
Дайындықсыз үйленбе
📍
Отбасылық өмірге дайындық.
📖
Бойдақтардың үйленбестен алдын дайындық жасайтын алаңы.
📝
Каналды Ақан Мергембай ұстаз жүргізбейді. Оның шәкірті жүргізеді.
📚
Ұранымыз: «Дайындықсыз үйленбе»
«
Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол»
Видео Ақарыс бауырымыздың парақшасынан алынды
Ақыреттің бар екеніне иман етіп, нағыз өмір өлген соң басталатынына сенген жүрегің
нағыз махаббатың некеден кейін екеніне сене алмады ма?
#бір_бауырымыздың_жазбасынан
Тұрмысқа шықпай тұрып осы курсты оқу өте маңызды дер едім. Тұрмыстағы әйел кісілер үшін де ең құнды білім.
Ассалаумағалейкум! Керемет жаңалық!
Ақан ұстаздың «Дана әйел» қыз-келіншектерге арналған трансформациялық семинар-тренингіне “
Дайындықсыз үйленбе” арнасының оқырмандары үшін 10% жеңілдік жасауда
😍
Ол үшін “дайындықсыз үйленбе” арнасынан келдім деп жазуыңыз жеткілікті болмақ
🙌🏽
Курс Алматы қаласында(офлайн) өтеді, 4 күндік:
2-қазан (бейсенбі) сағат 9:00-17:00
3-қазан (жұма) сағат 9:00-18:00
4-қазан (сенбі) сағат 9:00-17:00
5-қазан (жексенбі) сағат 9:00-17:00
*Көтерілетін мәселелер:*
-Әйел мен ердің арасындағы қарым-қатынас
-Әйелдің даналығы
-Ердің психологиясы
-Тиімді қарым-қатынас
-Берік отбасы, романтика қалып тасқан жағдайды әйел тарапынан қалай қол жеткізуге болады
-Ер адамға не керек
-Уайым, жүрек тыныштығы
✅
Қызықты әрі пайдалы болады
✅
Сабақтар Ақан Мергембайдың қазақ отбасылардың консультациялардың нәтижесінен шыққан
✅
Анық жұмыс істейтін(практикалық) кейс инструменттер беріледі
❇️
Трансформациялық курс
❇️
32 сағаттық білім
❇️
Блокнот, қаламдар
❇️
8 кофе-брейк
❇️
4 түскі ас
Тіркелу үшін:
https://wa.me/77004101212
Неке - Аллаға жақындататын нәрсе.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды үйленбей жүруден тыйған. Себебі үйлену
нәпсіні тыяды, адамның абыройын сақтайды.
Үйлену тақуалыққа кедергі емес. Керісінше тақуалықты арттырады.
Әрине адамның өзіне де байланысты.
Ілім талап етуші, талмай оқитын адам үйленгеннен кейін одан сайын Аллаға жақындап, көбірек оқиды. Себебі неке қиған адамның ойы тынышталады, назарын бір іске шоғырландыра алады, жүрегінде тыныштық болады.
Шейх Әдһам(хафизаһулла)
үйленгенге дейін 3 сағаттай ілім алатын болса, үйленгеннен кейін 13сағаттай ілім алған екен.
(с)
Ахмедов Ербол
ұстаздың дәрісінен
Сіздер де дәріске қатыса аласыздар. Дәріс ақылы. Ішінде фиқһтан, ақидадан, тәпсірден,сирадан, нәпсі тәрбиесінен де сабақтар бар. Қатысамын деушілерге:
wa.me/77786363949
https://youtu.be/duKG5NV5oW4?si=9k2Q7X_IyLjC0lgc
Салауатты (Пайғамбарға салауат айтуды) қандай ниетпен айтсаң, Алла сол ниетіңе қарай қабыл етеді. Мысалы, біреу үйленуді қаласа, сол ниетпен салауат айтса, ин ша Алла, оған үйлену нәсіп болады.
Шейх Әдһам әл-Асмим(хафихаһулла)
Ол сенің адамың ба жоқ па түсінікті болу үшін неше рет зина жасау керек?
Әлде әңгімесіне қарап түсінбеген нәрсені әуретіне қарап түсінесің бе?
(с)
Әбілқайыр Мәдиұлы
ұстаз
Жігіт айттырғысы келген қызды көрудің шариғатта өзіндік талаптары мен шарттары бар. Олар төмендегідей:
•Үйлену ниетінде болуы тиіс.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде:
«Кімде-кім бір қызды айттырғысы келсе, оған (мұқият) қарауына рұқсат, егер шынымен де айттыру мақсатында болса. Қыздың (оны көргендігін) білуі шарт емес» -
дей отырып, қызды тек айттыру мақсатымен көре алатындығын айтуда.
•Қыздың жүзіне, білезікке дейін қолына қарауына рұқсат.
Себебі, арада неке болмағандықтан, қыздың қалған жерлері шариғат бойынша жабық болуы шарт
.
•Қол ұстасу, құшақтасу сияқты тыйым салынған (неке қиылмайынша) әрекеттерге бармауы керек.
•Оңаша қалатын жерде кездеспеуі тиіс. Кездескенде қыз жалғыз емес, қасында
туысының бірі
болуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Ер кісі өзіне бөтен әйелмен оңаша қалмасын. Сөзсіз, үшіншісі шайтан болады. Бірақ (қыздың) туысын серік қылса, ол басқа» -
деген.
•Өз таңдауына толығымен сенімді болуы үшін бірнеше рет көруіне рұқсат.
•Сондай-ақ, айттырғысы келген қызды сырттай бақылауға да рұқсат.
Жоғарыда келген хадисте Алланың Елшісі:
«…Қыздың (оны көргендігін) білуі шарт емес» -
дей отырып, айттырғысы келген қызды сыртынан бақылауға болатынын айтып отыр.
Кей кездерде қызды әуелі сырттай көрудің де пайдалы жағы жоқ емес. Өйткені, жігіт ұнатпаған жағдайда, қыздың көңіліне қаяу түспеуіне септігін тигізеді.
Қазіргі таңда жоғарыдағы талаптарға көбіне назар аудармағандықтан, арты сүйкімсіз әрекетке алып кеп жатқанын күнделікті өмірде көріп жүрміз.
(с)
Абдусамат Қасым
ұстаз