
Дайындықсыз үйленбе
Ассалаумағалейкум, бауырлар!
Егер некеге ниетті жан іздеп жүрсеңіз, біз мұсылмандарға арналған
тегін
танысу ботын іске қостық.
Сурет пен ақпаратты тек өзіңіз ұсыныс жіберген немесе өзіңіз мақұлдаған адамдар ғана көре алады.
Ботта қауіпсіздік қарастырылған: суреттерге скриншот жасау мүмкін емес.
Ботта сіз анкеталарды қарап, ұнаған адамға сұраныс жіберіп, суретін көруге өтініш жасай аласыз.Аллаһ берекесін берсін.Қазіргі уақытта біздің көмегімізбен 40-қа жуық адам өз жұбын тапты.
Ниеттеріңізді дұрыстап, шариғи шеңберден шықпай ботты қолдансаңыздар екен. Әрі өзіңізге сәйкес келетін жартыларыңызды табуға үлкен мүмкіндік.
Бот сілтемесі:
@safa_nikahbot
Канал:
https://t.me/safabotchannel
ЖІГІТ ТАҢДАРДАҒЫ ҚАТЕ ТҮСІНІК…
Біраз қыздардың ойында болашақ күйеулері туралы мынадай ойлар бар: Оның білімі көп болса, ғалым, ұстаз болса, қари болса… немесе біреулер атақты адамдарды ұнатады, жұлдыздардың әйелі болғысы келеді. Ұстаздың әйелі болудың ар жағында ол маған білмегенімді үйретеді, мен оған үйретіп кетпейінші деймін ғой енді. Ал жұлдыздың әйелі болу деген - оны бүкіл ел мойындап тұр, онда ол шынымен күшті адам. Ол жәйдан жәй бұл атаққа келмеді. Еңбекқор… деп ойлаймын ғой.
Біз адамды АДАМ ЖӘНЕ МАМАН деп қарастырамыз. Енді қараңыз ол ғалым, әнші, актер дейік. Ол қызметке, атаққа оңай жетпеді иә. Келісемін. Көптеп еңбек етті сол жолда. Ол жақсы МАМАН. Бірақ, оның жақсы маман екені, оның жақсы АДАМ екенінен хабар бермейді. Әлеуметтік желіде неше түрлі жұлдыздардың әйелдеріне жасап жүргендері соған дәлел. Және ол адам ұстаз болса да… әрине барлық ұстазға топырақ шашпаймыз. Бірақ, кей ұстаздар, иә олар өз саласын мықты меңгерген, неше мыңдаған шәкірттері бар болуы мүмкін. Неше түрлі кітаптар бітірген болуы мүмкін. Дүнияуи, шариғи болсын. Бірақ, ол оның амалында бар екенін білдірмейді. Ондай күйеуіңіз болса, сол сала бойынша иә сізден көбірек білуі мүмкін және сұрағыңызға жауап бере алуы мүмкін. Бірақ, қарым-қатынаста ол адамнан биік тұлғаны, қамқор күйеуді көре алмауыңыз мүмкін. Шариғи оқу орнын 4 жыл оқыған бір жігіт оқу бітіргенде “мәә 4 жыл тақуаның рөлін ойнап шаршап кеттік қой” - дегені бар еді… Ол біраз Құран жаттаған жігіт негізі…
Айтқым келгені, біз жігіт таңдарда көбіне жігіттің адамдығына емес, мамандығына қарап алданады екенбіз ғой. Ал отбасылық өмірде негізі ұстаз, атақты адам емес, маған қорған болатын, тыңдай алатын КҮЙЕУ керек. Мысалы, таңдау берсе сізге: 1) Керемет миллиондап табатын маман, бірақ адамдық мінезі нашар, 2) Мамандығы - қойшы, бірақ көркем мінезді адам. Қайсысын таңдар едіңіз? Мен қарындасымды интернеті жоқ ауылда тұрамыз десе де, 2-ші нұсқадағы жігітке берер едім.
Дәл сол секілді қыздар да өзін осы маман ретінде қатты дамытып жатыр ғой. Даму деген тақырыпта көбіне көп біз осы мамандық жағына мән беріп жүрміз ғой өкінішке қарай. Мен неше түрлі курстан курс қалдырмай оқып жүрмін (смм, мобилография, тіл, жи, модель, оратор т.б.) иә, мен сол мамандықты меңгердім. Бірақ адамдыққа келгенде ит мінезім бар, қырсықтығым бар. Оны жөндеуге, қарым-қатынасты оқуға мән бермейміз ғой. Нәпсіге ауыр болған соң “мен өзгеруге міндетті емеспін, қалай бар солай қабылдау керек” деп өзімізді ақтап аламыз әйтеуір. Біз сол тек сыртқы қабілеттерді күшейтіп жатырмыз болды. Сосын “Мен болашақ балаларыма ұстаз боламын” - деп неше түрлі турос кітаптар бітіріп жүрмін ғой. Құдай-ау балама ұстаз емес, мейірімін төгіп тұратын АНА керек. Ұстаз керек болса, ертең не көп, ұстаз көп, соған барып-ақ үйреніп алады қалағанын. Даму, даму деп жүрміз. Бала тәрбиесінде әр жасында қандай қатынас құру керегін зерттеңіз, күйеуімді құрметті сезіндірудің жолын оқыңыз, келіндік өмірге керек қабілеттерді үйреніңіз. Міне даму. Ертең барған жерім менен Ньютонның заңдылығын, смм прогревін, қалай видео түсіру керегін, Китабусситтаны (хадис жинақтары), нуқояны сұрамайды. Қалай көркем қатынас құрамын? Осы маңыздысы.
Мен “ойбай оқымаңдар, тастаңдар бәрін”- деп жатқан жоқпын. Бұл мамандыққа қатысты кітаптар, білімдер - қосымша нәрсе. Ал негізгі нәрсе, ол - адамдығымыз, қарым-қатынастағы адамдығымыз. Егер бақытты өмір қаласақ, осыған мән беру керек, осыған жоспар құрып табанды түрде жұмыс істеуіміз керек. Сізге ешкім міне ала ғой деп адамдығын сыйлай салмайды…
1 наурыз - Алғыс айту күні. Баршаңызға осы каналдың оқырманы болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
https://t.me/AnonAskBot
админге дұға-тілектеріңіз, сұрақ, сын, пікірлеріңіз болса мархабат.
https://openyoutu.be/hvSCVIWjXyI?si=ksaSgFke14lpGDTi
Арнасы бар кісілер бөлісіп жіберсеңіздер
Рамазан айында рухани жағынан білім алғысы келетін қыздардың назарына
Қыздарға ғана арналған “тұрмыс құруға дайындық” атты курс Рамазан айына орай жеңілдікпен 1000 тг.
Курс телеграмда жабық арнада өтеді. Доступ мәңгі. Кез келген уақытта тыңдай бересіз. Курста тұрмысқа психологиялық жағынан дайындықтан бастап, діни жағынан да, медициналық жағынан да дайындық жасайсыздар. Пайдалы кітаптар тізімі беріледі, ер адамның психологиясы, өз қалауыңызды анықтау, қорқыныштарыңызбен жұмыс жасау, ризық мәселесі жайлы дұрыс түсініктер қалыптастырасыз. Қандай анализ тапсыру қажет, қандай витаминдерді ішу керек бәрі осы курста айтылған. Ең бастысы өзіңіздің ішкі қалауыңызды анықтап, болашақ жарыңызды қандай болуы керектігін анықтайсыз. Ата-ене мәселесі, оларға қызмет, үй шаруасы тб пайдалы кеңестер айтылады.
Реквизит: 8 707 569 90 16 каспи | халық банк
https://t.me/+0FAh5wYVWiJkMGUy
(төлем жасаған соң, топқа өтінім тастаңыз)
Құндылықтарымызды құндақтайық!
Құндылықтарымызды құндақталған бөпе құсап ұстамасақ қазір,
құндылығыңның бәріне қол сұғып жатыр.
Бәрін жұлмалап жатыр.
Құндылығымызды құндақтап, салтымызды саралап, дәстүрімізді дәріптейтін уақыттамыз қазір. Тамырымыздан ажырамайық!
(с) Мадияр Серікбаев ағамыз
ж
ұма подкаст
Келіп жеткен қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты болсын. Алла баршамыздың жасаған құлшылықтарымызды, дұға-тілектерімізді қабыл етсін. Әмин.