мәкруһ саналмайды. Олардың барлығы таза үкімінде болады.
Сондай-ақ, ер адамның әйелі хайыз кезінде оның төсегінен бөлініп, бөлек төсекке немесе бөлек бөлмеге жатуы дұрыс емес. Өйткені мұндай әрекет яһудилердің іс-әрекетіне ұқсау болып табылады.
📚
«әл-Хазр уәл-Ибаха»
Имам Нәхләуи رحمه الله.
📍
Жиі қойылатын сұрақтардан:
Егер адам төрт рәкағаттық парыз намаздың үшінші немесе төртінші рәкағатында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре (зәмм сүре) оқып қойса — бұл намазды бұзбайды, сәһу сәжде де жасалмайды, және мәкруһ те емес…
📚
Дәлел ретінде “الدر المختار” мен “رد المحتار” (Ибн Абидин) кітаптарында былай делінген:
“ولو قرأ في الثالثة أو الرابعة سورة لا يسجد للسهو، ولا كراهة.”
(Егер адам үшінші не төртінші рәкағатта сүре оқып қойса — сәһу сәжде жасалмайды және мұндайда мәкруһ жоқ.)